Тақырып бойынша жаттығулар: 1.
Cалық
инспекциясы
басқармасының
бастығы
С.О.Нұрмановтың атына жалпы бөлім қызметкері ретінде
қызметке алу туралы өтініш жазыңыз.
2. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана
меңгерушісі
А.С.Болатованың
атына
16
желтоқсан
Тәуелсіздік күніне орай әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға
көмек көрсету туралы өтініш жазыңыз.
3. Сұрақтарға ауызша жауап дайындаңыз:
Өтініш кімнің атына жазылады?
Қандай жағдайларда жазылады?
Өтініштің құрылымы қандай?
Өтініш бойынша не шығарады?
Үлгі Алматы қаласы №3 мектеп-
гимназиясының директоры
А.Д.Құлышева ханымға
А.Байтұрсынов көшесінің
тұрғыны М.Ш.Әміровадан
Өтініш
Мені №3 мектеп-гимназиясына балалар дәрігері
(педиатр) ретінде қызметке қабылдауыңызды сұраймын.
Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:
1. Жоғары білім туралы диплом.
2. Төлқұжаттың көшірмесі.
3. Еңбек кітапшасы.
4. Өмірбаян.
5. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс қағазы.
6. Медициналық кітапша.
00.00.00. Қолы.