Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Көркем  жазуға үйретудің  мақсаты  мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2

1.3. Көркем  жазуға үйретудің  мақсаты  мен міндеттері
 
 
        Мектептегі  оқыту  үрдісі  сауат  ашудан    басталатыны  белгілі.  Сауат  ашу 
жұмысының  негізгі  мақсаты  –  балаға  хат  таныту,  оқу  мен  жазуды  үйрету. 
Сауат  ашу  –  аса  жауапты  да  күрделі  жұмыс.  Өйткені  сауат  ашу  кезеңінде 
оқушылар  дыбысты  әріппен  таңбалай  білуге  үйретіліп  қоймайды,  сонымен 
бірге    каллиграфиялық  талапқа  сай  жазуға  дағдылануы  тиіс.  Демек,  сауат 
ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс 
сақтауға,  дәптерге  қалай  болса,  солай  жазбай,  оңға  қарай  біркелкі  көлбеу 
жаза,оның  жазуға  машықтандыру  болып  табылады.Осы  талаптарды  орындау 
негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. 
Көркем  жазу  пәнінде  әріп  таңбаларын  әдемі,  көркем  етіп  салуға  
жаттықтыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыстардың  оқушы  бойында  жақсы 
қасиеттердің  қалыптасуына  ықпалы  болуға  тиіс.  Мектепке  алғашқы  келген 
күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне 
салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі 
жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, 


22 
 
жауапкершілікке,  тыңғылықтылыққа,  ұқыптылыққа  үйретеді.  Бірақ  бұл  үрдіс 
баяу  қалыптасады.  Мұндай  мақсатқа  жету  көптеген  талаптарды  орындаумен 
тікелей байланысты. 
       Баланың    мектепте    оқып,  білім    алуы  кезеңінде    жазуға    үйретіп, 
дағдыларын    қалыптастыру    -  оның  өміріндегі  ең    күрделі  үрдістердің    бірі. 
Өйткені  бала  оқып, білім  алумен  қатар, жазбаша түрде  ойлауға және  сол  
ойын  жазбаша    жеткізуге    төселеді.  Жалпы    білім    беретін    мектептің  оқу  
бағдарламасында  (1997)  «Бастауыш  мектепте    қазақ    тілін    оқытудың  негізгі  
мақсаты  –  оқушыларды    оқуға,  сауатты  жазуға    және    тіл    арқылы  қарым-
қатынас  жасау    қызметінің    барлық    түрлерін    (тыңдау,  оқу,  сөйлеу,  жазу) 
меңгеруге  үйрету...» делінген. 
        Бастауыш  сыныптағы  жазу  сабағының  мақсаты  –  баланың  жазу  тілі 
дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен 
жарты  шар  қабығындағы  анализаторұштарының  бір-бірімен  күрделі 
байланысқа  түсуі,  2-сигнал  жүйесінің  жинақталып,  бір  арнаға  бағытталуы 
болып  табылады.  Жазу  тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.  Ауызша 
сөйлеу есту-кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. Ауызша  сөйлеу  
кезеңінде    ойды    толық    жеткізу    үшін    интонация,  мимика,  ырғақ    сияқты  
түрлі  жайларды  пайдалана  алса, ал жазба тілде ойды жеткізу үшін бұлардың  
бірін  де  қолдану    мүмкін    емес.  Керісінше,  ойды    жазбаша    жеткізу  үшін  
қажетті    сөздерді    сұрыптап  алу,  оларды  түрлі    грамматикалық  формаларға  
қойып, бір-бірімен  байланыстыра  жазу  керек. Мұнымен  бірге  жазба  жұмыс 
емлелік,  стильдік,  графикалық  ережелерді  қатар  ескеріп    отыруды  да  талап 
етеді.  Ал    бұл    талаптардың    орындалуы  әрбір  оқушының  оны    қалай 
меңгергеніне  байланысты    болады,  сонда  ғана    нәтиже    бере    алады.  Бұл  
нәтиженің    түп  қазығы    алғашқы    үйретуде    жатыр.  Ендеше,  мектеп  
табалдырығын  алғаш  аттаған  балалардың  сауатын  ашуда  көркем  жазуға  
үйретудің негізгі  мақсаты - әріптерді графикалық  жағынан дұрыс, анық, таза 
және    шапшаңдықта  жазу.  Негізгі    мақсатқа    жету  мұғалім    алдында  тұрған  
бірнеше    міндеттердің  жүзеге  асырылуынан    туындайтыны  сөзсіз.  Ол  
міндеттер  мыналар: 
-  жазу  кезінде  дұрыс    отыру,  қаламды    дұрыс  ұстау,  дәптерді    талапқа    сай 
орналастыру  ережелерін  үйрету; 
-  әріп    элементтерін    саналы    қабылдауға,  көлбеу    жазуға,  байланыстыра  
жазуға  машықтандыру
- әріп  элементттерін  талдауға дағдыландыру; 
- графикалық  қатемен  жұмыс жасауға  төселдіру; 
- шапшаң  жазуға  үйрету. 
       Көркем    жазуға    үйретудің    тәрбиелік    мәні  зор,  өйткені    әдемі    жазу 
оқушының    әсемдік    сезімін  оятып,  мінез-құлқын    тәрбиелейді,  еңбек  
сүйгіштікке    баулиды,  тыңғылықтылыққа,  ұқыптылыққа    үйретеді.  Көркем 
жазу  пәнінде  әріп  таңбаларын  әдемі,  көркем  етіп  салуға    жаттықтыру 
мақсатында  жүргізілетін  жұмыстардың  оқушы  бойында  жақсы  қасиеттердің 
қалыптасуына  ықпалы  болуға  тиіс.  Оқушылардың    көркем    жазуын  


23 
 
қалыптастыруда  мұғалім  төмендегідей  үш  нәрсені басшылыққа  алуы  керек: 
біріншісі  -  әріптерді  мәнерлі    жазуға  және  әріпті  элементтерден    құрастыра  
білуге    үйрету,  екіншісі  -  әріпті  графикалық    жағынан    дұрыс    жазуға  
дағдыландыру,  үшіншісі  –  жазу  жұмысына  өте    ұқыпты,  мұқият  болуды  
қалыптастыру.
 
        Мемлекеттік 
білім 
стандартында 
тілді 
үйретуде 
байланысты 
А.Байтұрсыновтың  қағидасы  басшылыққа  алынып  отыр:  бастауыш  сыныпта 
бағдарламаға  сәйкес  жоғарыда  көрсетілген  білім,  білік,  дағдылары 
қалыптасқан  оқушылар  сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық 
түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие бола алады.  Осы арқылы жазуын 
ғана  емес,  сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре  алады.  Таза 
жазу  дағдысының  алғашқы  бастамасы  әріптің  әрбір  бөлігін   дұрыс  сызып 
көруі  арқылы  қалыптасады.  Әдетте,  мұғалім  тарапынан  оқушыға  әдемі, 
сауатты  жаздыру  ғана  емес,  оқушының  бүкшимей,  басын  тым  төмен 
салбыратпай,  денесін  тік  ұстап,  өзін  дұрыс  игеруіне  қатты  көңіл  бөлінеді. 
Сондай-ақ 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына 
жазуға 
төмендегі 
талаптар  қойылады,  бұл  талаптар  бастауыш мектептің  барлық  сыныбында 
жазу  жұмысының  барысында  орындалып  отыруға  тиіс: 
1) әріпті  дұрыс  жазу, дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау; 
2) 
әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды-қысқалы 
қылмай, 
тегіс, 
бірдей  жазу; 
3) әріптердің  бірін  оңға, 
бірін  солға  қисайтпай,  барлық  әріпті 
бірдей, 
оңға  қарай  сәл  көлбете  жазу; 
4)әріптердің, сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір  қалыпты  сақтау,  бірте-
бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет