Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,63 Mb.
#811
1   2   3   4   5

D) Стереометрия.


E) Тарих.
46. Көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын көркемдік амал-тәсілдер:

A) Дәлелдеу.

B) Портрет.

C) Сюжеттік байланыс.

D) Диалог.

E) Монолог.


47. Композицияның сюжеттен тыс элементтері:

A) Экспозиция.

B) Кульминация.

C) Бұрма экспозиция.

D) Эпилог.

E) Шешім.


48. Арман банкіге менеджер болып орналасты." - деген сөйлемдегі неологизм:

A) Арман.

B) Банк.

C) Менеджер.

D) Болып.

E) Орналасты.


49. Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің

Жазылы, алтын қол кескен Алдаспаным өзіңсің! - деген өлең шумағында қай сөз архаизмге жатады:

A) Арабы.

B) Торы.


C) Алтын.

D) Алдаспан.

E) Қол.
50. Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекет пен мақсат мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі:

A) Тақырып.

B) Сюжет.

C) Композиция.

D) Тартыс.

E) Деталь.


51. Адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы сияқты, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі:

A) Сюжеттің дамуы.

B) Сюжеттік байланыс.

C) Сюжеттің басталуы.

D) Сюжеттің шарықтау шегі.

E) Сюжеттің шешімі.


52. Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтін ғылым саласы:

A) Әдебиет сыны.

B) Әдебиет тарихы.

C) Әдебиет теориясы.

D) Әдебиет халықтығы.

E) Әдебиет таптығы.


53. Сюжеттің даму сатылары:

A) Кейіптеу, астарлау, айшықтау.

B) Мезгеу, градация, экспозиция.

C) Мамыту, экспозиция, кейіптеу.

D) Экспозиция, байланыс, шарықтау шегі.

E) Шешімі, айшықтау, дамыту.


54. Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың…:

A) Экспозициясы.

B) Байланысы.

C) Композициясы.

D) Шарықтау шегі.

E) Шешімі.


55. Троптың түрлері:

A) Эпитет, теңеу, айшықтау.

B) Метафора, метонимия, кейіптеу.

C) Метафора, айшықтау, эпитет.

D) Эпитет, сарказм, теңеу.

E) Ирония, айшықтау, метафора.


56. Қайыңдар күмістің сом бақанындай,

Жиі терек әскердің қатарындай

Бұтақтар жапырағы сылдырлаған

Өзбектің батсайы шапанындай,- деген өлең шумағында көркемдеу құралдың қайсысы қолданылған:

A) Теңеу.

B) Эпитет.

C) Айқындау.

D) Метафора.

E) Синекдоха.
57. М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" шығармасының жанры:

A) Очерк.

B) Драма.

C) Трагедия.

D) Әңгіме.

E) Роман.


58. Ж. Аймауытовтың "Шернияз" шығармасының жанрлық сипаты:

A) Драма.

B) Лирика.

C) Эпос.


D) Публицистика.

E) Баллада.


59. "Қазақтың бас ақыны" деген мақала жазып, Абай Құнанбаев шығармашылығы туралы пікір айтқан ғалым:

A) А.Байтұрсынов.

B) С.Сейфуллин.

C) М.Дулатов.

D) М.Жұмабаев.

E) Ж.Аймауытов


60.Ғ.Тоғжанов. жазған драмалық шығарманы тап:

A) Ұлан асу.

B) Абылай хан.

C) Сылаң қыз.

D) Қарагөз.

E) Ақан сері – Ақтоқты.


61. "Әзім әңгімесі" кімнің поэмасы:

A) А. Құнанбаевтікі.

B) М. Жұмабаевтікі.

C) А. Байтұрсыновтікі.

D) Ш. Құдайбергеновтікі.

E) Ж. Жабаевтікі.


62. "Қазақ хрестоматиясының" авторы кім:

A) Ш.Уәлиханов.

B) А.Құнанбаев.

C) Ы.Алтынсарин.

D) А.Байтұрсынов.

E) Ә.Бөкейханов.


63. "Құралай сұлу" кімнің поэмасы:

A) Ә.Тәжібаев.

B) И.Байзақов.

C) О.Шипин.

D) Х.Ерғалиев.

E) Н.Бекежанов.


64. Көркем шығармада табиғат бейнесінің әр алуан қырынан сипатталуы:

A) Портрет.

B) Мінез.

C) Пейзаж.

D) Силлабус.

E) Деталь.


65. "Абай жолы" романындағы Құнанбай пішіндемесі портреттің қай түріне жатады:

A) Топтама портрет.

B) Сатиралық портрет.

C) Психологиялық портрет.

D) Юморлық портрет.

E) Романтикалық портрет.


66. Тура өмірдің өз аясында, көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне:

A) Лирикалық образ.

B) Драмалық образ.

C) Эпикалық образ.

D) Фантастикалық образ.

E) Геройлық образ.


67. Ойдан шығарылмай шындық оқиға да, адам бейнесі де тікелей өмірдің өзінен алынатын жанр:

A) Әңгіме.

B) Аңыз.

C) Повесть.

D) Очерк.

E) Поэма.


68. Драмалық шығарманың бір түрі:

A) Әңгіме.

B) Поэма.

C) Комедия.

D) Проза.

E) Новелла.


69. Әдеби тек тарапынан бөлінгендегі образ түрі:

A) Ююморлық.

B) Фантастикалық.

C) Драмалық.

D) Романтикалық.

E) Сатиралық образ.


70. Орта көлемді эпикалық түр:

A) Роман.

B) Әңгіме.

C) Поэма.

D) Новелла.

E) Ертегі.


71. Қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негізін салушы ғалым:

A) Ж.Аймауытов.

B) А.Байтұрсынов.

C) М.Дулатов.

D) Ш.Құдайбердиев.

E) Ә.Бөкейханов.


72. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе:

A) Ырғақ.

B) Тармақ.

C) Буын.


D) Бунақ.

E) Шумақ.


73. Жоғарғы ерні көк тіреп

Төменгі ерні жер тіреп /Б.Ж./:

A) Синекдоха.

B) Литота.

C) Эпитет

D) Гипербола.

E) Метонимия.
74. Новелла қандай жанрлық түрге жатады:

A) Лирикалық драма.

B) Жоқтау өлең.

C) Шағын көлемді эпика.

D) Сюжетті өлең.

E) Лирикалық жанр.


75. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласының бірі:

A) Әдебиет теориясы.

B) Историография.

C) Әдебиет тарихы.

D) Әдебиет сыны.

E) Реализм.


76. Бірыңғай дауыссыздардың қайталанып келуі қалай аталынады:

A) Ассонанс.

B) Дактиль.

C) Эвфония.

D) Дыбысқа еліктеу.

E) Аллитерация.


77. Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі:

A) Анаграмма.

B) Анекдот.

C) Анафора.

D) Антитеза.

E) Омоним.


78. Драмадағы ең шешуші нәрсе:

A) Шарықтау шегі.

B) Экспозиция.

C) Тәсіл.

D) Персонаж.

E) Тартыс.


79. Көркем шығармаларды талдап, баға беретін, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы:

A) Әдебиет тарихы.

B) Библиография.

C) Әдебиет сыны.

D) Текстология.

E) Әдебиет теориясы.


80. Өлеңдегі ең үлкен бірлік:

A) Эпитет.

B) Шумақ.

C) Ассонанс.

D) Буын.

E) Тармақ.


81. Алғашқы қазақ романисі:

A) Ж.Аймауытов.

B) С.Көбеев.

C) С.Торайғыров.

D) М.Дулатов.

E) С.Мұқанов.


82. Фабула дегеніміз:

A) Троптың бір түрі.

B) Драмалық жанр.

C) Сюжеттің бөлшегі.

D) Шығарманың идеялық бағыты.

E) Сюжет пен композиция іске асатын фон.


83. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата көрсететін айшықтаудың бір түрі:

A) Глосса.

B) Декаданс.

C) Градация.

D) Дәйектеме.

E) Инверция.


84. Классицизмнің әдеби манифесіне айналған /шығарма/ эстетикалық трактат:

A) Н.Буало. "Поэтикалық өнер".

B) И.Г.Лессинг. "Лаокон немесе әдебиет пен живопистің шекарасы туралы" .

C) И.Кант. "Таза санаға сын".

D) Аристотель. "Поэтика".

E) Гегель. "Эстетика".


85. Тіл тазалығы дегеніміз А.Байтұрсыновша айтқанда:

A) Жергілікті сөздерді қолданбау.

B) Жаңа сөздерге үйір болмау.

C) Ана тілді басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

D) Ескі сөздерге жоламау.

E) Көп мағыналы сөздерді қолданбау.


86. А.Байтұрсынов лириканы қалай атады:

A) Әуезе жыр.

B) Ойламалдау.

C) Толғау.

D) Күй.

E) Көңілді саз.


87. Эстетика дегеніміз қандай ғылым:

A) Ақын-жазушының ойлау жүйесі.

B) Әдемілік туралы ілім.

C) Өнер тарихын зерттейді.

D) Шығармашылықтың қыр-сыры.

E) Суреткердің тұлғасы.


88. "Өнерді - табиғатқа еліктеу" деп тапқан ойшыл:

A) Аристотель.

B) Шеллинг.

C) В.Г.Белинский.

D) Платон.

E) Гегель.


89. "Философ силлогизммен, ал ақын - образдармен ойлайды" деген тұжырымның авторы:

A) Гегель.

B) Платон.

C) Н.В.Чернышевский.

D) Д.Дидро.

E) В.Белинский.


90. Әдебиеттанудың жанама саласы:

A) Әдебиет сыны.

B) Әдебиет тарихы.

C) Текстология.

D) Поэтика.

E) Философия


91. Сөздердің көп мағыналығы:

A) Синоним.

B) Метафора.

C) Полисемия.

D) Аллитерация.

E) Эпитет.


92. "Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес" /М.Әуезов/. Троптың қай түрі:

A) Литота.

B) Аллегория.

C) Ирония.

D) Гипербола.

E) Теңеу.


93. Қазақ жазба әдебиеті ең байырғы негізін қай көне ескерткіштен алады:

A) Орхон-Енисей жазбалары.

B) Көне қытай жазба ескерткіштері.

C) Махабхарата.

D) Гомер поэмалары.

E) Гильгамеш туралы дастан.


94. Драмадағы автор сөзі:

A) Баяндау.

B) Монолог.

C) Түсініктеме.

D) Декорация.

E) Ремарка.


95. Көркем сөздің ерекшелігі:

A) Дәлдік.

B) Нақтылық.

C) Турашылдық.

D) Бейнелілік.

E) Оқшаулық.


96. Орта көлемді эпикалық түр:

A) Мемуар.

B) Памфлет.

C) Эссе.


D) Повесть.

E) Мысал.


97. Лиро-эпикалық сипаттағы шағын сюжетті өлең:

A) Пролог.

B) Новелла.

C) Эссе.


D) Баллада.

E) Арнау.


98. Библиография:

A) Әдебиет тарихының объектісі.

B) Әдебиеттану ғылымының жанама саласы.

C) Әдеби бағыт.

D) Жанрдың бір түрі.

E) Сын жанры.


99. Кульминация дегеніміз:

A) Жанрлық түр.

B) Өлеңдегі қайталау.

C) Дәстүрлі метафора.

D) Сюжеттегі шиеленістің шарықтау шегі.

E) Кейіпкер сөзі.


100. Лирикалық герой дегеніміз:

A) Драма кейіпкері.

B) Әңгімедегі автор бейнесі.

C) Романдағы өлең жазатын кейіпкер.

D) Өлеңдегі ақын образы.

E) Прототип.


101. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарма:

A) М. Әуезов «Еңлік-Кебек».

B) С. Сейфуллин «Бақыт жолында».

C) Ж. Аймауытов «Шернияз».

D) Б. Майлин «Майдан».

E) Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».


102. Ғ. Мүсіреповтың «Ана» циклі қай әдіспен жазылған:

A) Романтизм.

B) Сюрреализм.

C) Авангардизм.

D) Социалистік реализм.

E) Реализм.


103. Абай лирикасының түрі:

A) Сатира.

B) Юмор.

C) Саяси.

D) Ода.

E) Махаббат.


104. Әдіс жайлы еңбек жазған қазақ ғалымы:

A) Қирабаев.

B) Қаратаев.

C) Жұмалиев.

D) Ысмаилов.

E) Ахметов.


105. Әдебиет тегіне қарай нешеге бөлінеді:

A) 5.


B) 6.

C) 3.


D) 4.

E) 7.
106. Социалистік реализм әдісі қай жылы ресми қабылданды:

A) 1917.

B) 1927.


C) 1934.

D) 1936.


E) 1929.
107. Эпос жанрының түрі:

A) Ода.


B) Роман.

C) Комедия.

D) Баллада.

E) Трагедия.


108. Қазақ өлеңі туралы алғашқы теориялық пікір айтқан кім:

A) Ы. Алтынсарин.

B) Ш. Уәлиханов.

C) А. Құнанбаев.

D) А. Байтұрсынов.

E) С. Торайғыров.


109. Реализм деген не:

A) Әдіс.


B) Тәсіл.

C) Бағыт.

D) Ағым.

E) Мектеп.


110. Өлеңде дауысты дыбыстардың қайталауын қалай атайды:

A) Анафора.

B) Аллитерация.

C) Ассонанс.

D) Эпифора.

E) Эпитет.


111. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды:

A) Классицизм.

B) Сентиментализм.

C) Натурадизм.

D) Футуризм.

E) Формализм.


112. Социалистік реализммен көбірек жазған қаламгер:

A) М. Дулатов.

B) С. Мұқанов.

C) А. Байтұрсынов.

D) М. Жұмабаев.

E) М. Әуезов.


113. Романтизм басым көрінетін ақын:

A) С. Торайғыров.

B) М. Жұмабаев.

C) А. Байтұрсынов.

D) М. Дулатов.

E) С. Сейфуллин.


114. Сыншыл реализм өкілі:

A) А. Құнанбаев

B) Ж. Аймауытов.

C) М. Жұмабаев.

D) С. Көбеев.

E) Б. Майлин.


115. Мақтауға арналған өлең түрі:

A) Элегия.

B) Эпиграмма.

C) Ода.


D) Сонет.

E) Пародия.


116. М. Әуезовтің «Абай жолы» шығармасын романның қай түріне жатқызасың :

A) Хроника.

B) Диалогия.

C) Эпопея.

D) Трилогия.

E) Роман.


117. Әдебиет теориясының қазақ әдебиетіндегі тұңғыш авторы:

A) А. Байтұрсынов.

B) Қ. Жұмалиев.

C) Е. Ысмайлов.

D) З. Қабдолов.

E) З. Ахметов.


118. Зат пен құбылысты үлкейтіп көрсететін троптың түрін ата:

A) Литота.

B) Символ.

C) Ирония.

D) Гипербола.

E) Метонимия.


119. Әдебиет өнердің қай түріне жатады:

A) Кескін.

B) Сурет.

C) Сөз.


D) Мүсін.

E) Саз.
120. Жыраулар поэзиясы көбінесе өлеңнің қай түріне жатады:

A) Қара өлең.

B) Тарихи өлең.

C) Жыр.

D) Қайым өлең.



E) Ақ өлең.
121. Романтизм деген не:

A) Тәсіл.

B) Бағыт.

C) Ағым.


D) Мектеп.

E) Әдіс.
122. Поэтиканың авторы кім:

A) Аристотель.

B) Буало.

C) Гегель.

D) Байтұрсынов.

E) Тимофеев.
123. Өлеңде дауыссыз дыбыстардың қайталануын қалай атайды:

A) Анафора.

B) Аллитерация.

C) Ассонанс.

D) Эпифора.

E) Эпитет.


124. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеген кім:

A) М.Қаратаев.

B) Т.Кәкішев.

C) З.Ахметов.

D) З.Қабдолов.

E) С.Қирабаев.


125. Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасындағы Қоңқай образы қандай образ:

A) Сатиралық.

B) Лирикалық.

C) Юморлық.

D) Силлаби-тоникалық

E) Қаһармандық.

126. Қазақ өлеңінің өлшемі:

A) Тоникалық.

B) Силабикалық.

C) Метрикалық.

D) Гаруз.

E) Силлаби-тоникалық.


127. Мына шумақта айшықтаудың қандай түрі бар:

Біреуі-көк, біреуі-жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға:

A) Қайталау.

B) Дамыту.

C) Шендестіру.

D) Егіздеу.

E) Арнау.


128. Ш.Уәлиханов қазақ өлеңін нешеге бөлді:

A) 4.


B) 3.

C) 5.


D) 6.

E) 7.


129. Романтизмге «Ерекше жағдайда ерекше характер жасау» деген анықтаманы берген кім:

A) Маркс.

B) Энгельс.

C) Гегель.

D) Белинский.

E) Ленин.


130. “Әдебиет танытқыштың” авторы:

A) Қ.Жұмалиев.

B) А.Байтұрсынов.

C) Е.Ысмайылов.

D) З.Қабдолов.

E) З.Ахметов.


131. Қазақ әдебиетіндегі символизм өкілі:

A) А.Құнанбаев.

B) С.Торайғыров.

C) М.Жұмабаев.

D) М.Дулатов.

E) С.Сейфуллин.


132. Қ.Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” қай жылы жарық көрді:

A) 1936.


B) 1940.

C) 1938.


D) 1935.

E) 1930.
133. “Үш бірлікке” бағынған ағым:

A) Синтементализм.

B) Классицизм.

C) Натурализм.

D) Формализм.

E) Символизм.
134. Мына мысал троптың қай түріне жатады:

Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады:

A) Ирония.

B) Синекдоха.

C) Гипербола.

D) Метонимия.

E) Метафора.
135. Ф. Энгельс “Трагедияның атасы” деп кімді атаған:

A) Софокл.

B) Эсхил.

C) Эврепид.

D) Гомер.

E) Аристотель.


136. Натурализм деген не:

A) Тәсіл.

B) Әдіс.

C) Ағым.


D) Стиль.

E) Мектеп.


137. Көркем шығарманың құрылысы қалай аталады:

A) Экспозиция.

B) Сюжет.

C) Композиция.

D) Фабула.

E) Ситуация.


138. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салған кім:

A) С. Сейфуллин.

B) М. Жұмабаев.

C) А. Құнанбаев.

D) М. Сералин.

E) Ж. Аймауытов.


139. “Өлең сөздің теориясы” атты еңбектің авторы кім:

A) М. Қаратаев.

B) З. Қабдолов.

C) З. Ахметов.

D) Қ. Жұмалиев.

E) Е. Ысмайылов.


140. Зат пен құбылысты кішірейтіп көрсететін троптың түрін ата:

A) Гипербола.

B) Символ.

C) Сарказм.

D) Литота.

E) Метонимия.


141. Көркем шығарма сюжетінің ең жоғарғы сатысының аты:

A) Экспозиция.

B) Ситуатция.

C) Кульминация.

D) Шешім.

E) Эпилог.


142. Мына қандай ұйқас:

Азамат, жүнжіме, жүрме бос

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық:

A) Қара өлең ұйқасы.

B) Шұбыртпалы ұйқас.

C) Егіз ұйқас.

D) Шалыс ұйқас.

E) Ерікті ұйқас.


143. “Абай жолы” романның қай түріне жатады:

A) Әскери роман.

B) Сатиралық роман.

C) Тарихи роман.

D) Мемуарлық роман.

E) Әлеуметтік роман.


144. Эпос жанрының түрі:

A) Роман.

B) Ода.

C) Комедия.



D) Трагедия.

E) Баллада.


145. Өлеңді туындыдағы автор қандай кейіпкер болып табылады:

A) Эпикалық.

B) Сатиралық.

C) Драмалық.

D) Лирикалық.

E) Трагедиялық.


146. Тек кейіпкерлер ғана сөйлесетін шығарма:

A) Эпос.


B) Лирика.

C) Драма.

D) Поэма.

E) Роман.


147. Тасжан Тасболатов қай шығарманың кейіпкері:

A) Қар қызы.

B) Мұз атау.

C) Атау кере.

D) Жетім бота.

E) Сайтан көпір.


148. “Өнер туындысының ірге тасы” деп нені атаймыз:

A) Идея.


B) Сюжет.

C) Тақырып.

D) Композиция.

E) Образ.


149. Фигураның бір түрі арнаудың неше түрі бар:

A) 4.


B) 5.

C) 3.


D) 2.

E) 6.
150. Мына мысал троптың қай түріне жатады.

Үйі мәз боп қой сойды.

Сүйіншіге шапқанға:

A) Метафора.

B) Синекдоха.

C) Метонимия.

D) Символ.

E) Кейіптеу.
151. Көркем шығармада табиғатты суреттеуді қалай атайды:

A) Лиризм.

B) Ямб.

C) Пейзаж.



D) Әдеби шегініс.

E) Сюжет.


152. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны көрсетуді қалай атайды:

A) Синекдоха.

B) Метонимия.

C) Кейіптеу.

D) Литота.

E) Ирония.


153. Фигураның бір түрі – сөз тастап кетуі қалай атайды:

A) Эпифора.

B) Анафора.

C) Эллипсис.

D) Традиция.

E) Антитеза.


154. Мына ұйқас қандай ұйқас:

Елдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім.

A) Ерікті ұйқас.

B) Қара өлең ұйқасы.

C) Кезекті ұйқас.

D) Шұбыртпалы ұйқас.

E) Егіз ұйқас.


155. М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесіндегі Ғазиза образы қандай образ:

A) Комедиялық.

B) Сатиралық.

C) Юморлық.

D) Драмалық.

E) Трагедиялық.


156. Жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақа өлең:

A) Эпитафия.

B) Эклота.

C) Эпиграмма.

D) Мадригаль.

E) Элегия.


157. Әдебиеттанудың қай саласы көркем шығарманың құрылысын қарастырады:

A) Әдебиеттің тарихы.

B) Әдебиет сыны.

C) Текстология.

D) Әдебиеттің теориясы.

E) Библиография.


158. –дай, –дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік құрал:

A) Эпитет.

B) Метафора.

C) Теңеу.

D) Синекдоха.

E) Литота.


159. Әдебиеттің тектері:

A) Эпос, лирика, драма.

B) Ертегі, аңыз, мысал.

C) Батырлық жыр, ғашықтық жыр, тарихи жыр.

D) Толғау, терме, арнау.

E) Айтыс, шешендік сөз, әпсана.


160. Көзі жұмыққа арзан,

Көзі ашыққа маржан:

A) Антитеза.

B) Литота.

C) Гипербола.

D) Эпитет.

E) Метонимия.
161. Литота ойды қалай бейнелейді:

A) Әсірелеу, ұлғайту.

B) Салыстыра суреттеу.

C) Мүлде кішірейте суреттеу.

D) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.

E) Сөздердің мағынасын бұрып айту.


162. Мақтауға арналған өлең түрі:

A) Элегия.

B) Эпиграмма.

C) Ода.


D) Сонет.

E) Пародия.


163. Көркем шығарма тексін зерттеп баспаға даярлайтын қандай пән:

A) Деректану.

B) Стилистика.

C) Текстология.

D) Библиография.

E) Историография.


164. “Абай жолы” романындағы Құнанбай қандай образ:

A) Лирикалық.

B) Драмалық.

C) Эпикалық.

D) Юморлық.

E) Сатиралық.


165. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды:

A) Классицизм.

B) Сентиментализм.

C) Натурализм.

D) Футуризм.

E) Формализм.


166. “Атау кере” повесінің авторы:

A) С. Мұратбеков.

B) О. Бөкей.

C) М. Мағауин.

D) Ә. Тарази.

E) Ә. Кекілбаев.


167. Көркем шығармадағы адамның өз сөзін қалай атайды:

A) Диалог.

B) Мінез.

C) Портрет.

D) Монолог.

E) Ремарка.


168. “Сөз өнері дертпен тең” деген кім:

A) Абай.


B) Сұлтанмахмұт.

C) Мағжан.

D) Ахмет.

E) Жүсіпбек.


169. Әдебиет теориясының қазақта алғаш оқулығын жазған кім:

A) А. Байтұрсынов.

B) Қ. Жұмалиев.

C) Е. Ысмайылов.

D) З. Қабдолов.

E) З. Ахметов.


170. Образ жасауға қажетті негізгі амал-тәсілдер қайсы:

A) Баяндау.

B) Композиция, эпилог, пролог.

C) Портрет, диалог, монолог.

D) Сюжет.

E) Әңгімелеу түрлері.

171. Қазақ өлеңі қандай теориялық жүйеге жатады:

A) Метрика.

B) Тоникалық.

C) Силабикалық.

D) Силлаба-тоникалық.

E) Гаруз.


172. Көркем шығарманың ең соңғы бөлшегінде кейіпкердің тағдыры туралы баяндау қалай аталады:

A) Пролог.

B) Эпистолог.

C) Ремарка.

D) Эпилог.

E) Комедия.


173. Өлең мен ән-күй қатарласа жүретін сахналық шығарманың аты:

A) Балет.

B) Драма.

C) Опера.

D) Трагедия.

E) Комедия.


174. Үйлену тойына арналған өлеңнің атауы қандай:

A) Ода.


B) Сонет.

C) Элегия.

D) Эклога.

E) Эпиталана.


175. “Комедияның атасы” деп кімді атаған:

A) Плавт.

B) Аристофан.

C) Мольер.

D) Теренций.

E) Расин.


176. Қ. Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз” қандай поэма:

A) Реалистік поэма.

B) Романтикалық поэма.

C) Сатиралық поэма.

D) Толғау.

E) Драмалық поэма.


177. Әдебиет өнердің қай түріне жатады:

A) Кескін.

B) Сөз.

C) Саз.


D) Ән.

E) Мүсін.


178. А.Байтұрсынов өнерді нешеге бөлген:

A) 4.


B) 5.

C) 6.


D) 3.

E) 7.
179. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігі қалай айтады:

A) Тәсіл.

B) Стиль.

C) Мектеп.

D) Ағым.


E) Әдіс.
180. Э. Золя негізін қалаған әдеби ағым:

A) Символизм.

B) Натурализм.

C) Формализм.

D) Кубизм.

E) Футуризм.


181. Әдебиеттің таптығы, партиялығы, халықтығы принциптері қай әдіске жатады:

A) Романтизм.

B) Сыншыл реализм.

C) Ағартушылық реализм.

D) Социалистік реализм.

E) Реализм.


182. Әңгіме қандай жанрлық түрге жатады:

A) Орта көлемді эпикалық түр.

B) Кең көлемді эпикалық түр.

C) Шағын көлемді эпикалық түр.

D) Лирика.

E) Драма.


183. Фигураның түрін тап :

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр

Қар үстінде қан тамар,

Қанды көр де, бетім көр.

A) Градация.

B) Антитеза.

C) Анафора.

D) Арнау.

E) Инверсия.


184. Сөз орнын ауыстыруды не дейміз:

A) Эллипсис.

B) Инверсия.

C) Эпифора.

D) Сарказм.

E) Градация.


185. “Өнер туындысының ірге тасы” деп нені атаймыз:

A) Идея.


B) Сюжет.

C) Тақырып.

D) Композиция.

E) Образ.


186. Өзара шектес заттармен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдануды не деп атаймыз:

A) Метафора.

B) Аллигория.

C) Ирония.

D) Метонимия.

E) Гипербола.


187. Драма жанрының түрі:

A) Әңгіме.

B) Ода.

C) Поэма.



D) Трагедия.

E) Очерк.


188. Алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асыра суреттеуді не дейміз:

A) Градация.

B) Инверсия.

C) Эпифора.

D) Антитеза.

E) Анафора.


189. Образдың сыртқы кескін-келбетін көркем шығармада қалай атайды:

A) Прототип.

B) Портрет.

C)Мінез.


D) Характер.

E) Тип.
190. Көркем әдебиеттің өзіне тән және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы не деп аталады:

A) Текстология.

B) Библиография.

C) Историография.

D) Архивтану.

E) Полеография.
191. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардан бейнеленуі қалай аталады:

A) Деталь.

B) Оқшау эпизодтар.

C) Интерьер.

D) Пейзаж.

E) Лирикалық шегініс.


192. “Сюжет” сөзі қай халықтың тілінен шыққан:

A) Ағылшын.

B) Француз.

C) Неміс.

D) Латын.

E) Грек.
193. “Мазмұн мен форманың бірлігі” атты еңбектің авторы:

A) Т.Кәкішев.

B) С.Қирабаев.

C) М.Дүйсенов.

D) З.Қабдолов.

E) З.Ахметов.
194. Бүгінде ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі сөйлесулерде көп айтыла бермейтін көне сөздер:

A) Неологизм.

B) Архаизм.

C) Диалектизм.

D) Омоним.

E) Полисемия.


195. “Поэзия өнері туралы” трактаттың авторы кім:

A) Әл-Фараби.

B) Ибн Сина.

C) Бируни.

D) Омар Хаям.

E) Әл-Хорезми.


196. Батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыс образдары қандай образдар:

A) Реалистік.

B) Романтикалық.

C) Драмалық.

D) Лирикалық.

E) Юморлық.


197. Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасын не дейміз:

A) Тақырып.

B) Образ.

C) Идея.


D) Характер.

E) Сюжет.


198. Жаңарған сөздерді не дейміз:

A) Полисемия.

B) Архаизм.

C) Неологизм.

D) Идиома.

E) Синонимия.


199. Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөзді не дейміз:

A) Теңеу.

B) Эпитет.

C) Табу.


D) Ассонанс.

E) Диалектизм.


200. Жазба мәтіндерді тілдік жне стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын танып білуге негізделген ғылымды көрсетіңіз:

A) Өнертану.

B) Лингвистика.

C) Әдебиеттану.

D) Филология.

E) Логика.


201. Филологияның тілді қарым-қатынас құралы ретінде зерттейтін саласын көрсетіңіз:

A) Логика.

B) Эстетика.

C) Лингвистика.

D) Әдебиет тарихы.

E) Әдебиеттану.


202. Әдебиеттанудың қай саласы әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттеуді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындауды мақсат етеді:

A) Текстология.

B) Әдебиет теориясы.

C) Әдебиет сыны.

D) Әдебиет тарихы.

E) Библиография.


203. Мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес жалпы поэтика неше салаға бөлінеді:

A) 3.


B) 6.

C) 2.


D) 5.

E) 4.
204. Әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексертіп, зерттеумен және әдеби айналымға кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын әдебиеттанудың көмекші саласын көрсетіңіз:

A) Палеография.

B) Стилистика теориясы.

C) Әдеби сын теориясы.

D) Историография.

E) Текстология.
205. Поэтика негіздері тұңғыш рет жүйелей баяндалатын «Поэтика өнері жайында» атты трактаттың авторы кім:

A) Анандавардхана.

B) Буало.

C) Платон.

D) Аристотель.

E) Әл-Фараби.


206. Әдебиеттанудың өзіндік нысаны, нысанасы, мақсаты, міндеті нақтыланған дербес ғылым ретінде қалыптасқан кезеңін көрсетіңіз:

A) Антикалық дәуір.

B) Классицизм дәуірі.

C) Александриялық филология дәуірі.

D) Қайта өрлеу дәуірі.

E) Романтизм дәуірі.


207. Б.д.д ХҮІ – Ү ғасырларда қытай тілінде жазылған, өнер жайындағы ең алғашқы пікірлер ұшырасатын ежелгі ескерткішті белгілеңіз:

A) «Дхваньялока».

B) «Шуцзин».

C) «Натьяшастра».

D) «Аштадхйайи».

E) «Махабхашия».


208. Әдебиеттану тілді қай тұрғыдан қарастырады:

A) көркем идея.

B) Қарым-қатынас.

C) Белгілер жүйесі.

D) Ойлау пішіні.

E) Әдеби шығармашылық материалы.


209. Қаламгердің ақиқат болмысты образды бейнелеу ерекшеліктерін әдебиеттанудың қай саласы қарастырады:

A) Әдебиет сыны.

B) Жалпы поэтика.

C) Әдебиет тарихы.

D) Әдебиет теориясы.

E) Текстология.


210. Әдебиеттанудың қай саласын әдебиетті зерттеудің тәсілдері мен негізгі ұстанымдарын айқындайды:

A) Поэтика.

B) Әдеби сын тарихы.

C) Әдебиет теориясы.

D) Поэтика тарихы.

E) Мәтін түсініктемесі.


211. Зерттеу нысанасы әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі болып табылатын әдебиеттанудың көнеден келе жатқан саласын көрсетіңіз:

A) Әдебиет тарихы.

B) Поэтика.

C) Текстология.

D) Библиография.

E) Историография.


212. Басты проблемасы жанр болып табылатын поэтиканың қай бағыты:

A) Тарихи поэтика.

B) Жалпы поэтика.

C) Жеке поэтика.

D) Теориялық поэтика.

E) Микропоэтика.


213. Риторика теориясына арналған «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбектің авторы кім:

A) Шеллинг.

B) В. Г. Белинский.

C) И. Г. Гердер.

D) Н. Буало.

E) М. В. Ломоносов.


214. Түркі тіліндегі алғашқы филологиялық еңбектің авторын атаңыз:

A) әл-Фараби.

B) Ж. Баласағұни.

C) А. Байтұрсынов.

D) М. Қашқари.

E) Х. Досмұхамедов.


215. Филология ғылымындағы деректілік негізін атаңыз:

A) Образ.

B) Жанр.

C) Әдеби тек.

D) Сюжет.

E) Мәтін.


216. Көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым қалай аталады:

A) Лингвистика.

B) Стилистика.

C) Поэтика.

D) Әдебиеттану.

E) Әдебиет тарихы.


217. Әдеби және әдеби-сын шығармалардың, жекелеген қаламгерлер мен сыншылар шығармашылықтарының, сондай-ақ көркемдік әдіс-тәсілдердің, әдеби түрлер мен жанрлардың тарихи орнын және ерекшеліктерін бағалауға негізделген әдебиеттанудың саласын атаңыз:

A) Тарихи поэтика.

B) Әдебиет сыны.

C) Әдебиет тарихы.

D) Жалпы поэтика.

E) Әдеби сын теориясы.


218. Поэтиканың туынды құрамындағы маңызды көркемдік бөлшектердің көркемдік мақсатқа қызмет етудегі өзара байланысын анықтауға бағытталатын түрі қалай аталады:

A) Макропоэтика.

B) Жеке поэтика.

C) Тарихи поэтика.

D) Теориялық поэтика.

E) Жалпы поэтика.


219. Әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру және әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау мақсатында жинақталған көркем әдебиет және әдебиеттануға қатысты еңбектердің көрсеткішін атаңыз:

A) Библиография.

B) Мәтін түсініктемесі.

C) Текстология.

D) Архивтану.

E) Поэтика тарихы.


220. Әдебиеттің өзегі – адам, мақсаты – катарсис, яғни адамдардың сезімін барлық жағымсыз, келеңсіз нәрселерден арылту» деген ойды айтқан көне дәуір ойшылын атаңыз:

A) Аристофан.

B) Платон.

C) Гораций.

D) Лао цзы.

E) Аристотель.


221. Өз аясында «өнердің әлеуметтік-тәрбиелеушілік сипаты» жайындағы ілімді қалыптастырған «конфуцийшілдік» ағымы қай елде пайда болған:

A) Ежелгі Үнді.

B) Ежелгі Грекия.

C) Вавилон.

D) Ежелгі Қытай.

E) Германия.


222. Қайта өрлеу дәуірінде жазылған «Поэтикалық өнер» атты трактаттың авторын көрсетіңіз:

A) В. Белинский.

B) Н. Буало.

C) П. Корнель.

D) Новалис.

E) Т. Тассо.


223. Тілді әдеби мәтінді көркемдеуші құралдар жүйесі ретінде қарастыратын ғылымды көрсетіңіз:

A) Әдебиеттану.

B) Семиотика.

C) Лингвистика.

D) Логика.

E) Философия.


224. Әдеби-көркем шығарманың құрылымын әдебиеттанудың қай саласы қарастырады:

A) Историография.

B) Әдебиет тарихы.

C) Әдебиет сыны.

D) Библиография.

E) Әдебиет теориясы .


225. Әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән маңызы мен орнын айқындауды мақсат ететін әдебиеттану саласын көрсетіңіз:

A) Әдеби сын тарихы.

B) Поэтика тарихы.

C) Стилистика теориясы.

D) Әдебиет тарихы.

E) Әдебиет теориясы..


226. Тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын қарастыратын ғылымды атаңыз:

A) Лингвистика.

B) Стилистика теориясы.

C) Поэтика.

D) Әдебиет сыны.

E) Эвристика.


227. Әдеби сын теориясы, әдеби сын тарихы, поэтика тарихы, стилистика теориясы әдебиеттанудың қандай салалары болып табылады:

A) Негізгі.

B) Қосалқы.

C) Көмекші.

D) Жетекші.

E) Басты.


228. Әдеби энциклопедияның ең алғашқы үлгісі болып табылатын «Кестелер» атты еңбектің авторын атаңыз:

A) Каллимах.

B) Панини.

C) М. Қашқари.

D) А. Байтұрсынов.

E) Гораций.


229. А. Байтұрсыновтың әдебиет теориясына арналған еңбегін көрсетіңіз:

A) «Сөз өнері».

B) «Әдебиет теориясы».

C) «Қазақ өлеңінің құрылысы».

D) «Поэтикалық өнер».

E) «Әдебиет танытқыш».


230. Филология ғылымының негізгі салалары қайсы:

A) Лингвистика және әдебиеттану.

B) Поэтика және логика.

C) Эстетика және әдебиеттану.

D) Әдебиет тарихы және әдебиет теориясы.

E) Поэтика және әдебиет сыны.


231. Көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін; көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін; әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән заңдылықтарын қарастыратын ғылым қайсы:

A) Тіл білімі.

B) Эстетика.

C) Өнертану.

D) Мәдениеттану.

E) Әдебиеттану.


232. Әдебиеттанудың қай саласы көркем туындыны және онда бейнеленген өмірлік шындықты дер кезінде талдап, бағалауға бағыт ұстанады:

A) Поэтика.

B) Стилистика.

C) Әдебиет тарихы.

D) Әдебиет сыны.

E) Эвристика.


233. Поэтиканың салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастыруды мақсат ететін бағыты қалай аталады:

A) Жалпы поэтика.

B) Макропоэтика.

C) Тарихи поэтика.

D) Микропоэтика.

E) Жүйелі поэтика.


234. Жазу тарихын, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштер мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи-филологиялық пән қалай аталады:

A) Эвристика.

B) Палеография.

C) Әдебиет тарихы.

D) Поэтика тарихы.

E) Историография.


235. Өз еңбегінде ең алғаш рет әдебиетті жеке өнер түрі ретінде қарастырып, әдебиеттің эпос, лирика, драма сияқты тектеріне талдау жасаған антикалық дәуір ойшылы кім:

A) Аристотель.

B) Конфуций.

C) Лессинг.

D) Протагор .

E) Патанджали.


236. Өнер әсемдігінің әмбебап мүмкіндігі» жайындағы эстетикалық теорияның негізі қаланған «даосизм» ағымы қайда пайда болған:

A) Жапонияда.

B) Ежелгі Грекияда.

C) Ежелгі Үндістанда.

D) Римде.

E) Ежелгі Қытай жерінде.


237. Көркем мәтін арқылы адамзат болмысын, адамның рухани әлемін жан-жақты танып-білуді мақсат ететін ғылымды атаңыз:

A) Әдебиет тарихы.

B) Эстетика.

C) Филология.

D) Мәдениеттану.

E) Өнер тарихы.


238. Тілді таңбалар мен белгілер жүйесі ретінде қарастыратын ғылым қалай аталады:

A) Лингвистика.

B) Семиотика.

C) Философия.

D) Әдебиеттану.

E) Логика.


239. Әдеби үрдіс және әдеби даму мәселелерін әдебиеттанудың қай саласы қарастырады:

A) Әдебиет теориясы.

B) Әдеби сын теориясы.

C) Поэтика тарихы.

D) Стилистика теориясы.

E) Архивтану.


240. Шығармашылық қабілеті, жазу машығы, дүниетаным деңгейі әр текті қаламгерлердің өзара шығармашылық қарым-қатынасын саралау әдебиеттанудың қай саласына тән:

A) Әдебиет сыны.

B) Библиография.

C) Әдебиет теориясы.

D) Историография.

E) Әдебиет тарихы.


241. Мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттей отырып, осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс-тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеуді мақсат ететін поэтиканың қай бағыты:

A) Жеке поэтика.

B) Тарихи поэтика.

C) Микропоэтика.

D) Жалпы поэтика.

E) Сипаттама поэтика.


242. Ғылыми тұрғыдан әдеби туынды мәтінінің тарихын, бастау көзін, пайда болған мерзімін, өзіндік дара бітімін зерттеу арқылы мәтіннің түпнұсқасын нақтылау міндеттерін шешуді мақсат ететін әдебиеттану саласын көрсетіңіз:

A) Библиограия.

B) Эвристика.

C) Текстология.

D) Историография.

E) Палеография.


243. Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне бағдар ұстанған мәдени-тарихи мектептің ықпалы қай кезеңде үстемдік етті:

A) Антикалық дәуір.

B) ХІХ ғасырдың екінші жартысы.

C) Қайта өрлеу дәуірі.

D) ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысы.

E) Классицизм.


244. Ежелгі үнді поэтикасы мен эстетикасындағы негізгі ұғымдардың бірі – дхвани туралы ілімді қалыптастырған ІХ ғасырдағы үнді философын атаңыз:

A) Анандавардхана.

B) Сюнь-цзы.

C) Патанджали.

D) Бхартрихари.

E) Панини.


245. Филологияның тілді әдеби шығармашылық материалы және әдеби мәтінді көркемдеуші құралдар жүйесі ретінде қарастыратын саласын көрсетіңіз:

A) Лингвистика.

B) Әдебиеттану.

C) Әдебиет сыны.

D) Әдебиет теорисы.

E) Әдебиет тарихы.


246. Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары нешеу:

A) 3.


B) 5.

C) 2.


D) 4.

E) 6.
247. Әдеби тектер мен жанрлардың, ағымдар мен бағыттардың, стиьлдер мен әдістердің ерекшеліктерін, көркемдік тұтастықтың түрлі деңгейлері арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың ішкі заңдылықтарын әдебиет теориясы аясында қарастыратын әдебиеттану салася қайсы:

A) Стилистика.

B) Әдебиет тарихы.

C) Библиография.

D) Историография.

E) Поэтика.
248. Әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жиынтығы қайсы:

A) Әдеби сын теориясы.

B) Библиография.

C) Архивтану.

D) Историография.

E) Палеография.


249. Эстетикалық мәселелерді объективтік идеализм тұрғысынан қарастырып, ең алғаш рет әдебиетті эпос, лирика, драма сияқты тектерге жіктеуді дәйектеген антикалық дәуір ойшылы кім:

A) Гораций.

B) Аристотель.

C) Платон.

D) Эврипид.

E) Каллимах.


250. Поэтиканың даралық нышандарын айқын танытатын «Поэзия ғылымы» атты еңбектің авторы, б.д.д 65-8 ж.ж. аралығында өмір сүрген ойшылды көрсетіңіз:

A) Панини.

B) Гораций.

C) Иероним.

D) Аристотель.

E) Каллимах.


251. Көркемдік құрылым мәселесін өнерді психологиялық тұрғыдан айрықша түйсіну ілімімен (яғни раса), сонымен бірге көркем шығарманың астарлы мағынасы жайындағы дхвани ілімімен байланыстыра қарастыру дәстүрі қай елден бастау алады:

A) Ежелгі Үнді.

B) Ресей.

C) Ежелгі Қытай.

D) Англия.

E) Ежелгі Грекия.


252. Көркем мәтіннің негізін көрсетіңіз:

A) Сюжет.

B) Тақырып.

C) Идея.


D) Сөз.

E) Образ.


253. Әдебит теориясы қарастыратын мәселелерді неше циклге жүйелеуге болады:

A) 6.


B) 4.

C) 3.


D) 5.

E) 2.
254. Әдебиеттанудың қай салысының негізгі мақсаты әдебиеттің даму заңдылықтарын, әдеби шығармаларға, әдеби үрдіске ортақ сипаттарды айқындауға бағытталады:

A) Әдебиет сыны.

B) Әдебиет теориясы.

C) Поэтика.

D) Палеография.

E) Әдеби сын тарихы.
255. Әдебиетке қатысты түрлі ұғымдардың, көркемдік құралдарының тарихи жолын айқындауды көздейтін саланы атаңыз:

A) Тарихи поэтика.

B) Стилистика теориясы.

C) Архивтану.

D) Палеография.

E) Әдеби сын тарихы.


256. Әдеби туындыдағы эстетикалық әсер тудырушы құралдардың жүйесін жасауды мақсат ететін поэтиканың қай бағыты:

A) Жалпы поэтика.

B) Теориялық поэтика.

C) Макропоэтика.

D) Тарихи поэтика.

E) Жеке поэтика.


257. Поэтика ғылымының іргетасын қалаушы ойшылды атаңыз:

A) Платон.

B) Каллимах.

C) Әл-Фараби.

D) Аристотель.

E) Конфуций.


258. Адамның мінезі мен еркіне қатысты жалпы заңдылықтарға бағдар ұстанған мәдени-тарихи мектептің ізденіс ауқымын ұлғайта түсуге,; яғни психологиялық және рухани тұрғыдан тереңдей үңілу негізінде кемел әдебиет жүйесін жасауға талаптанған бағыт шеңберінде қандай мектеп пайда болды:

A) Пор-Рояль монастры.

B) Поэтикалық мектеп.

C) Рухани-тарихи мектеп.

D) Дидактикалық мектеп.

E) «Көл мектебі».


259. Әдебиет мәселелеріне арнап «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат», «Өлең кітабы» атты еңбектер жазған ойшылды атаңыз:

A) Гомер.

B) Әл-Фараби.

C) В. Г. Белинский.

D) Аристотель.

E) Ш. Уәлиханов.


260. Ғылымнан өнердің басты ерекшілігі неде:

A) Нақты деректер арқылы дәлелденуінде.

B) Абстрактілі ойға негізделуінде.

C) Дәйекті пікір айта бірлуінде.

D) Тиянақты тұжырым жасай алуында.

E) Өмірлік шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелеуінде.


261. Дүниені эстетикалық тұрғыдан қабылдау әрекеті көркем әдебиетте қалай іске асады:

A) Идея арқылы.

B) Тақырып арқылы.

C) Мазмұн арқылы.

D) Сөз арқылы.

E) Пішін арқылы.


262. Әдебиет» сөзінің термин ретінде «поэзия», «поэтикалық өнер» деген сөздерді ығыстырып, олардың орнына кеңінен қолданысқа түсе бастауы қай кезеңнен бастау алады:

A) ХІ ғ.


B) ХХ ғ.

C) ХҮІІІ ғ.

D) ХҮІ ғ.

E) ХІХ ғ.


263. Әдебиетті өнердің қай түріне жатқызамыз:

A) Кеңістіктік өнер.

B) Уақыттық өнер.

C) Халықтық өнер.

D) Уақыттық-кеңістіктік өнер.

E) Ұлттық өнер.


264. Әдебиеттің тәрбиелеушілік міндеттері қалай шешім табады:

A) Көркем идея арқылы.

B) Жалпыадамзаттық сипаты арқылы.

C) Ұлттық сипаты арқылы.

D) Танымдық сипаты арқылы.

E) Халықтығы арқылы.


265. Әдебиеттің халықтығына өлшем болатын жағдайды көрсетіңіз:

A) Ұлттық көкейкесті мәселені жазу.

B) Көркем образ жасау.

C) Әлеуметтік идеяны көрсету.

D) Мазмұн мен пішін бірілігінің сақталуы.

E) Дәуірдің ең озық иделдарына негізделген өмірлік ақиқатты суреттеу.


266. Халықтық» және «ұлттық» ұғымдарын келе, аса маңызды мәселе ретінде «төменгі, ортаңғы, және жоғарғы сословиелерді бейнелеу кезінде ақиқатқа адал болу» деген түйінді ұсынған кім:

A) А. Байтұрсынов.

B) Әл-Фараби.

C) А. Құнанбаев.

D) В. Г. Белинский.

E) М. Әуезов.


267. Өткенді бейнелеуге жаңа тұрғыдан келу» деген мәнді білдіретін термин ретінде «тарихылық» қашан қалыптасты:

A) ХХ ғ.


B) ІХ ғ.

C) ХІХ ғ.

D) ХІІІ ғ.

E) Х ғ,
268. Әдебиеттегі идеялылық қалай жүзеге асады:

A) Көркем образдар арқылы.

B) Көркем сөз арқылы.

C) Пейзаж арқылы.

D) Тартыс арқылы.

E) Композиция арқылы.
269. Әдебиеттегі көркемдіктің ең қарапайым, әрі ең басты шартын көрсетіңіз:

A) Көркемдік пішін.

B) Композиция.

C) Көркем сөз.

D) Әдеби қаһарман.

E) Көркемдік шындық.


270. Көркем әдебиеттегі ойдан шығарудың шегін белгілуге ықпал ететін нәрсе не:

A) Көркем идея.

B) Көркемдік пішін.

C) Әдеби қаһарман.

D) Көркемдік шындық.

E) Тақырып пен проблема.


271. Әдебиетті өзге өнер түрлерінен ерекшілендіретін динамикалы сипат қалай көрініс табады:

A) Фабула арқылы.

B) Тақырып арқылы.

C) Бейнелі сөз арқылы.

D) Композиция арқылы.

E) Мазмұн арқылы.


272. Көркем туындының әңгімелеп айтуға болатын мазмұны қалай аталады:

A) Әдеби тіл.

B) Фабула.

C) Композиция.

D) Сюжет.

E) Пішін.


273. Көркем әдебиеттегі әрқилы тілдік және композициялық құралдар қандай ұғымды белгілейді:

A) Көркемдік пішін.

B) Композиция.

C) Тақырып.

D) Идея.

E) Тематика.


274. Көркем әдебиетте өзіндік көркемдік әлем жасайтын тұлға кім:

A) Образ.

B) Характер.

C) Тип.


D) Әдеби қаһарман.

E) Қаламгер.


275. Адамның ақиқат өмірге эстетикалық қарым-қатынасы өнер үшін қандай мәнге ие болып табылады:

A) Өнердің нысаны.

B) Өнердің мақсаты.

C) Өнердің бейнелеу құралы.

D) Өнердің тұтастығы.

E) Өнердің міндеті.


276. Әдебиеттің мазмұндық және руханиялық қасиеттері алдыңғы планға шығып, әдебиттің өзінің де жазбаша ой пішіндері қатарында қабылдана бастауы қай ғасырдан басталады:

A) Х ғ.


B) ХХғ.

C)ХІІІғ.


D) ХҮғ.

E) ХІХғ.
277. Өнер түрі ретінде көркем әдебиеттің негізгі құралын атаңыз:

A) Көркем образ.

B) Көркемдік шындық.

C) Көркем идея.

D) Көркем сөз.

E) Көркемдік пішін.
278. Көркем әдебиеттің бейнелеу нысанын көрсетіңіз:

A) Көркем орбраз.

B) Уақыт пен кеңістік.

C) Адам.


D) Табиғат.

E) Көркем идея.


279. Өз еңбектерінде өнердің халықтығы жайындағы мәселені алғаш рет айқын концепция ретінде көтерген ойшылдар кімдер:

A) Дж. Вико, Ж. Ж. Руссо.

B) Ф. Шлегель, У. Шекспир.

C) Аристотель, Платон.

D) Гораций, Каллимах.

E) Анандавардхана, Патанджали.


280. Белгілі бір тілде немесе белгілі бір мемлекттік шекара шеңберінде жасалған әдеби шығармалар жиынтығынан құралған әдебиет қалай аталады:

A) Дәуір әдебиеті.

B) Әлем әдебиеті.

C) Бұқаралық әдебиет.

D) Тарихи әдебиет.

E) Ұлттық әдебиет.


281. Жергілікті ерекшілік, ұлттық дара мінездер, кейіпкерлердің қаһармандық келбетіндегі ерекшеліктерді жасау мәселелерін тарихылықтың басты белгілері ретінде қарастырған кімдер:

A) «Көл мектебі» өкілдері.

B) Классицизм өкілдері.

C) Сентиментализм өкілдері.

D) Романтизм өкілдері.

E) Ағартушы реализм өкілдері.


282. Әдебиеттегі көркемдік шындық қалай жасалады:

A) Көркем образ арқылы.

B) Мазмұн арқылы.

C) Композиция арқылы.

D) Көркем идея арқылы.

E) Көркемдік пішін арқылы.


283. Өмірді танып-білудің образды түрі қалай аталады:

A) Философия.

B) Әдебиеттану.

C) Ғылым.

D) Поэтика.

E) Өнер
284. Шығарма құрамында өзіндік мән иеленетін жекерлеген әректтере мен құбылыстардың және кейіпкерлер мен автор сөздерін қамтитын «сөйлеу қозғалыстарының» тізбесінен көркем туындыға тән қандай ұғым анықталады:

A) Фабула.

B) Конфликт.

C) Композиция.

D) Сюжет.

E) Идея.
285. Өз бойына әдеби тілдің барлық деңгейіндегі кез-келген жеке белгілерді, сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілін, диалектіні, т.с.с. қамтитын тілдік құраламды атаңыз:

A) Кейіпкер тілі.

B) Автор сөзі.

C) Көркем әдебиет тілі.

D) Стиль.

E) Әдеби тіл.


286. Стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ сияқты ұғымдар арқылы әдебиетте қандай бөлшек анықталады:

A) Мазмұн.

B) Пішін.

C) Фабула.

D) Әдебиет тілі.

E) Характер.


287. Көркем әдебиеттің өзекті тақырыбын атаңыз:

A) Адам.


B) Табиғат.

C) Өнер.


D) Уақыт.

E) Образ.


288. Дүниені көркемдік тұрғыдан игеру өнер үшін қандай мәнге ие болып табылады:

A) Өнердің міндеті.

B) Өнердің мақсаты.

C) Өнердің халықтық сипаты.

D) Өнердің нысаны.

E) Өнердің идеялылығы.


289. Әдебиетті дүниені шығармашылықпен игеру түрі, өнерге тән шығармашылық жұмыс ретінде түсіну қай тұста орнықты:

A) ХХ ғасырдың ортасы.

B) ХҮ ғасыр.

C) ХІІІ ғасырдың басы.

D) ХІХ ғасырдың соңы.

E) ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегі.


290. Көркем әдебиеттің даралық белгілерінің қатарына қай құбылысты жатқызуға болады:

A) Әдебиеттің тарихылығы.

B) Әдебиеттің идеялылығы.

C) Мазмұн мен пішін бірлігі.

D) Әдебиет нысанының тұтастығы.

E) Қаламгер шығармашылығы.


291. Әдебиетте суреттелген құбылыстың заманылығы қандай жағдайлар арқылы айқындалады:

A) Мазмұн мен пішін бірлігі.

B) Жалпыадамзаттық сипаты.

C) Тәрбиелеушілік сипаты.

D) Тарихи уақыт талабы және әдеби дамудың ішкі міндеттері.

E) Халықтық және тарихылық сипаттары.


292. Халықтың ой-санасы мен жан дүниесін бейнелеу және халыққа қызмет ету әдебиеттің қандай сипатын белгілейді:

A) Әдебиеттің тарихылығы.

B) Әдебиеттің образдылығы.

C) Әдебиеттің халықтығы.

D) Әдебиеттің заманылығы.

E) Әдебиеттің идеялығы


293. «Халықтық» ұғымын «рух пен фольклор поэтикасына бағдар ұстану, халық дамуының белгілі бір сатысында өнердің даралығын баса көрсету, өнердегі ұлт рухының көрінісі» деген түсінік төңірегінде түйіндегендер кімдер еді:

A) Антикалық дәуір ойшылдары.

B) Романтизм өкілдері.

C) Сентиментализм өкілдері.

D) Классицизм өкілдері.

E) Сыншыл реалистер.


294. Дүниеге келу уақыты мен себеп, жағдайларының ортақтығы бойынша жүйеленетін әдебиет қалай аталады:

A) Белгілі бір дәуір әдебиеті.

B) Тарихи әдебиет.

C) Бұқаралық әдебиет.

D) Ұлттық әдебиет.

E) Әлем әдебиеті.


295. Өзіне дейін қалытасқан «тарихылық» ұғымына «әлеуметтік күреске, халыққа тарихи қуатты күш ретінде назар аудару» деген қосымша мағына үстеген кім болды:

A) И. В. Гете.

B) Д. Байрон.

C) А. Құнанбаев.

D) А. С. Пушкин.

E) Конфуций.


296. Әдебиеттің ең басты өлшемін көрсетіңіз:

A) Тарихылық.

B) Идеялылық.

C) Көркемдік.

D) Ұлттық.

E) Танымдық.


297. Өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстиетикалық категорияны көрсетіңіз:

A) Көркемдік пішін.

B) Көркем образ.

C) Көркем идея.

D) Көркем образ.

E) Көркемдік таным.


298. Әдебиеттің мазмұнын құрайтын басты бөлшекті атаңыз:

A) Бейнелі сөз.

B) Композиция.

C) Идея.


D) Тақырып.

E) Мазмұн.


299. Әрекет пен тартыс, фабула мен дәлелдеулер, тақырып пен идея көркем шығарманың қандай сипатын белгілейді:

A) Идея тереңдігін.

B) Композиция тұтастығын

C) Тартыс сипатын

D) Тілдік ерекшелігін

E) Мазмұнның мәнін

300. Ақиқатты сөздік-образдық жаңғырта бейнелеудің эстетикалық маңызды құралы ретінде қоғамда қызмет ететін тілдік жүйенің және ұлттық тілдің шығармашылық мүмкіндігін көрсететін көркемдік қарым-қатынас құралы қайсы:

A) Ауызекі сөйлеу тілі.

B) Автор сөзі.

C) Әдеби тіл.

D) Көркем әдебиет тілі.

E) Ұлт тілі.
«Әдебиеттануға кіріспе»

пәнінен студенттерді бақылауға арналған тесттің паспорты



Номер вопроса

Номер темы

Номер подтемы




Курс

Степень сложности

Правильный ответ (A,B,C,D,E)

1

13

13.1

1

1

1

D


2

14

14.1

1

1

1

C

3

7

7.1

1

1

1

A

4

2

2.1

1

1

2

A

5

8

8.1

1

1

2

A

6

14

14.1

1

1

2

B

7

7

7.1

1

1

2

A

8

2

2.1

1

1

1

C

9

7

7.1

1

1

3

E

10

7

7.1

1

1

1

C

11

7

7.1

1

1

1

B

12

8

8.1

1

1

2

B

13

16

16.3

1

1

3

D

14

16

16.3

1

1

3

C

15

16

16.3

1

1

2

E

16

16

16.3

1

1

3

C

17

16

16.3

1

1

1

B

18

16

16.3

1

1

1

B

19

16

16.3

1

1

2

E

20

7

7.1

1

1

2

D

21

7

7.1

1

1

2

B

22

7

7.1

1

1

3

E

23

7

7.1

1

1

1

B

24

7

7.1

1

1

2

B

25

7

7.1

1

1

3

D

26

7

7.1

1

1

1

B

27

14

14.3

1

1

3

C

28

16

16.3

1

1

2

E

29

14

14.1

1

1

2

A

30

14

14.1

1

1

1

B

31

2

2.1

1

1

2

A

32

11

11.1

1

1

1

B

33

3

3.1

1

1

1

D

34

2

2.1

1

1

3

C

35

7

7.1

1

1

1

D

36

2

2.1

1

1

2

C

37

8

8.1

1

1

2

B

38

16

16.3

1

1

3

C

39

8

8.1

1

1

2

E

40

7

7.1

1

1

2

D

41

8

8.1

1

1

3

E

42

7

7.1

1

1

2

B

43

7

7.1

1

1

2

C

44

7

7.1

1

1

3

B

45

2

2.1

1

1

2

D

46

8

8.1

1

1

3

B

47

11

11.1

1

1

2

D

48

2

2.1

1

1

2

C

49

2

2.1

1

1

3

D

50

11

11.1

1

1

2

D

51

11

11.1

1

1

2

C

52

11

11.1

1

1

1

B

53

11

11.1

1

1

2

D

54

11

11.1

1

1

2

C

55

14

14.1

1

1

3

B

56

14

14.1

1

1

1

A

57

7

7.1

1

1

2

D

58

7

7.1

1

1

1

A

59

7

7.1

1

1

2

A

60

7

7.1

1

1

1

E

61

7

7.1

1

1

1

A

62

7

7.1

1

1

2

C

63

7

7.1

1

1

3

B

64

8

8.1

1

1

3

C

65

8

8.1

1

1

2

C

66

8

8.1

1

1

3

B

67

7

7.1

1

1

2

D

68

7

7.1

1

1

1

C

69

8

8.1

1

1

2

C

70

7

7.1

1

1

2

C

71

16

16.3

1

1

2

B

72

16

16.3

1

1

3

C

73

14

14.1

1

1

2

D

74

7

7.1

1

1

2

C

75

2

2.1

1

1

3

B

76

14

14.1

1

1

1

E

77

14

14.1

1

1

3

D

78

11

11.1

1

1

2

E

79

2

2.1

1

1

2

C

80

16

16.3

1

1

1

B

81

7

7.1

1

1

2

D

82

11

11.1

1

1

1

E

83

14

14.1

1

1

1

C

84

7

7.1

1

1

3

D


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет