Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Қазақстан Республикасы рәміздері арқылы оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі



бет128/141
Дата04.11.2023
өлшемі481,51 Kb.
#189720
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141
Байланысты:
қосымша Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

19.3. Қазақстан Республикасы рәміздері арқылы оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты қалыптастыруда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері негізгі орын алады. “Қазақстан Республикасы Мемлекетінің елтаңбасы және жалауы туралы заңын”1 негізге ала отырып, оқушылардың рәміздер туралы толық мәліметтерінің және оның тұлғаның іс-әрекеттік, мінез-құлықтық құндылық көрініске айналғанын сауалнама, тест тапсырмалары негізінде нақтыланып, жұмысты жетілдіруге негіз болады.


Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту және әнұраны жазба түрінде пайдаланып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша төмендегі сауалнамаларды қоя отырып, оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға болады:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің ішінде елтаңбаның орны?
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбаның құрылымы неден тұрады?
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан дүниеге келді?
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?
5. Қазақ халқының тарихында қандай елтаңбалық белгілер болды?
6. Елтаңба қандай жерлерде пайдаланылады?
7. Алыс және жақын шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қандай жерлерде ілінеді?
8. Әрбір құрылымның ерекшеліктері.
9. Елтаңбаның тарихи маңызы.
Іс-шара барысында оқушылардың алғашқы білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындай отырып жүргізу тиімді болады.
Мемлекеттік рәміздерге байланысты тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы қарастырылғанда, оқушылардың рәміздерге байланысты білімдері жүйелілік, сабақтастық принциптері негізінде іске асады. Мемлекеттік рәміздерді бір - бірінен бөліп қарауға болмайды.
Төменде Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі мемлекеттік туды таныстыру және оның маңыздылығы туралы тәрбие сағатын ұсынып отырмыз.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығын түсіне отырып, оған деген құрмет пен мақтанышты қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығын түсіну;
2. Қазақ халқындағы «байрақ», «жалау», «ту» аталу ерекшеліктерін білу;
3. Қазақ халқының дәстүрінде ақ жалаудың маңызын ашып көрсету.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға арналған сауалнамалар:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығы неде?
2. Тудың түсі және оның құрылымы нені білдіреді?
3. Мемлекеттік ту ненің белгісін білдіреді?
4. Қазақ халқындағы «байрақ», «жалау», «ту» аталуының ерекшеліктері?
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы қай жерлерде және қашан тігіледі?
6. Қазақ халқының дәстүрінде ақ жалау қандай мағынаны білдіреді?
7. ХҮІІІ ғасырда Бөгенбай батырдың соғыстарға алып кіретін, жеңіспен оралуы дәстүрге айналған туының түсі қандай болған?
Сабақ барысында оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тулардың ерекшеліктері мен бүгінгі егемен еліміздің туының арасындағы байланысты, түркі жұрты үшін ту елдік пен бірліктің символы екенін түсінеді.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының тарихи маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұрандарының шығу тарихын түсіндіру.
2. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан әнұран іспеттес әндердің маңызын және мазмұнын білу.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны жазба және электрондық түрде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға арналған сауалнамалар:

  1. Әнұран дегеніміз не?

  2. Гимн деген сөздің мағынасы нені білдіреді?

  3. Кезіндегі ҚССР әнұраны туралы не білесіңдер?

  4. Әнұран еліміздің қандай белгісі болып табылады?

  5. Әнұранның мазмұны нені қамтиды?

  6. Қазақстан Республикасының әнұраны қашан және қай жерлерде орындалады?

  7. Әнұранда орындаудың салты қандай?

  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұрандарының шығу тарихы?

  9. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі әнұранның авторлары кімдер?

  10. Егемен еліміздің алғашқы әнұранның кімнің әні негізінде жетілдірілді?

  11. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әнұран іспеттес болған қандай әндерді білесіздер?

  12. «Менің Қазақстаным» атты әнұран болып қашан бекіді?

  13. «Менің Қазақстаным» атты ән алғаш рет мемлекеттік әнұран тұрғысынан қашан орындалды?

  14. «Менің Қазақстаным» атты мемлекеттік әнұран авторлары кімдер?

Оқушыларға сауалнамалар жүргізу арқылы олардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға мүмкіндік болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны негізінде мектептер мен сыныптар өздері жеке мектеп және сынып гимндерін дайындап, іс-шараларды ұйымдастыру барысында орындауға мүмкіндіктері болады.
Оқушылардың жеке бас және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гимназияларда әскери-патриоттық тәрбие бойынша конкурстар өткізуде негізгі орын алады.
Конкурстың мақсаты: оқушы-гимназистердің Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастыру, болашақ әскери міндеттерін атқаруға баулу.
Конкурстың мазмұны төмендегі 4 тақырып бойынша қамтылды. Ережеге сәйкес берілген тапсырма-тақырыпшалар бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлері 5 балдық жүйемен бағаланады.
Мектеп-гимназияларда конкурс өткізудің жағдайлары:
Конкурс тақырыбы: «Мен-Қазақстан азаматымын»
Конкурсқа қатысушы оқушы- гимназистер төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, практикалық тұрғыда іс шараларды орындау қажет.

  • Мемлекеттік және әскери рәміздер (тарихи және қазіргі);

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері (әскер құрамы, дәстүрлер);

  • азаматтардың әскери қызметі және әскери міндеттері;

  • жалпы әскери жарғы;

  • әскери ұжым.

Конкурстың шарты бойынша барлық команда қатысуға құқығы болды. Конкурс ережесіне сәйкес 3 топқа бөлінеді. Конкурсқа қатысушылар Мемлекеттік және әскери рәміздер тарихын бүгінгі күнмен салыстыра отырып, әскер құрамы мен әскердегі дәстүрлер жалғасы, азаматтардың әскери міндеттерді білуі, әскери ант беру, сапқа тұрут.б. талапқа сай орындалады.
Білім мен тәрбие берудің негізгі міндеттері болып: тұлғаны тәрбиелеу, білім мен тәрбие беруді құндылық бағдар негізінде құра білу; өз бетінше жетілуіне және өз бетінше білім алуы, жаңашыл дәстүрлерді жаңғырту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет