Қазақстан Республикасы білім және ғылым



бет39/78
Дата12.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#149261
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Байланысты:
ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi

Физика-химиялық және жылу-физикалық қасиеттердің стерилизация тәртібін таңдап алуға ықпалы. Микроорганизмдер үшін өлу мерзімінің дәрежесі консерві өнімінің түрлеріне, оның химиялық құрамына, физика- химиялық қасиеттеріне байланысты.
Консервілерде неғұрлым май көп болса, солғұрлым стерилизациялау тәртібі қатаң бола түсуі тиіс. Өйткені, май өзімен бірге спораны қоршап "май капсуласы" деп аталатын құбылыс пайда болады. Бактерия жасушалары маңында тығыз гидрофоб капсуласының пайда болуы, оған ылғалдың келуіне кедергі жасайды, сөйтіп, ақуыздардың гидростациялық коагуляциясына бөгет жасайды. Мұндай жағдайда микроб жасушаларын термиялық өңдеу «құрғақ қыздыру» сипатына ие болады, ал бұған микрофлора барынша төзімді келеді. Спора таяқшалары сорпада 106°С температурада 10 минуттан кейін өледі, ал майлы ортада олардың белсенділігінің жойылуы (инактивациялануы) 150-160°С температурасында 60 минуттан кейін жүзеге асады.
Термиялық өңдеуде өнім құрамындағы экстрактты заттардың өзгеруі. Стерилизациялау кезінде бір-біріне қарама-қарсы үдерістер орын алады: бір жағынан, жоғары молекулалы құрылымдардың ыдырауы салдарынан экстрактты заттардың жинақталуы жүрсе, екінші жағынан, қыздыру әсерінен туындайтын ыдыраудан құнды қоректік заттардың көлемі азаяды. Соның себептерінен ұшпа заттардың құрамы мен олардың стерилизацияланған етте шоғырлануы, олардың пісірілген еттегі құрамынан ерекшелене түседі, мұның өзі өнімде ерекше иіс – автоклавтық хош иістің пайда болуына әкеп соғады.
Термиялық өңдеуде өнім құрамындағы дәрумендердің өзгеруі. Дәрумендер қыздыруға мүлде төзгісіз, өйткені өзінің құрылымы жағынан әр түрлі топтарға жатады. Сондықтан, стерилизациялау кезінде жекелеген дәрумендің бұзылуы әр түрлі келеді. Дәрумендердің шығын болу деңгейі едәуір дәрежеде рН ортасына, оттегінің болуына, кыздырудың мерзімі мен температурасына байланысты.
С, Д, В дәрумендерінің, никотин және пантотен қышқылдарының төзімділігі төмен. Стерилизациялауға жататын өнімнің түріне және таңдап алған тәртіпке байланысты олардың шығыны алғашқы еттегі мөлшерге шаққанда 40-90% жетеді.
Атап айтқанда, «Бұқтырылған шошқа еті» консервісінің өндірісінде В1 дәрумені шығыны 56-36% құрайды.
Қыздыруға ең шыдамдылары - А, Е, К, В2 дәрумендері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет