Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет34/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған арнайы сыныптардағы білім беру процесі Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының екі түрімен қамтылған. Олардың мазмұны ҚР МЖБС талаптарының орындалуына бағытталмаған.
Оқу жоспары мен бағдарламаларының бірінші түрі жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға бағдарланған. Оқу жоспары мен бағдарламаларының екінші түрі – орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға бағдарланған. Оқытудың орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады.
Оқу процесі барлық оқу жылдарында орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен болған танымдық қызметтің тұрақты бұзылуын ескере отырып, құрастырылған арнайы оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, жұмыс дәптері, әдістемелік ұсыныстар, арнайы АКТ) көмегімен жүзеге асырылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру
Мектеп өз түлектерін өмірге, еңбек қызметіне тікелей қосылуға дайындайды. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың өзіндік ерекшелігі әрбір оқу пәнінің мазмұнына пропедевтикалық (дайындық) оқу материалын қосу болып табылады. Бұл материалдар оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгеруге даярлауға бағытталған.
Барлық оқу пәндері бойынша оқыту мазмұнының практикалық бағыттылығы бар және ол оқушыларға олардың өзіндік заттық-практикалық әрекетіне, қоршаған өмірдің нысандары мен құбылыстарды бақылауларына сүйене отырып, ұсынылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеттері қиын болғандықтан, мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырады және бағыттайды, оқу тапсырмасының ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушы әрекетінің жетілмеген бөлігінің қызметтерін өзіне алады. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту процесін арнайы педагогикалық басшылыққа алудың психологиялық негізі П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру теориясы болып табылады [11].
Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:

  1. «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Балалар музыка тыңдауды, ән айтуды, билеуді, белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.

  2. «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

  3. «Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету процесінде маңызды орын алады. Бұл балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте кең таралған болып табылады және тұрақты сипатқа ие. Бұл сөйлеу бұзылулары баланың психикалық дамуына, оны оқытудың тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі жоғары жүйке қызметінің бұзылыстарының сипатына, ең алдымен аналитикалық-синтетикалық қызметінің төмендеуі деңгейіне негізделген. Логопедиялық жұмыс сөйлеу тілі дамуының жеке кемшіліктерін жоюға ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы кем оқушылардың жалпы сөйлеу тілін дамытуға, сауат ашу, ана тілі, математика және басқа пәндер бойынша бағдарламаларды меңгеруде сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған.

  1. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру дағдыларын, қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне араласу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарда сынып 2 топқа бөлінеді.

  2. «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін). Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады: әр түрлі модальдық түйсінуді белсендіру; қабылдаудың барлық түрлерін дамыту; кеңістіктік-уақыттық бағдарлауларын қалыптастыру және графикалық дағдыларын дамыту; танымдық белсенділігін және дербестігін арттыру.

Білімді балдық бағалау түзету циклінің пәндері бойынша жүзеге асырылмайды. Оқушылардың жетістіктерін сипаттық бағалау пайдаланылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек дайындығына ерекше мән беріледі. Еңбекке баулу баланың ақыл-ой дамуын және оның адамгершілік тәрбиесін түзетудің қуатты құралы ретінде қарастырылады. Еңбекке дайындау түлектерге мектеп бітіргеннен кейін өндіргіш еңбекке тікелей кірісуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу балаларда қарапайым еңбек тәсілдерін, жалпы еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады, өз беттілігін және еңбек қызметіне деген оң уәждемесін дамытады.
4-6-сыныптарда алдағы уақытта окытылатын кәсіптік-еңбектік оқыту үшін пропедевтикалық, кәсіптік диагностикалық және кәсіптік бағдарлық болып табылатын «Жалпы еңбектік дайындық» курсы енгізіледі. Бұл курс сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімдеу мақсатында енгізіледі. Жалпы еңбектік дайындық процесінде оқушылар тұрмыста әрбір адамға қажетті еңбек әрекетінің әр түрін меңгереді.
7-сыныптан 9-сыныпқа дейін еңбекке баулу кәсіби бағыттылықпен жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіндерін өңірдің ерекшеліктерін және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектеп әкімшілігі анықтайды. Еңбекке баулу бойынша сабақтарда сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Топтарды жинақтау оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, дәрігердің ұсынысы бойынша жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіні баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқытудың бейіні өзгеруі мүмкін.
5 -6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында жүзеге асырылады. Еңбек тәжірибесін өтудің мерзімі мен тәртібін жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.
Мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіппен босатылуы мүмкін. Еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар тапсырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет