Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынов атындағЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДОНОРЛЫҚТЫ



Pdf көрінісі
бет54/167
Дата13.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#125630
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   167
Байланысты:
conference collection 2020
мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДОНОРЛЫҚТЫ 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Халық  денсаулығы  –  мемлекеттің  басты  басымдығы.  Бүгінгі  таңда 
халықты  адамның  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  тудыратын  сапасыз 
тауарлар мен қызметтерден қорғайтын біртұтас саясат қалыптаспады [1].
    
Адамның  ағзалары  мен  тіндерін  тірі  донордан  немесе  мәйіттен 
трансплантациялау  (ауыстырып  салу),  егер  де  емдеудің басқа да  тәсілдері 
пациенттің  өмірін  құтқаруды  немесе  денсаулығын  қалпына  келтіруді 
қамтамасыз  ете  алмаса  қолданылады.  Тірі  донордан  (трансплантациялау) 
ауыстырып  салу,  денсаулыққа  елеулі  зиян  келмейді  деп  тапқан  жағдайда 
ғана  тиісті  дәрігерлерді  тарту  арқылы  медициналық  ұйымның  дәрігерлік 
комиссиясының  қорытындысы  арқылы  ғана  жол  беріледі.  Тірі  адамның 
органдары  мен  тіндерін  трансплантациялауға  (ауыстырып  салуға), 
кәмелетке  толмаған  адамның  кәмелетке  толған  адамның  дұрыс  ақпарат 
бермейінше,  ерікті  түрде  келісім  бере  алмайтын  есі  дұрыс  емес  адамның 
ағзаларын ауыстыруға жол берілмейді.  
 
Эксперимент  және  тіндік  терапия  мақсатында  жануарлардың  және 
адамның  органдары  мен  тіндерін  трансплантациялау,органдарды  және 
тіндердің  жекелеген  учаскелерін  жымдастыружүргізіледі.Трансплантация 
үшін  алатын  материалды  донор  деп  аталады,  ағзаға  қондыратын 
материалды реципиент немесе қожайын деп атайды.  
Трансплантация  –  реципиенттің  денсаулығын  қалпына  келтіру 
мақсатында,  оған  донордың  органдары  мен  тіндерін  ауыстырып  салу 
жолымен  медициналық  қызмет  көрсету  немесе  медициналық  сипаттағы 
қызметтерді  орындайтын  медициналық  көмектің  бір  түрі.  Клиникалық 
трансплантологияда  ағзалар  мен  тіндерді  аутотрансплантациялау  кеңінен 
тарады,бұл  жерде  ауыстырып  салу  түріндегі  тіндік  сәйкессіздік  орын 
алмайды. 
Сонымен  қатар,  реконструктивті  хирургияда адамның өзі  болжамды 
донор, тірі  кезінде өзінің органдары мен тіндеріне иелік етуді өзі шешеді. 
Өмір  мен  денсаулық  барлық  халықтар  үшін  іргелі  құндылық  болып 
танылады, сол себепті қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің ішінде 
ерекше  орынды  иеленеді.  Өмірден  тыс және  денсаулықсыз,  құқықтар  мен 
бостандықтар және басқа да жеке игіліктер жай сөз болып қалады.  


 
 
Адам  биоматериалының  заңсыз  айналымы  –  жергілікті  емес  нақты 
мәселе, яғни әлемдік деңгейдегі проблема. Қазақстанды бұл жерде әлемдік 
қауымдастықтан бөліп қарай алмаймыз. Адамның органдары мен тіндерін 
заңсыз  алу  мен  айналымының  проблемасы,  ауыстырып  салу  мақсатында 
адамның  органдары  мен  тіндерін  алудың,  сақтаудың  және  айналымының 
жеткілікті түрде реттелмегендігін көрсетеді.  
Донорлықтың  маңызды  мәселерінің  бірі  болып,  адамның  ағзалары 
мен тіндерін ауыстырып салу мақсатында келтірілген шығындарды өтеудің 
проблемасы  танылады.  Қазіргі  уақытта  әлемдік  тәжірибеде  медициналық 
мекемеге  немесе  нақты  реципиентке  ағзалар  мен  тіндерді  ұсынғаны  үшін 
сыйақы  берудің  оптималды  көрсеткішін  анықтауда  екі  қайшылықты 
тұжырым бар.  
Трансплантация  барысында  туындайтын  медициналық  проблемалар 
қатарына:  донорды  иммунологиялық  таңдау  мәселесі,  пациентті 
операцияға  дайындау  (ең  алдымен  қанды  тазалау)  және  органды 
ауыстырып  салудың  зардабын  жоятын  операциядан  кейінгі  терапияны 
жүргізу.Донорды дұрыс таңдамау операциядан кейін реципиенттің имунды 
жүйесінен  енгізілген  органның  бөлінуіне  алып  келуі  мүмкін.  Бөліну 
үдерісін  туындатпау  үшін,  иммунды  басатын  препараттар  қолданылады 
және ол препараттар өмірінің соңына дейін қолданылуы мүмкін.  
Аталған  препараттарды  қолдану  барысында  науқастың  өлуіне  алып 
келуі  де  мүмкін.  Органдарды  трансплантациялау  пациенттердің  өміріне 
үлкен  қауіп  тудырады,көптеген  тиісті  операциялар  әлі  күнге  дейін  емдік 
эксперименттердің  санатына  жатқызылады  және  клиникалық  тәжірибеге 
енбеген. 
ДДҰ 
ұсыныстарын 
ескере 
отырып, 
трансплантология 
саласындағы  қатынастарды  құқықтық  реттеудің  жүйесі  («Халық 
денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі»  туралы  Қазақстан 
Республикасының  Кодексінде)  Қазақстан  Республикасының  азаматының 
ағзасының бір бөлігін ақысыз алуға қатысты заңшығарушы теріс көзқарас 
білдіруде.  
Аталған  Кодекстің  169  бабында    адамның  тіндерін  (тіндердің  бір 
бөлігін)  және  ағзаны  (ағзаның  бір  бөлігін)  мәжбүрлеп  алуға  тыйым 
салынады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  қатысудың  ұйымдасқан 
нысанын  дұрыс  түсінуді  қалыптастыру  және  ғылыми  негізделген 
топтастыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңдарында 
бекітілген  қатысудың  ұйымдасқан  нысанына  салыстырмалы  талдау 
жүргізу  қажет.  Қазіргі  кезде  денсаулық  сақтау  органдары  қан  донорының 
ақылы болуынан бас тарта алмауда.  
Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасында  қанның  және  ұрықтың 
донорлығының  ақылы  алуына  тиісті  этикалық  сараптаманың  болмауы 
елеулі әлеуметтік салдарларға алып келеді. (материалды сыйақыны алудың 
мүмкіндігі  болжамды  донорлардың  реципиенттің  денсаулығына  зиян 
келтіруі  мүмкін  өздерінің  ауруларын  жасыруына  алып  келуі  мүмкін  және 
т.б.)  Қазақстан  Республикасының  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық 


 
 
сақтау туралы» Кодексінің 169 бабына сәйкес адамның тіндерін (тіннің бір 
бөлігі)  және  (немесе)  ағзаларын  (ағзаларының  бір  бөлігін)  сатуға  және 
сатып  алуға  тыйым  салынады.  Тек  қылмыстық  заң  Қазақстан 
Республикасында  адамның  ағзалары  мен  тіндерінің  ақысыз  айналымы 
қағидасының  маңызы,  оның  әлеуметтік  құндылығын  арттыра  отырып, 
трансплантология 
саласындағы 
пайдакүнемдік 
мінез-құлқын 
қабылдамайтын  жағдайға  жеткізеді.  Адамның  ағзалары  мен  тіндерін 
ауыстырып  салудағы  тапшылық  және  трансплантология  саласындағы 
адамның қылмыстық әрекеті жоғары табыстарға алып келуі мүмкін. [3; 81-
82 бб].   
Қазақстан  Республикасында  ақысыз  донорлықты  қылмыстық-
құқықтық қамтамасыз ету мәселесін бір бөлігін шешуді анықтау үшін, ҚР 
Қылмыстық  кодексінің  195-бабы  «Қылмыстық  жолмен  көрінеу  алынған 
мүлікті иелену немесе өткізу» көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының 
«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі»  туралы  кодексіне 
қайшы  келетін  донорлық  органдар  мен  тіндер  саласындағы  құқықтық 
тәртіпті  қамтамасыз  ететін,  жағдайды  бұзу  нәтижесінде  туындайтын 
қоғамдық қатынастар  арнайы  қылмыстық құқықтық  реттеудің  пәні  болуы 
тиіс. 
 
Азаматтардың  мүддесін  бұзатын  трансплантация  туралы  заңдарды, 
келісімдерді  және  шарттарды  жарамсыз  деп  тану  туралы  талаптар  тек 
сотқа жолдануы қажет ғана емес және адамдардың ағзалары мен тіндерінің 
азаматтық  айналымын  шектеуді  қылмыстық-құқықтық  қамтамасыз  етілуі 
шарт.«Әр құқықтық норма - қолданыстағы заңнаманың жалпы нормативтік 
жүйесі.  Қылмыстық-құқықтық  нормаларды  жіктеу  мен  жүйелеудің 
маңызды  критериі  ретінде  қылмыстық  құқықбұзушылық  объектісі 
танылады.  Адамның  ағзасы  мен  тіндерінің  заңсыз  айналымы,  ақысыз 
пайдалану бостандығының жарнамасы, қоғамның моральдік денсаулығына 
қауіпті,  тұлғаның  құндылығының  төмендеуіне  және  қоғамдық  сананың 
азғындауына  алып  келеді  және  трнасплантанттардың  нарықтық 
эквиваленті  жоқ  және  мәмілелердің  пәні  болып  табылмайды  деген  Л.Г. 
Богомолованың пікіріміен келіспейміз. [4; 82 б].  
Материалдық  дүниенің  бөлшегі  ретінде  адамның  ағзалары  мен 
тіндері, ағзадан бөлінген кезде айналымы шектелген зат болып қалады [5; 
56  б].  Қылмыстың  заты  болып  адамның  кез  келген  ағзалары  мен  тіндері 
(Қазақстан  Республикасының  «Халық денсаулығы  және  денсаулық сақтау 
жүйесі»  туралы  Кодексімен  айналымы  реттелмейтін  тіндік  компоненттер 
пайдаланылған  препараттар  мен  ауыспалы  материалдардан  басқа) 
танылады.  Қылмыстың  затын  кеңінен  талқылау  ғылымда  қалыптасқан 
коммерциялық мақсаттарда  эмбриондар  мен  ұрықтарды  өсіру,  ары  қарата 
түсік жасағаннан кейін сатуға қылмыстық-құқықтық тиым салуды анықтау 
туралы ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі.  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінде сату 
мен  сатып  алуға  тиым  салынған.  Бірақта  Г.Н.  Красновскийдің  пікірінше, 


 
 
донор  мен  реципиенттің  арасындағы  сату-сатып  алу  биоматериалдар 
қатынастарына  (немесе  арнайы  фирмалар  делдал), сондай-ақ  тараптардың 
ақылы  қатынастарының  басқа  да  нысандары-азаматтық-құқықтық 
мәмілелерге тиым салуды салуды ұсынған көзқарасымен келісеміз.[6; 28б].   
Адамның  ағзалары  мен  тіндерін  сату  мен  сатып  алудың  қоғамға 
қауіптілігін ескере отырып, мемлекеттік деңгейде жоғары мән беру қажет. 
Адамның  ағзалары  мен  тіндерін  сату  мен  сатып  алу  және  
трансплантанттан  зорлықпен  пайда  табу  мақсатында  басқа  да  мәмілелер 
жасасу  әлемде  кеңінен  тараған.  Қылмыстық  жолмен  алынған 
транспланттаты  иелену  немесе  өткізу  қылмыстық  заңмен  белгіленген 
тәртіппен жазалануы қажет.  
Соңғы  жылдары  әдебиетте  ксенотрансплантацияны  пайдалану 
перспективалары,  адамның  органдары  мен  тіндерін  ауыстырып  салу 
мақсатында  генді  инженерияның  әдістерінің  көмегімен  (алдын  ала 
бағдарланған белгілер арқылы ағзаларды жасау) жасанды өсіру және т.б.[7; 
124  б].  Бірақта,  соңғы  жылдары  адамның  ағзаларын  ауыстырып  салатын 
биологиялық шикізаттың  бірден  бір  тиімді  көзі болып  тірі  немесе  қайтыс 
болған  адам  танылады.  Қазақстан  Республикасында  ұзақ  уақыт  бойы 
донорлық мәселесі тиісті деңгейде құқықтық реттелмеді. 
Аталған  мәселені  реттейтін  құқықтық  нормалар  заңдылық  деңгейге 
шығарылмады,  сонымен  бірге  жекелеген  мамандандырылған  заңға  сәйкес 
актілермен 
топтастырылмады. 
Донорлыққа 
қатысты 
нормативті-
ұйымдастырушылық 
әсер 
ету 
ведомстволық 
сипатты 
иеленді. 
Хирургиялық  операциялардың  барлық  түрлерін  жүргізудің  шарттары  мен 
тәртібі, ауыстырып салу мақсатында адамның тіндерін әзірлеу мен сақтау 
жұмыстары  үшін медициналық мекемелер  үшін мәйіт  материалдарын  алу 
тәртібі, кеңестік кезеңде КСРО министрлігінің бұйрықтарымен реттелді.  
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында адамның тірі кезінде және 
өлгеннен  кейінгі  донорлықты  құқықтық  реттеудің  көздері  ретінде:  18 
қыркүйек 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» 
туралы  Қазақстан  Республикасының  Кодексі  құрайды.  Аталған  Кодекске 
сәйкес:  тірі  донордан  тіндерді  (тіндердің  бір  бөлігін)  алу,  сақтау, 
дайындау,  тасымалдау  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес 
тиісті  мамандық  бойынша  лицензия  алған  уәкілетті  органмен  анықталған 
тәртіпте  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  тізімінен  енгізілген  денсаулық 
сақтау  ұйымдарында  жүзеге  асырылады.  Қоғамдық  қатынастарды 
қылмыстық-құқықтық  реттеу  (құқықтық  реттеудің  жалпы  жүйесінің 
элементі ретінде) қылмыстық-құқықтық тыйым салу және оларды бұзғаны 
үшін санкцияларды анықтау жолымен жүзеге асырылады. [8; 23 б].  
Бұл  жерде  А.В.  Наумовтың  қылмыстық-құқықтық  реттеудің  пәніне 
тұлғаның  қылмыс  жасауына  байланысты  туындайтын  қорғаушы 
қылмыстық-құқықтық  қатынастар  ғана  емес,  қылмыстық-құқықтық 
нормаларда  көрініс  тапқан  жазалаумен  қауіп  туғызған  қоғамдық 
қатынастарды  да  жатқызған.  Ағзадан  тыс  көп  уақыт  анатомиялық 


 
 
сегменттердің толыққанды әрекет етуіне және өмір сүруін неғұрлым тиімді 
сақтау  үшін,органдар  мен  тіндер  жанды  болуы  шарт.  Өлген  адамдардан 
донор материалын, трансплантарды дайындауды және сақтауды жүргізетін 
медициналық  ұйымдармен  алған  жағдай  неғұрлым  күрделі  үдеріс  болып 
танылады.  
Өлім  туралы  қорытындыны  уәкілетті  орган  биологиялық  өлімнің 
болуына  немесе  бас  миының  қалпына  келмейтін  өлуі  негізінде  береді. 
Қазақстан  Республикасының  15  бабы  «Әр  адамның  өмір  сүруі  ажырамас 
құқық ретінде,  оған  қол  сұғуға  болмайтынды  дегенді  білдіреді.  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексі,  аталған  конститутциялық  ережені 
қарастырады.  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  1 
тарауында көзделген өмірге қарсы қылмыстар, кез келген адамның өмірін 
туғаннан  бастап  өлгенге  дейін  қылмыстық-құқықтық  қорғауды  көздейді. 
Донорды  алу  мақсатында  адамның  қаза  болуына  әкеп  соққан  адамның 
өміріне қасақана қол сұғу, қылмыстық құқық тұрғысынан ҚР ҚК 99-бабы 2 
бөлігі 12 тармағымен сараланады.  
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  99-бабы  2 
бөлігінің «12» тармағында көзделген аяқталған адам өлтіру деп тану үшін 
осындай  мақсатпен  адам  өлтіруді  жасау  фактісінің  өзін  анықтау  қажет. 
Адамның  ағзаларын  және  тіндерін  пайдалану  және  алудың  түсінігіндегі 
айырмашылық,  отандық  заңшығарушылармен  адам  өлтіру  құрамындағы 
трансплантация мен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 106-
бабының 2 бөлігі 9 тармағында) айқын көрініс тапқан. 
Адамның  ағзалары  мен  тіндерін  алудың  мақсаты  ретінде  донорлық 
материалды  алудағы  тұлғаның  ішкі  ұмтылысымен  сипатталады.  Сонымен 
қолсұғушылықтың өзі адамның ағзасынан құрамдас бөліктерін алу арқылы 
жүзеге  асырылады  және  бағытталады.  ҚР  ҚҚ  қарастырылып  жатқан 
бабына  қатысты  қылмысты  тірі  адамның  денесінен  ағзалар  мен  тіндерді 
тікелей алу үдерісі ретінде қарастыруымыз қажет.  
Медицина  қызметкерлерінің  әрекетсіздігін  құқықтық  бағалау 
қылмыстық  құқық  ғылымындағы  қылмыстық  әрекетсіздік  түсінігін 
талқылаудан 
туындайды,яғни: 
араласпау-әрекетсіздік 
және 
қауіп 
тудыратын әрекетсіздік.  
Бірқатар 
ғалымдардың 
пікірінше, 
биологиялық 
өлімнің 
көрсеткіштерінің  болмауына  қарамастан,  айықтыруды  жүргізбеген 
дәрігердің қасақана әрекетсіздігі, медициналық көмекті көрсетпегені үшін 
қылмыстық  жауаптылыққа  алып  келетін  араласпау-әрекетсіздік  деп 
танылады. Келтірген дәлелдер: клиникалық өлім жағдайындағы себептерге 
реаниматологтардың қатыспауы, реанимациялық шараларды жүргізу үшін 
негіз  ретінде  танылады.  Жәбірленушілердің  өліміне  алып  келген 
реаниматологтардың кәсіби міндетін орындамауына қылмыстық-құқықтық 
баға беруге байланысты басқа да көзқарастар бар.  
Аталған  көзқарасты  жақтаушы  В.  И.  Ткаченко  әрекетсіздік  арқылы, 
адам  өлтіруді  мүмкіндігін  жоққа  шығарады,  өйткені  әрекетсіздік 


 
 
жағдайында,  белсенді  ерікті  әрекет  жасалмайды,  тек  қана  тек  дүлей 
күштердің талқандаушы үдеріске жағдай жасайды. [9; 64 б].  
Қылмыстық  құқық  ғылымында  жалпы  танылған  қылмыстық  заңмен 
қорғалатын  әрекетсіздік  арқылы  зиян  келтіру  объектіге  тікелей  емес, 
белгілі  бір  күштер  арқылы  әрекетсіздік  зиян  келтіреді.  Шет 
мемлекеттердің  криминалды  тәжірибесі  көрсеткеніндей,  трансплантация 
үшін адамның ағзалары мен тіндерін пайдалану мақсатында жасалған адам 
өлтіру  ниеті  негізінен  пайдакүнемдік  сипатты  иеленеді.  Жәбірленушінің 
ағзалары  мен  тіндерін  пайдалану  мақсатында  жасалған  әрекет  және 
әрекетсіздік  арқылы  адам  өлтірудің  ерекшелігі,  қылмыстық  әрекетті 
жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтындығын көрсетеді.  
Мемлекеттік  медициналық  мекемеде  науқасқа  айықтырғыштық 
жәрдем  беретін,  ми  өлімінің  диагнозын  анықтау,  транспанталатын 
материалды  алу  үдерісі,  ағзаның  белгілі  бір  бөліктерін  пайдалану  үшін 
адам өліміне алып келетін қылмыстық нәтижеге жетуді көздейді. Осындай 
сипаттағы 
қылмыстарды 
жасауда 
медицина 
қызметкерлерінің 
әрекеттерінің  жұмылуы,  келісілген,  жедел  және  құпия  болуы,  аталған 
сипаттағы қылмыстарға ұйымдасқан сипатты иеленеді.  Адамның ағзалары 
мен  тіндерін  пайдалану  мақсатында  жасалған  қасақана  адам  өлтіруді, 
адамның  ағзалары  мен  тіндерін  алуға  мәжбүрлеу  немесе  күштеу 
нәтижесінде  алу  барысында  абайсызда  адамның  өлуіне  әкеп  соққан 
құрамнан ажырату қажет.   
Көмектесуші  түріндегі  қылмысқа  қатысушы  орындаушының 
қылмыстық пиғылы туралы әрекетіне көмектесуші ретінде көрініс табады. 
Жәбірленушінің  ағзалары  мен  тіндерін  пайдалану  мақсатында    адам 
өлтірушінің  көмектесушісі  ретінде  келесідей  санаттағы  тұлғалар 
жатқызылады.  
Біріншіден  адам  өлтірудің  объективтік  объективтік  жағын  тікелей 
орындауға  қатыспайтын,  бірақ  қылмыстық  құқықбұзушылық  жасау  үшін 
қолайлы  жағдай  туғызу  жолымен  орындаушыға  көмектесетін  адам, 
мысалы  жәбірленушініге  жалған  ақпарат  беру  арқылы  донордың  (заңды 
өкілдерінің)  хирургиялық  араласау  үшін  операцияға  көндіруі  жатады. 
Екіншіден,  адам  өлтіруге  көмектесу  пациенттің  өлгені  туралы  жалған 
факті  келтіру  арқылы  (мысалы,  жол-көлік  оқиғасынан  кейін,  операция 
жасау кезінде қалпына келмейтін жағдайдан қаза болды деп тану арқылы, 
яғни бас ми жарақатынан кейін донор органдары негігі кең таралған кіріс 
көзі),  яғни  мидың  некрозын  дұрыс  анықтау  және  құжаттамамен  бекіту 
дәрігердің құзырына жатады. 
Үшіншіден,  қылмысқа  көмектесушілер  транспланттаты  заңсыз 
алудың құқыққа қайшы екендігін, яғни оны ақылы немесе ақысыз өткізуге 
алдын  ала  уәде  берген  (мысалы,  реципиент  өкілі)  тұлға  қылмыстық 
жауаптылыққа тартылуы қажет. Адам өлтіру арқылы алынған ағзалар мен 
тіндерді  сауығу  мақсатында  ауыстыруға  келіскен  реципиенттің 
жауаптылық мәселесі  келесідей шешіледі.  


 
 
Науқас  донордың  өміріне  қатысты  қылмыстық  құқықбұзушылықта 
көмектесуші ретінде танылады. Егер де науқас операция жасап болғаннан 
кейін,  құқыққа  қайшы  түрде  адамның  ағзасы  мен  тіні  алынғанын  білсе, 
науқасты  қылмыстық  жауаптылыққа  тарта  алмаймыз.  Қорытындылай 
келгенде,  адамның  ағзасы  мен  тіндерін  заңсыз  алудың  объектісі  болып 
адамның  өмірі  мен  денсаулығын  реттейтін  қоғамдық  қатынастар 
танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет