Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынов атындағЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ ТӘЖІРИБЕСІ



Pdf көрінісі
бет146/167
Дата13.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#125630
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   167
Байланысты:
conference collection 2020
мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
«Медиация»  термині  латын  тіліндегі  «mediare»  сөзінен  шыққан,  бұл 
делдалдық  дегенді  білдіреді.  20  ғасырдың  2-жартысында  практикалық 
конфликтология  бағыты  болып  медиация  танылған,  оның  мақсаты  даулы 
заң  мәселелері  бойынша  өзара  қанағаттандыратын  шешімді  табу  болып 
табылады.  
Медиация  –  бұл  үшінші  жанжалға  мүдделі  емес  тараптың 
қатысуымен  дауларды  баламалы  реттеудің  түрі.  Осы  тарап  ретінде 
медиатор  әрекет  етеді,  ол  дауға  немесе  сот  талқылауына  қатысушыларға 
белгілі  бір  келісімді  әзірлеуге  көмектеседі,  бұл  ретте  тараптар  дауды 
реттеу  бойынша  шешім  қабылдау  процесін  және  оны  шешу  шарттарын 
толығымен бақылайды. 
Туған жері англосаксондық құқық жүйесінен бастау алған бұл құқық 
жүйесі  Ұлыбританияда,  АҚШ-та  және  Австралияда  тәжірибеден  өтеді. 
Одан әрі медиация Жер шарының еуропалық бөлігіне таралды, одан кейін 
даулы жағдайларды шешудің осы тәсілі Шығыс – Үндістан, Корея, Қытай, 
Жапония  елдеріне  жетті,  ал  2011  жылғы  5  тамыздан  бастап  Қазақстанда 
«Медиация туралы» Заңға қол қойылып, енгізілді. 
Жоғарыда 
айтылғандай, 
медиаторлардың 
мақсаты 
болып 
жанжалдасатын  тараптарды  татуластыру  болып  табылады.  Медиатор 
бейтарап  тұлға  ретінде  даулы  жағдайды  шешу  және  өзара  тиімді  келісім 
жасау мақсатында ерікті келіссөздер жүргізеді.  
Қазақ  халқы  үшін  бітімгершілік  –  билік  айтудың  ең  озық  өнегесі. 
Тоқсан  рулы  елдің  дауларын  тоғыз  ауыз  сөзбен  түйіндеп,  татуластырып 
отырған  дана  бабаларымыздың  бітімгершілік  саясаты  егеменді  елімізде 
жаңа  серпінмен  қолға  алуы  өте  құптарлық  жайт.  Яғни,  қолданысқа  енген 
Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы»  Заңы  аты  бөлек 
болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес.  


 
 
Дауларды  соттан  тыс  шешу  қажеттілігі  талап  арыздардың  санының 
азаюына,  тиісінше  судьяларды  жеңілдетуге  негізделген,  бұл  оларға 
неғұрлым мұқият және терең қиын және күрделі істерді қарауға мүмкіндік 
береді.  Егер  алғашында  медиация  тек  отбасылық  жанасу  мәселелерінде 
қолданылса,  одан  әрі  оны  қолдану  аясы  кеңейді  және  қазіргі  уақытта 
азаматтық және қылмыстық құқықтағы жанжалдарды реттеуге жәрдемдесу 
бар.  Медиацияның  басқа  рәсімдерден  елеулі  айырмашылығы  қақтығысты 
іске  қосылған  адамдарға  жеңілген  адамды  сезбей  келісімге  қол  жеткізуге 
көмектесетін медиатордың бейтарап позициясында болады. Медиацияның 
артықшылығы-даулы  тараптардың  барлық  қатысушылардың  мүдделерін 
ескере отырып, дауды шешу мүмкіндігін алуы.  
Медиация  рәсімі  сот  талқылауынан  аз  уақыт  (орташа  есеппен 
бірнеше  сағаттан  жұмыс  күніне  дейін),  сотқа  қарағанда,  одан  кейінгі 
аппеляциясыз  аз  қаржы  шығындарымен  және  қақтығысты  бейбіт  реттеу 
мүмкіндігімен  ерекшеленеді.  Біз  жаһандық  түсіністегі  классикалық 
құқықтану  мәнінің  тез  төмендеуін,  келіссөздер  жүргізуді  және 
қақтығыстарды құзыретті басқаруды күшейтуді айқындай аламыз.  
Медиация  азаматтық,  еңбекке  қатысты,  отбасылық  және  басқадай 
құқықтық  қатынастарға  байланысты,  сондай-ақ  ауырлығы  шағын  және 
орташа  қылмыстық  істер  жөнінде  туындаған  дауларда  қолданыла  алады. 
Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болған жағдайда медиацияны 
қолдануға  тыйым  салынады  [1].  Азаматтар,  сондай-ақ    заңды  тұлғалар 
медиацияға  белсенді  түрде  жүгінген  жағдайда  сот  жүйелеріне  түсетін 
ауыртпалықты  айтарлықтай  жеңілдетіп,  соның  арқасында  анағұрлым  ірі 
істердің  шешілу  сапасын  арттыруға  болады.    Халықаралық  статистикаға 
сәйкес,  барлық даулардың  30-40  %  медиация  рәсімінен  өтеді,  олардың  85 
%-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген [2].  
Медиацияны  жүргізу  мынадай  қағидаттарға  негізделеді:  еріктілік; 
құпиялық; 
өзара 
сыйласушылық; 
тараптардың 
тең 
құқылығы; 
медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы. 
Болашақта  отандық  мемлекеттік  органдар  еуропалық  тәжірибеге 
сүйене  отырып,  сот  медиациясы  институтын  соттан  тыс  медиациямен  тең 
қолдану  арқылы  медиация  саласына  тартылатын  болады.  Мысалы,  сот 
өндірісінде  іс  болған  кезде,  бірақ  тараптар  келісімге  қол  жеткізу 
мақсатында  сот  медиациясын  жүргізеді.  Мұндай  жағдайда  іс  жүргізуді 
тоқтата тұру мүмкін, ал  іс медиативтік  процесс мақсатында басқа судьяға 
өтеді,  әрі  қосымша  шығынсыз.  Талап-арыз  және  оған  қарсылық  алған 
жағдайда судья дауды медиаторға беру мүмкіндігін қарайды. Бұл беру екі 
жағдай болған кезде мүмкін: 
1) дұрыс емес мәселені шешу; 
2) егер дауға үшінші тұлғалар тартылмаса. 
Егер  медиация  нәтижесінде  келісімге  қол  жеткізілсе,  іс  бойынша  іс 
жүргізу тоқтатылады. Егер келісімге қол жеткізілмесе, онда іс бойынша іс 


 
 
жүргізу  қайта  басталады  және  сот  талқылауы  жалғасады  (Германия 
тәжірибесі) [3]. 
Медиацияның  арқасында  тараптардың  жеке  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғаудың  икемді  рәсімін  пайдалану  мүмкіндігі  бар,  даудың 
коммерциялық  және  заңды  жағынан  басқа,  өтемақы  заңының  шеңберінен 
шығатын  екі  тараптың  да  жеке  мүдделері  болуы  мүмкін.  Уақыт  пен 
қаражатты  үнемдей  отырып,  тараптардың  өзара  қарым-қатынасы 
сақталады, өз проблемаларын дербес және тиімді шешуге деген сенімділік 
артады. 
Медиацияны 
пайдаланудың 
жеткіліксіздігі 
компания 
менеджерлері  мен  ішкі  заңгерлердің  сыртқы  заңгерлерге  дәстүрлі  алдын 
ала  жүгінуіне  байланысты,  олардың  көпшілігі  медиацияны  өз 
қаламақыларын  негізді  төмендету  үшін  себеп  деп  санайды.  Бұл  көзқарас 
заңгердің өз клиентін дауды жедел шешу үшін медиацияны пайдаланудан 
бас тартуына негіз болып табылады. 
Тәжірибеге  жүгінсек,  медиацияның  бір  оңтайлы  жағы  -  қаржылық 
жағынан  соттық  шығынға  қарағанда  төмендігінде  және  уақыттың 
үнемділігінде.  Сотта  іс  әдетте  ұзаққа  созылады,  ол  тіпті  айларға  созылуы 
мүмкін.    Бірнеше  мәрте  сот  отырыстары  белгіленеді,  оған  тараптардың 
бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте 
медиацияның  келесі  ерекшеліктері  алдыңғы  қатарға  шығады  – 
тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды 
шешуге медиаторға небәрі 30 күн  уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен 
бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс. 
Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында 
өзара  ынтымақтаса  қимылдайды.  Сот  тағайындалады,  ал  медиатор 
таңдалады.  Сот  шешімді  заңға  сәйкес  қабылдайды,  ал  медиатор 
тараптардың  мүдделерін  ескере  отырып,  бірақ  заң  аясында  қабылдайды. 
Сот  -  жария  үдеріс,  ал  медиация  құпиялылықты  қамтамасыз  етеді,  бұл 
медиатордың  рәсім  барысында  мәлім  болған  ақпаратты  оны  ұсынған 
тараптың  келісімінсіз  жария  қылуына  жол  бермейді,  сәйкесінше, 
медиатордан  куәгер  ретінде  жауап  алуға  рұқсат  етілмейді.  Медиаторға 
жүгіну  керек  пе,  жоқ  па  дегенді  тараптар  өзара  келісіп  шешеді.    Мұндай 
жолмен  мәселенің  шешілуі  мүмкін  болмаған  жағдайда  олардың  сотқа 
жүгіну  құқығы  сақталады.  Медиация  барысында  тараптардың  тең 
құқылықты  көздейтіні  сөзсіз,  сондай-ақ  оларға  тең  міндеттер  жүктеледі.  
Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны 
мен  медиацияны  жүргізу  барысында  қай  тілдің  қолданылатыны  жайында 
келісе  алады.  Тараптардың  келісімімен  медиатор  медиацияның  жүргізілу 
күні мен уақытын белгілейді. 
Медиация  процесінің  табыстылығы  медиатордың  коммуникативтік 
сыйына  байланысты:  әңгімедегі  конструктивтілік,  тарапты  адал  жауап 
беруге  мәжбүр  ететін  мәселелердің  дәлдігі,  тараптарға  бір-бірін  тыңдауға 
мүмкіндік  беретін  келіссөздерді  бақылау.  Сондай-ақ,  нормативтік-
құқықтық  базаны  жақсарту  мақсатында  ҚР  Әділет  министрлігімен 


 
 
ынтымақтастық  туралы  меморандумдар  жасасу  жоспарлануда.  ҚР 
Жоғарғы  Соты  -  азаматтарды  соттар  мен  судьялар  арқылы  хабардар  ету 
үшін,  Бас  прокуратура  -  медиаторлардың  қызметіндегі  заңдылықты 
бақылау  үшін,  Дүниежүзілік  медиаторлар  қауымдастығын  құру 
жоспарлануда. Мысалы, АҚШ, Германия және Австрияда медиация заңды 
күшіне  ие.  Егер  медиатордың  араласуын  тараптардың  дау-дамай  шешу 
үшін  қажет  деп  есептесе,  америкалық  судья  заңды  негізде  процесті 
тоқтатады.  Ұлыбританияда  жанжал  туындаған  жағдайда  оператор 
жағдайға  құзыретті  және  қоңырау  шалушыға  жақын  орналасқан 
медиаторды  таңдайтын  ыстық  желіге  қоңырау  шалуға  болады. 
Германиядағы  медиация  институты  тікелей  сотта  орналасқан,  бұл  сот 
жүйесі  қызметкерлерін  айтарлықтай  жеңілдетеді,  ал,  Австрияда  медиатор 
мамандығы ресми танылған. 
Қарапайым 
халыққа 
мeдиация 
институтының 
тәжірибеде 
қолданылуының  мынадай  тиімді  тұстарының  бар  екендігін  ұғындыру 
қажет:  даулаpды  жeкe  қаpсылық  аясынан  мүддeлi  пiкipталас  аясына 
ауыстыpа  отыpып,  олаpдың  жанжалдылығын  жәнe  қауыpттығын 
төмeндeтугe  көмeктeсeдi;    мүддeлi  азаматтаp  мeн  ұйымдаpға  даулаpды 
сотқа  жүгiнбeстeн  сотқа  дeйiн  шeшугe  мүмкiндiк  бepeдi;  iстepдiң  санын, 
судьялаpдың жүктeмeсiн азайтуға ықпал eтeдi;  мeдиация pәсiмiнe өмipлiк 
тәжipибeсi  үлкeн,  жоғаpы  бiлiмдi  адамдаpды,  сот  төpeлiгiн  атқаpуда 
тәжipибeсiн  толық  қолдануға  болатын  отставкадағы  судьялаpды, 
пpокуpоpлаpды  таpту  мүмкiндiгiн  ұсынады;  дауға  қатысушылаpдың 
баpлығынан  күндeлiктi  өмipдe  қолданыстағы  заңнама  ноpмалаpын  бiлу 
жәнe  қолдану  дағдылаpы  талап  eтiлeтiндiктeн,  жалпы  құқықтық 
мәдeниeттiң  дамуына  әсep  eтeтiнiн  дe  бағалау  кepeк;    мeдиация 
жағдайында  қабылданған  шeшiм  eкi  таpап  үшiн  дe  тиiмдi  болғандықтан, 
яғни,  қажeттi  шeшiмдi  «бастыpмалау»  қажeттiлiгi  болмағандықтан, 
сыбайлас  жeмқоpлықтың  алдын  алуға  мүмкiндiк  бepeтiнiн  дe  айтпай 
кeтугe болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет