Пікірді қалыптастыру керек: Әкімшілік құқығы пәнін оқу барысында білімгер келесі пәндерді оқу тиіс: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, қаржы құқығы, қылмыстық құқық, кеден құқығы, салық құқығы, мемлекеттік қызмет және басқару, экологиялық құқық.
Білім беру нәтижесі:
Білімі мен түсінігін көрсете алуы: құқықтық тұрғыда дамуы; әлемдік деңгейдегі құндылықтарды білу және оларға сүйене білу, жан жақты болып қалыптасу үшін тиімді әдістерді пайдалану.
Білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана алуы: ойлау қабілетін пайдалана білу, қабылдай алу, ақпаратты талдай білуі, зейінді арттыру, жақсы қабылдай алу, берілген материалдарды ғылыми жетілдіре түсіріп жеткізу, мақсатыңа жету.
Ой қорытындысын қалыптастыру: кәсіби тұрғыда дамыту, жасаған тұжырымдамаларын нақты және мәнді етіп түйіндеу, болашақта сәйкестіре алатындай ақпараттар ұсыну.
Коммуникативті қабілеттіктері: өз ортасында жақсы қарым қатынаста болу.
Білім дағдысы: үй тапсырмасы, ғылыми жұмыстар. Дағдыға сүйене отырып пайда болатын әр түрлі теориялық мәселелерді студенттер өз беттерінше шеше білу және ғылыми жобаларға өз еріктерімен білімдерін шыңдау қажет.
Қорытындылау нысандары: емтихан
5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
Міндеттері - заңның теориялық негіздерін меңгерту, кәсіби маңызды тұлғалық қаситеттерін дамыту, кәсіби қарым-қатынас жасай білу біліктіліктерін жетілдіру.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
1 тақырып. Әкімшілік құқықтың және құқықбұзушылық пәні мен әдістері.
Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды жіктеудегі жаңаша көзқарастар.
Әкімшілік құқықтың әдісі. Құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық нормалар құрылымының ерекшеліктері. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың нормаларды қолданудың түсінігі.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және жүйесі. Әкімшілік құқықтың нормаларын жүйелендіру, жүйелендірудің мәселелері.
Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгертілуінің және тоқтатылуының негіздері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Көлденең және тігінен жүретін әкімшілік құқықтық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың жүйесі. Жүйе түсінігі. Әкімшілік құқықтың жалпы бөліміне қатысты нормалары мен институттары. Ерекше бөлімнің түсінігі.
Достарыңызбен бөлісу: |