Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2
БМ әдебиетті оқыту әдістемесі3-курс, 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі, 097f4db7-ab4e-43db-b646-4fd98c8e10f0, қмж 7а кл архимед заңы, Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2, срсп, Руханият срсп 11
Әріптер тобы 
Кіші әріптер: 


63 
 
І . и  ш і  п  т  н  р  у  һ  ү 
ІІ. л  м  ь  ы  я  
ІІІ. о  а  ю  ф  д  б  
ІV. с   е  ч   ъ   в  
V.  х  ж  ә  з  к  
VI. й  ғ  ц  щ  ұ  ң  қ  э  ө  
 
Бас әріптер: 
І. И  Ш  Ц  Щ  Ч  Ұ  Ү  Л  М  
ІІ. О  Ө  С  З  Х  Е  Э  Ә  
ІІІ. Ж  У  Н  К  Қ  Ю  Р  В  Ф  
ІV. Г  Ғ  П  Т  Б   
V. А  Я  Д  Ы  Ч  
Бас  әріптердің  негізгі  элементтері мыналар: 
 
Кіші  әріптердің  негізгі  элементтері мыналар: 


64 
 
 
Әріптердің күрделі  элементтері  мыналар: 
 
Алғашқы    талдап  жазу  процесінде    оқушы  әріп  бейнесін  көз  алдына  толық  
елестеткенмен,  бірден    тұтас    жаза    алмайды.  Әріптің    толық    таңбасы  оның  
элементтерін  ретімен    жазу    арқылы    орындалады  (бұл  «Жазу    дәптерінде» 
әріптің әр элементін  нүктелермен  белгілеу  арқылы  көрсетілген). Демек, әрбір  
әріпті    жазып    шығу    дегеніміз  –  көп    қырлы    талдау  процесін    атқару    деген  
сөз.  Ал  мұның    өзі    мектеп    табалдырығын    алғаш    аттаған  бала    үшін  аса  
күрделі  іс-әрекет.  Әріп    элементтерін    ретімен  жазып    үйрену,  ең  алдымен,  
оның  неше  элементтен тұратынын  екіншіден,  ол әріпті  қай  жерден  қалай  
бағыттап    жазудымеңгертуге    септігін    тигізеді.  Әріпті    қандай    бағытта,  қай 
элементтен    бастап    жазудың    үлкен    мәні  бар.  Айталық,    «а»    әрпі    2  
элементтен    тұрады,  оңнан    солға    қарай  бағытталып  жазылатын    элементтен  
бастап  жазылады, бұлай  жазу  оны  үздіксіз  жазуға  мүмкіндік  береді.  Әріп 
пішінін (тұлғасын) қабылдаудағы негізгі кезеңдер: 
а) әріп жазбасының жалпы суретін көру арқылы қабылдау; 
ә) мұғалімнің түсіндіргеніне сүйене отырып, әрбір әріптің негізгі элементтерін 
таба  білу:  әріптің  не  оның  элементін  қай  жерден  бастап  жазу  керектігін,  әріп 


65 
 
элементтерін  өзара  немесе  келесі  әріптермен  байланыстыру  жолдарын  жете 
білу; 
б) әріптерді балалардың өздігінен жаңартып, талдай білуі. 
Әріпті білу және өздігінен жаңғыртып жазудың арасында үлкен айырмашылық 
бар.  Білу  үшін  әріптің  негізгі  белгілерін  есте  сақтап,  қабылдау  кезінде  оны 
анықтау  жеткілікті  болса,  әріпті  жаңғыртып,  өздігінен  жазып  шығу  оның 
таңбасын  толық  елестетуге  негізделеді.  Демек,  әріп  таңбасын  айнытпай 
жаңғыртып  жазу  оның  үлгісін  дәл  қабылдап,  есте  сақтауға  байланысты. 
Сондықтан жазу үлгісін  сыныптың көрнекі жеріне іліп қою қажет. 
       «А»  бас  әрпінің  жазылу  емлесі.    Әріпті  жазуды  жұмыс  жолының  төменгі 
жағынан  бастап  төменгі  сызық  сәл  жоғары  қарай  қиғаштау  етіп  жоғары 
жылжытамыз.  Келесі  жұмыс  жолының  сызығына  жеткізбей  өзімізге  қарай 
төмен  түсіп  шиек  жасаймыз.  Екі  элементті  қосып,  белдікше  (ортасынан) 
сызамыз. 
 
 
Мынадай қателер кетуі мүмкін:
 
-
екі  элементтің  ортасы  қалың;  бірінші  элементті  тік.  Бұл  и  әрпінің  қосатын 
элементі  сияқты  жазылу  керек.  Мұғалім  А  әрпініңәр  элементін  нүктелер 
арқылы жазып көрсетеді. 
Мұндай  қателер  әріптің  әртүрлі  жазылған  үлгілерін  салыстыру  нәтижесінде 
жойылады.  Тақтаға  үш    и  әріп  жазылады:  екеуі  дұрыс  емес,  біреуі  дұрыс. 
Балалар  үш  үлгіге  қарап  дұрыс  жазылған  үлгіні  көру  керек.  Осыдан  кейін  екі 
дұрыс емес жазылған әріптің қателерін түсіндіреді:  
«Сызықты жазу жолының төменгі сызығына жеткізіп дөңгелектесек – тік сызық 
болады,  егер  жұмыс  жолының  төменгі  сызығынан  жоғары  дөңгелектесек  – 
жалпақ  болады».  Оқушылар  қорытындыға  келіп,  осы  екі  нүкте  аралығында 
дөңгелету керектігін түсінеді. 
Кейбір әріптерді жазудың емлесіне тоқталып өтелік. 
Т, т әріптің жазылу емлесі. 
Кіші  т әріпті  үзіліссіз жазылады.  Балалар  қиындықсыз  жазады.  Бірақ олардың 
жазуында сол бағытқа қарай жаңа элементтен жиі қате кетеді. Себебі оқушылар 
соң элементті жазған кезде ертерек оң бағытқа қарай жазып кетеді. Бұл қатені 
түзеу үшін мынадай жаттығу жасау керек: 
1) параллель сызықтар жазу; 
2) параллель сызыққа соңғы элементті қосу. 
Т әрпінің бас әрпінің элементтері бөлек – бөлек жазылады. Сондықтан олардың 
бағыты  бір  немесе  параллель  келеді.  Жоғары  жақтағы  элементі  солдан  оңға 
қарай жазылады. 
Мынадай  қателер  кетеді:  1)  жоғарғы  элементін  дұрыс  жазбау;  2)  ара 
қашықтығы  сақталмау; 3) біркелкі немесе параллель емес. 
П, п әрпінің жазылу емлесі. 


66 
 
Үлкен және кіші п әріптерін жазу аса қиындық тудырмайды. Оқушыларға бұл 
әріптің элементтері таныс. Үлкен Т әріпімен салыстыруға болады. Сондай -ақ п 
әрпін  түзетудің жолдары т әрпімен бірдей. 
Н,н әрпінің жазу емлесі. 
Бас Н әрпі біркелкі және үзіліссіз жазылады. Оны элементке бөлу дұрыс емес. 
Ең  бастысы  әріптің  имегі  бар  жерлері  қай  бағытқа  қарай  қозғалып 
жазылатынына  назар  аудару  қажет.  Бұл  ритмді  түсінген  оқушы  ешқашан 
шатастырмайды. 
Мынадай қателер кетуі мүмкін: 
-өте жақын немесе өте алыс ара қашықтық
-төменге қарай әріптің бағытының өзгеруі; 
-имектің көлемінің дұрысеместігі. 
Ғ, ғ әріптерінің емлесі. 
Бұл дыбыстардың таңбалануы Г әрпінің бас және кіші  әрпіне ұқсас келеді. Тек 
бірінші элементінде сызықшасы бар. Сондықтан бұл дыбысты таңбалау қиынға 
соқпайды. 
Бас  Р  әрпінің  бірінші  элементті  үлкен  Т  әрпінің  элементі  сияқты.  Ол  келесі 
әріппен  үзіліссіз  байланысады.  Жоғарғы  элементі  солдан  оңға  қарай  бағытта 
жазылады.  Мынадай  қателер  кетуі  мүмкін:  1)  жоғарғы  элементінің    қате 
жазылуы;  2)  бір  жаққа  қисайып  жазылуы.  Салыстыру  арқылы  қатені  жоюға 
болады. 
Кіші  р әрпінің жазылу емлесі. 
Р  әрпі  үзіліссіз  жазылады.  Әріптің  жазылуы:  «әріпті  жазуды  жоғарғы  
сызықтан бастаймыз. Өзімізге қарай ұзын, тік сызық сызамыз, оны екі жұмыс 
жолының ортасына сәл жеткізбейміз. Одан кейін оңға қарай бағытта жоғарыға 
дейін апарып, ілмекшесі бар сызық сызамыз». 
Л, л әріптердің емлесі. 
Кіші  л  әріпін  өткенде  бірінші  элементке  назар  аударамыз.  Бұл  элемент  оңға 
қарай  қатты  қиғаш  болып  келеді,  қалай  жазу  керек?  Әріптің  жазылуы 
түсіндіріледі:  «жазу  жолының  төменгі  сол  жақ  сызығынан  сәл  жоғарыда 
бастаймыз, жоғары қарай сызамыз да төмен қарай көлбеу сызып, төменгі жазу 
сызығына жетпей оңға қарай иеміз».Мынадай қателер кетуі мүмкін:  
-әріптің бағыты дұрыс емес; 
-жоғарғы жағының дұрыс жазылмауы. 
У, у әріптерінің жазылу емлесі. 
 
У  әріпі бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. Кіші у әрпін жазуға оқушылар 
біршама  дайын  болады.  Алғашқы  элементі  и  әріпінің  бірінші  элементі  болса, 
екінші элементі дайындық кезінде жазылған элемент. Бірақ бұған қарамастан, 
үзіліссіз жазу кезінде айтарлықтай қиындық туады.  Кіші у  әрпінің жазылуын 
түсіндіре  отырып,  мұғалім  и  әрпінің  жазылу  кезіндегі  оқушылардың  білім 
тәжірибесіне  сүйенеді:  «Балалар,  бірінші  элементті    байқасақ,    и  әрпінің 
элементі  сияқты.  Ал  екінші  элементі  бізге  бұрыннан  таныс.Бірінші  элементті 
қолды  дәптерден  алмай  үзіліссіз  жазып,  имек  сызықты  екінші  элементін 
жазамыз.Екінші элементін жазуда  не маңызды?  Сызық тік болу керек? Өзіңе 


67 
 
қарай  жазғанда  біркелкі  сыза  отырып,  солға  қарай  имек  жасаймыз.  Міндетті 
түрде жұмыс жолының төменгі сызығымен қиылысу қажет». 
Мынадай қателер кетуі мүмкін: 
-имектің солға қарай қатты қиғаштығы. Бұл жағдайда, мұғалім имек сызықтың 
жазылу барысында оның ерте қайырудың қажеті жоқ. Келесі жұмыс жолының 
жоғары  немесе  төмен  сызықтарының  дәл    ортасында  қайыру  керектігін 
түсіндірген жөн.   Имек  жазу  жолының  сәл  төмендеу  жерінде  қиылысуы 
оқушылардың назарын имектің дәл сызықта қиылысатынына аудару қажет. 
-имек  формасының өзгеруі.  Бұл  қатені түзеу  үшін дұрыс  немесе дұрыс  емес 
жазылған  әріпті  көрсету  керек.  Имектің  ұзындығы,  көлемі  біркелкі  болып 
келеді. 
Жедел  жазуға  көшу  барысында  сөз  ішіндегі  әріптердің  бір-бірімен  қосылу 
жолдарын  дұрыс  меңгерудің    ерекше  мәні  бар.  Әріптердің  өзара  байланысып 
жазылуы  олардың  өзіндік  графикалық  бейнесіне,  әрбір  әріптің  соңғы  элемент 
ерекшеліктеріне  байланысты  шешіледі.  Демек,  жазу  байланысы  сөздегі 
алдыңғы әріптің келесі әріппен байланысу принципі бойынша қарастырылады. 
Бір  –  бірімен  қосылу  ерекшелігіне  қарай  қазақ  тіліндегі  әріптерді  негізгі  екі 
топқа бөлуге болады. 
Бірінші  топ.  Соңғы  элементтері  имек  сызықтарғааяқталған  бас  және  кіші 
әріптер. 
Бұл  топтағы  әріптердің  соңғы  негізгі  элементтері  келесі  әріптермен  үзіліссіз 
жазылады.  Мұның  өзі  жазу  темпін  жеделдетуге  айтарлық  дәрежеде  мүмкіндік 
береді. 
Бұлардың  ішіндегі  кейбірәріптердің  үстіне,  ортасына  қойылатын  қосымша 
белгілер  сөзді  үзіп  жазуға  мәжбүр  етіп,  жазу  қарқынын  едәуір  баяулатады. 
Мұндай әріптерді жазуда оқушылар мына сияқты қателерді жібереді: 
а) қосымша  белгілерді қоймай кету. 
ә)  қосымша  белгілерді  бұрмалап  жазу.  Аталған  графикалық  қателерді 
болдырмау  үшін  мұғалім  тарапынан  қосымша  таңбаларды  тастамай  және 
бұзбай  жазу  туралы  жиі  –  жиі  ескертулер  жасалып,  мұқият  бақылау  жасалуға 
тиіс.  Соңғы  элементтері  түрлі  имек  сызықтарға  аяқталған  топтағы  әріптерді 
өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін  графикалық 
даярлық  жаттығуларын  жүргізген  жөн.Сөз  болып  отырған  топ  құрамындағы 
әріптерді    жазуда  да  белгілі  кідірістер  жасалады,  өйткені  олар  біршама 
үзіліспен жазуды керек ететін екі, үш элементтен тұрады.  
Аталған  әріптердің  жазу  темпін  жеделдету  дағдыларын  қалыптастыру  үшін 
төмендегі тәрізді даярлық  жаттығулары жүргізіледі.  
Бірінші топтағы әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан 
қосылады.  Алайда кейбір  дөңгелекшелермен  жазылатын  таңбаларды  қосымша 
сызықша жалғау арқылы келесі әріптермен жоғарғы жағынан байланыстыруға 
болады.  Мұндай  байланыс  жолдармен  жеке  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем  жаздыру 
арқылы меңгерту тиімді. 
Екінші  топ.  Оң  жағы  (қосылатын  жағы)  дөңгеленген  элементтерге  біткен  бас 
әріптер мен кіші әріптер: 


68 
 
Бұл  топтағы  әріптер  келесі  әріптермен  үзіліспен  жазылатын,  қосымша  жалғас 
сызық арқылы байланысатын әріптер болып табылады. Мұның өзі, әрине, үзбей 
жазу жүйесін бұзып, жазу қарқынын белгілі дәрежеде бәсеңдетеді.  
Жазу  барысында  жасалған    үзіліс  оқушылардың  жазу  темпін  тежеп  қана 
қоймайды, сонымен қатар көлбеу жазу, әріп элементтерін дұрыс жазу, олардың 
биіктігі  мен  ара  қашықтығының  біркелкі  болуына,  жалпы,  ритмикасының 
өзгеруіне  әсеретеді.  Аталған  қиындықтарды    ескере  отырып,  бұл  топтағы 
әріптердің  келесі  әріптермен  байланысу  тәсілдерін  меңгеруге  арналған  түрлі 
графикалық даярлық жаттығулары жүргізілуі тиіс. 
Қазақ жазуының графикасы орыс тілі графикасына негізделіп жасалғандықтан, 
қазақ алфавитіндегі әріптерді топтастыру орыс тілінен алшақ кетпейді. 
Ш.Әуелбаев  «Бастауыш  кластарда  қазақ    тілін  оқыту    методикасы»    атты 
еңбегінде    әріптерді  құрамындағы  элементтің    басталу    позициясына    қарай  
төмендегідей  топтарға  бөледі: 
1) солдан  оңға  қарай  бағытталатын  элементтер; 
2) оңнан   солға  қарай  бағытталатын  элементтер; 
3) жоғарыдан  төмен  қарай бағытталатын  элементтер; 
4) төменнен жоғары  бағытталатын  элементтер. 
     Осыған  негіздей  бас  әріптерді былайша  топтастырауға  болады: 
1)солдан  оңға  қарай  бағытталып  жазылатын  әріптер: Ж, Н, Ю, Ш, Щ, Ә, К, 
Қ, Х, Ч, Ц, Э, У, Ү, Ұ, І, З, И, Й.   
2) оңнан   солға  қарай  бағытталып  жазылатын  әріптер:  С, О, Ө, Е, Ё. 
3) жоғарыдан  төмен  қарай бағытталып  жазылатын  әріптер:  Б, П, Т, Г, Ғ, Д, 
Ы, Ф, В, Р. 
4) төменнен жоғары  бағытталып  жазылатын  әріптер:  А, Л, М, Я. 
       Кіші  әріптерді  басталу  позициясына  қарай  топтау: 
1)солдан  оңға  қарай  бағытталып  жазылатын  әріптер: ж, ә, х, ч, э, з, ъ, г, ғ, в. 
2) оңнан   солға  қарай  бағытталып  жазылатын  әріптер:  а, б, е, ë, с, о, ө, д, ф. 
3) жоғарыдан  төмен  қарай бағытталып  жазылатын  әріптер: р, п, т, і, ы, ш, щ, 
ц, н, ң, и, й, һ, к, қ, ү, ұ, у, ю, ь. 
4) төменнен жоғары  бағытталып  жазылатын  әріптер: л, м, я.  
       Кейбір    әріптер    үзіліссіз    жазылса,    кейбіреулері    үзіліспен    жазылады. 
Осыған  негіздей  отырып, әріптерді былайша  топтауға  болады: 
1)
 
үзіліссіз  жазылатын  бас әріптер: Ә, В, Д, Е, З, И, Л, М, Н, О, С, У, Ү, Ц, 
Ш, Щ,  Ч, І, Ю, Я. 
2)
 
бір  үзіліспен  жазылатын  бас  әріптер: Г, Б, А, Х, К, Қ, Ұ, Ө, Э, Ы, Р, Й. 
3)
 
екі  үзіліспен  жазылатын  бас  әріптер: П, Ё, Ж, Ғ, Ф. 
4)
 
үш  үзіліспен  жазылатын  бас  әріптер: Т. 
Кіші   әріптердің  бөлінуі: 
1)
 
үзіліссіз  жазылатын  кіші  әріптер: а, ә, б, в, г, е, с, д, з, и, л, о, м, н, ң, п, т, 
у, ү, һ, ц, ч, ш, щ, ю, я, ь, ъ. 
2)
 
бір  үзіліспен  жазылатын  кіші  әріптер: ғ, к, қ, й, ы, ө, р, ұ, х, і, э. 
3)
 
екі  үзіліспен  жазылатын  кіші  әріптер: ë, ф, ж. 


69 
 
Әріп    элементтерін   дұрыс   жазуға    үйретуде    әріп    конфигурациясына   ұқсас  
суреттер    салғызудың    мәні  зор,  өйткені    бала    ол    әріпке    ұқсас    заттардың  
суретін    сала    отырып,    әріп    элементтерінің    жазылу    бағытына    да    назар  
аударады, әріп  бейнесін жетік  меңгеріп, есіне сақтайды. Жазу  дәптерінде бұл  
берілген,    алайда    мұғалім    ол    жаттығуларды    оқушының    сурет    альбомына  
орындауын  талап  етсе, оқушыда  қызығушылықпен  қатар «бұл  әріпке  ұқсас 
қандай    заттар    бар?»    деген    ой    туындап,  оның    қиялын    өрбітеді.  Сондай  
жаттығудың  бірнеше  түрлерін  ұсынайық. 
«Жазу    дәптерінің»  13-бетінен    бастап,  заттардың    суреті    берілген    және 
олардың  аттарындағы  жазуға  үйретіліп отырған әріп  нүктелермен  белгіленіп 
берілген, оқушы  әріптерді  тағы  да  бір  рет  жазып  жаттығады. Мұғалім  бұл  
суреттегі    заттардың    атын    атата    отырып,  оларды    қатыстыра    сөйлем  
ойлатады,    сол    арқылы    тіл    дамыту    жұмысын    жүзеге    асырады.  Сондай-ақ  
суреттерді  түрлі  түсті  қарындаштармен  боята  отырып,  баланы салған  суреті  
бойынша    сөйлеуін    талап    етеді.  Балалар  бір    жұмысты    орындай    беруден  
жалығады, сондықтан  ой  жұмысын  қимыл  жұмысымен (сурет салу, жұмбақ  
айту, ойын  ойнау, т.б.) алмастыруды  керек  етеді. Тіл  дамытуға  байланысты 
логикалық    жаттығулар    жүргізудің    де    мәні    зор.  Логикалық    жаттығулар 
айналадағы    заттарды  таныта    отырып,  оқушылардың    ой-өрісін    кеңейтеді, 
сөздік    қорын    байытады,  ой    жүйесін    сақтап    сөйлеуге    үйретеді.  Бірнеше  
логикалық  жаттығуларды  ұсынайық: 
1)Графикалық  сызбаға  сай  сөйлем  ойлау. 
 
 
2)Буындар  ойлау. 
                                  Бірінші дыбыс  дауыссыз  дыбыс та, екінші  дыбыс   
                                  дауысты  дыбыс  болуы  керек. 
 
                                 Бірінші  дыбыс  дауысты дыбыс  та, екінші  дыбыс 
                                 дауыссыз   дыбыс  болуы  керек. 
 
                                 Бірінші  дыбыс дауыссыз дыбыс,  екінші  дыбыс  
                                 дауысты дыбыс, үшінші дыбыс  дауыссыз  дыбыс. 
 
 
1)
 
Сызбаға  сәйкес  сөз  ойлау. 
 
 
 
 
 
    4)«Фотоаппаратпен таныстыру» 


70 
 
Бас бармақ пен сұқ саусақ арасының мөлшері.Әр түрлі саусақтар түйіседі. Сол 
қол  шынтағы  түсіп  тұр.  Оң  қол  шынтағын  иық  деңгейіне  дейін  көтеру,  ал 
саусақтары түсіп тұр. Саусақ бұрышын саламыз. 
        Жазуға    үйретудің    алғашқы    күнінен  бастап    балаларды    үзбей    жазуға  
дағдыландыру    қажет.  Бұл    жеке  әріп    элементтерін    біріктіріп    тұтас  жазуда  
қатты    ескерілуі    тиіс.  Әріпті    қолды    үзбей    жазғанда    оның    элементін  
жазудағы  қимылдың  аяқталуы  келесі  элементтің  басталатын  жерінде  бітіп,  
әрі  қарай  келесі  элементке  жалғастырылады. 
      Жазуға  байланысты  жүргізілетін  жаттығулар  көруге,  естуге  және 
орфографиялық  тапсырмалар  бойынша  жүргізіледі.  Олардың  негізгі  түрлері: 
грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері:  механикалық  көшіру, 
есте  ұстау  арқылы  көшіру,  еркін  көшіру;  грамматикалық  тапсырмаларға 
байланысты  көшіру;  бақылап  көшіру;  диктант  жүргізу,  оның  түрлері:  ескерту 
диктанты,  іріктеу  диктанты,  түсіндіру  диктанты,  шығармашылық  диктант, 
ерікті диктант, бақылау диктанты. 
Жазу  сабағы   шамамен  мынадай  жоспар   бойынша   жүргізіледі: 
1.Жазғанда    партаға      қалай    отыру      ережелерін      балаларға      ескертіп,    өзі  
аралап  көріп,   дұрыс  отырмағандарын   дұрыстап   отырғызады. 
2.Сабақтың    мақсатын,    алда    тұрған      міндеттерді    көрсетіп,      мұғалім   
жаттығуды,      әріп          элементтерін,      сөзді,        фразаны          тақтаға        жазады,   
оқушылар  мұғалімнің  қолының   қалай   қимылдау   жайын   қарап,    бақылап  
отырады. 
3. Мұғалім    оқушылардың   алда   тұрған   міндеттерді    қаншалықты   ұққан-
ұқпағандарын   анықтап   алып, жазуға  кіріседі. 
4.Мұғалім   партаны   аралап     жүріп,  жазу үрдісін  бақылайды. 
5.  Жазу      аяқталғаннан    кейін     оқушылардың       кемшіліктері     мен     жіберген    
қателері  айтылады, түзетіледі,жақсы   жазғандары  жарияланады. 
Бастауыш   мектеп   оқушылары   үшін   орфографиялық   танымның    әсіресе   
алғашқы   басқышы   ерекше   рөл  атқарады.   Олар  сан  алуан   сөздер  мен 
олардың    формаларыныңәсерінен    аз    да      болса      білім,        тәжірибе   
жинақтайды. Кейбір   сөздерді  дұрыс  жазу   дәрежесіне   жетеді.   Бірақ    неге  
олай      жазғанын   әлі  айтып  бере  алмайды. Мұндай    құбылысты  кейде   
орфографиялық   сезім   деп  те   атап   жүр.   Кейінірек   грамматикалық  білім   
алғанда   мұндай   орфографиялық    құбылыстарды     саналы  түрде  түсініп,   
сауатты  жазуға   дағдыланады.   
      Жазуға    үйрену        тілдің       ерекшеліктеріне       қарай,   әр    түрлі     дәрежеде   
өтеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет