30
Екі тіреу,
Басқышы біреу. (Н)
Ң-нан Н-ның қарашы,
Айырмасы бар қандай?
Бейне бір аяққа,
Тұзақ құрып қойғандай.(ң)
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға
қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Қатты нөсер басылды,
Күн жарқырап ашылды.
Неше түрлі әдемі
Кемпірқосақ жасалды.
Жаздық, жаздық
бәріміз
Талып қалды қолымыз
Аздап, қане дем алайық,
Содан кейін жазайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз бір дем алайық.
Түсірейік
төменге
Міне былай, қарайық
Құстай қанат қағайық.
1, 2, 3 жинап алып күш,
Қолға қалам алайық
Әсем етіп жазайық.
Аппақ болып таң атты,
Түтін тікке
ұшады
Қарлығаштар қанатын
Биік самғап ұшады.
1, 2, 3 ал қанекей ұш,
4, 5, 6, 7 мынау ауыл шеті,
8, 9, 10 ал, қане, қон.
Жел соғады бетімізге,
Жайқалады ағаштар,
Тыныш-тыныш жайқалады
31
Биік-биік
ағаштар
Сол сияқты дәптерді үстел үстіне дұрыс орналастырып, қаламды дұрыс ұстау
икемділігі үлкен төзімділікті, мұғалім тарапынан ұдайы қадағалауды, әр
оқушымен жеке жұмыс жүргізуді керек етеді. Аталған ережелерді
меңгергеннен кейін оқушылар кіші әріптер мен бас әріптерді жазуға көшеді.
Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстырып қоса білуді үйренеді.
Сауат ашу кезеңі біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыру
мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуі тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу
жұмысы тығыз да қарқынды етіп жүргізуді талап етеді. Жазуды жазылуы оңай
әріптерден бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.
Басқаша айтқанда, жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі. Көркем
жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді
жазу ғана емес, сонымен қатар жеке сөздер мен сөйлемдерді жазу да кіреді.
Екінші жарты жылдықта көркем жазу минуты жүргізіліп, оқушылардың
икемділігі одан әрі жетілдіріле түседі. 2-сыныпта жүргізілетін көркем жазу
сабақтарының мақсаты – жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ритмикалық
жазуға көшу. Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп,
ондағы сұрақ-тапсырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса, оған
байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін
естен шығармау керек. Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға
арналған графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.
Сондай-ақ жеке оқушымен жұмыс жүргізу, әрбір оқушының жазуындағы
кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді. Соған байланысты графикалық
жаттығулардың түрлері де көбейе түседі. Сөздегі әріптердібір-бірімен дұрыс
байланыстырып жаза білу машығы грамматика мен емлеге берілген жаттығу
материалдарын орындау барысында мұқият есепке алынады. Бірінші
сыныптағыдай әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі. 3-сыныпта оқушылардың
жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі. Әріптерді кішілеу етіп, тез жазуға
арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі. Алдыңғы сыныптардағыдай,
көркем жазу бұл сыныпта да қазақ тілі сабағының материалдарымен тікелей
байланыстырыла жүргізіледі.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда бұл әр жеке
оқушының қалай жазғанын елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба
жұмысын бағалап, оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі
бойынша қойылатын бағаға ескерілуі тиіс. Сонда ғана оқушы өзінің
каллигрфиясына жете мән береді.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптеріне төмендегідей біртұтас
арнайы талаптар қоюы тиіс:
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
2. Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы: оның
қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, әдебиетке
арналған дәптер, т.б.), сынып, мектептің номері мен аты, оқушының
фамилиясы мен өз атын жазып қою.