Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет47/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Дәріс түрі: Ақпараттық
Дәрістің мақсаты: Студенттерге білім беру бағдарламаларын және ҚР Үкіметінің ережелерімен, бұйрықтарымен таныстыру
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 
Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.
Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның орытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға негізделеді:

  • Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын айқындайды.

  • Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы.

  • Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді.

  • Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.

  • Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2016-2017 оқу жылында 1-сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады [16, 17], 2-11 сыныптар (пилот мектебіндегі 2- сыныптардан басқа) - МЖМБС іске асырылады [10].
Жаңартылған білім беру мазмұнында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде оқу жетістіктерін анықтауда да критериалдық бағалау жүйесі қолданылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
Осыған орай МЖМБС сәйкес білім беру сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, тез өзгеретін әлемде табысқа жету; орта мектептерде Қазақстан Республикасының азаматының зияткерлігін, дене бітімі және рухани дамуын қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырында бекіткен №499 қаулысымен бекіткен жалпы білім беру ұйымдар (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік Ережелері бойынша аталған оқу ұйымдарында түрлі кемтарлықтар бойынша ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үшін, ата-аналар қызығушылықтарын ескере, жергілікті білім беру басқармаларымен келісіле отырып арнайы сыныптар ашу мүмкіндіктері қарастырылған. Арнайы сыныптарды ашудың басты мақсаты аталған санаттағы оқушылар үшін олардың жеке типологиялық ерекшеліктеріне, соматикалық және жүйке-психологиялық денсаулығының жай-күйіне сәйкес қолайлы педагогикалық жағдай жасау.

Қазақстанның Жалпы білім беретін мектептерінде арнайы сыныптар КСРО ағарту Министірінің 1981 жылдың 3 шілдесіндегі № 103 бұйрығы мен КСРО ағарту Министірінің 1985 жылдың 17 қыркүйегіндегі №72-М хаты негізінде өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдарының басында ашыла бастаған. «Теңестіру сыныптары» деп аталатын арнайы сыныптар, ең алдымен даму кемтарлығында саны көп оқушылар санаты болып саналатын психикалық дамуының тежелуi бар (ПДТ) оқушылар үшін ашылаған. Оқу процесі мен сыныптардың жұмыс істеу күн тәртібі физиолог, медициналық қызметкерлер мен дефектологтардың көпжылғы кешенді ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген. Зерттеулер нәтижелері бұл санаттағы оқушылар үшін оқу еңбегі мен демалудың рационалды үйлесімдігін, Арнайы түзету сабақтарын өткізуді және де кешенді емдік-түзету шараларды қамтамасыз ететін оқыту Арнайы жағдай жасау қажеттілігін куәлендірген.


Психикалық дамуының тежелуi бар балалар үшін арнайы сыныптарда Арнайы жағдай жасау жалпы білім беретін мектептің қызметін сапалық тұрғыдан жақсарту жұмысының бір формасы ретінде қарастырылған.

Ғалымдармен әзірленген саралай түзете-дамыта оқыту жүйесі келесі нормативті құжаттармен қамтамасыз етілген: теңелту сыныптардың Ережелері, арнайы сыныптарға қабылдау ұсынымдары, бірнеше оқу жоспарларының нұсқалары, 1986 жылы бекітілген бастауыш сыныптар үшін арнайы үлгілік бағдарламалар.


Психикалық дамуының тежелуi бар оқушыларға арналған сыныптарға, жалпы білім беретін мектептердің бірінші және екінші сыныптарында оқыған, мектеп бағдарламасын меңгеруде тұрақты қиындық көрген, сонымен қатар мектепте оқымаған және балабақшада психикалық дамуының тежелуi бар ретінде диагностикаланған 6-9 жастағы балалар қабылданған. Осыдан бастауыш сыныптар құрлымы екі нұсқада берілген: 1-ші нұсқада – 2, 3, 4 сыныптар құрамында – жаппай мектепте нәтижесіз оқытылған оқушылар үшін; 2-ші нұсқа – мектепалды даярлық, 1, 2, 3, 4 сыныптар құрамында – алдында мектепте оқытылмаған балалар үшін. Толық емес орта мектепті бітірген теңестіру сыныптардың түлектері жаппай мектептер үшін бекітілген білім беру куәлігін алған.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдар ортасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оңтайландыру процесі кезінде жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар саны қысқартылды, сақталып қалған сыныптар кешенді түрде берілетін Арнайы білім мен жағдайларды жоғалта бастады (ұзартылған күн, ыстық тамақ, логопедтің көмегі және т.б). Олардың қызмет етуін қамтамасыз ететін қажетті нормативті-құқықтық негіз де құрылған жоқ.


Соңғы онжылдықта еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде дамуында кемтарлығы бар оқушылардың түрлі санатына арналған арнайы сыныптар көбейіп саны 1200-ден астам болды, бұл осы сыныптарда оқытылатын оқушыларға отбасында тұрып жергілікті мекенжайы бойынша оқуға, ал мектептерге білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының үкіметімен ратификацияланған халықаралық құқықтық актілердің талаптарына сәйкес инклюзивтілік ұстанымы тұрғысынан дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, арнайы сыныптардың нормативті және әдістемелік жұмысы осы күнге дейін қамтылмаған, бұл арнайы сыныптар жағдайында оқытылатын, қарастырылып отырған санаттағы оқушылар үшін көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына кері әсер етуде. Жалпы білім беретін мектеп әкімшілігін, мұғалімдер кадрлары мен мамандарды арнайы сыныптарда жұмыс істеу үшін дайындау жүйелілік сипатқа ие болған жоқ. (Толық мәлімет алу үшін «Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру» туралы әдістемелік ұсынымды талдау керек!)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет