42
құжаттар ретінде іріктейді. Тіркеуге алынбайтын құжаттар
ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырылады.
Тіркеуге алынатын құжаттар келіп түскен күні ұйым
басшысының, құрылымдық бөлімшенің қарауына беріледі.
Ұйым басшысы қараған құжаттар құжаттама қызметіне
қайтарылады, ондағы бұрыштаманың мазмұны тіркеу-есепке
алу нысанына енгізіледі және орындауға тапсырылады.
Орындауы бірнеше құрылымдық бөлімшелерге жүктелген
құжат оларға кезекпен беріледі немесе бір уақытта
көшірмелері тапсырылады. Түпнұсқа бұрыштамада бірінші
тұрған орындаушыға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: