ГЛОССАРИЙ Әкімшілік құқық - мемлекетті басқару саласында, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы.
Әкімшілік құқықтың пәні-мемлекеттік басқару аясындағы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
Әкімшілік құқықтың әдісі - жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді.
Диспозитивтік әдіс- ықпал ету субъектілерін, өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал беру тәсілі
Әкімшілік құқықтың жүйесі - өзара байланысты әкімшілік - құқықтық институттар мен номалар жиынтығы.
Көтермелеу әдісі- мінез – құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез – құлықты ынталандыратын ынпал ету тәсілі.
Ұсыныс жасау әдісі - басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң түрғысынан мінез – құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
Императивтік әдісі - құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету тәсілі
Әкімшілік - атқарушы - өкілді мемлекеттіік органдар жүйесі.
Нормативтік құқықтық акт - құқық шығарушы құзіретті субьектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтық нормалары қаралған заңды акт.
Әкімшілік шарт – нормативтік мазмұны бар әкімшілік құқықтық нормалары қаралған құқық шығарушы субьектілердің арасындағы екі нем есе көпжақты келісім.
Әкімшілік прецедент – нақты заңды іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
Әкімшілік құқықтың қайнар көзі- бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрнісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтық доктрина- әкімшілік –құқықтық мәселелер жөніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде жаңа әкімшілік – құқықтық нормалар жасалады және нақты істер бойынша шешімдер қабылданады
Құқықтық әдет - ғұрып - тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.