63
Ассимиляцияның нәтижесінде бір этностың өкілдері екіншісінің тілін және
мәдениетін меңгереді және бұрынғы этникалық белгілерінен толық
айырылды.
Консолидация (нығайу) - біршама тәуелсіз халықтардың және олардың ірі
топтарының әдетте тілі, және мәдениеті бойынша туысқан біріңғай тұтас
этникалық ортақтыққа қосылу үрдісі.
Адаптация - бейімделу адамдардың жаңа этникалық ортада өмірге
бейімделуі, немесе осы ортаның экономикалық және әлеуметтік салаларында
солармен өзара қатар өмір сүру.
Интеграция бірігу-әртүрлі этнстардың негізгі этникалық белгілерді сақтай
отырып, этникалық мәдени байланыс орнату үрдісі.
Автохтонды- дәстүрлі өмір сүру образын қолданатын жергілікті аз
халықтарды жатқызады. Белгілі бір территорияны алғаш қоныстанғандарды
айтады. Қазіргі таңда бұл терминді этнологияда емес биологияда көп
пайдаланады.
Геноцит - үстем етуші этникалық қауымдастықтың белгілі бір мақсатта
діни, рассалық, этникалық топты, толығымен немесе жартылай жоюы.
Апартейд - бір рассалық топтың екінші топқа жүйелі түрде жою
мақсатында үстемдік ету формасы.
Сегрегация - Рассалық немесе этникалық белгісіне қарай жеке тұрғындар
тобын күштеу арқылы этномәдени изоляциялау. Негізінен бұндай саясатты
автономиялы елде жүргізеді. Мысалы Ресей, Англия, Қытай.
Достарыңызбен бөлісу: