13
ақпараттық-анықтамалық.
Бұйрық
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттары ішіндегі ең
маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады.
Бұйрық - қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын
басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 түрге бөлінеді:
1. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
2. Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері,
жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру,
тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну т.б. мәселелер
бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар
жоғарғы органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу,
орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды
анықтау керек болғанда шығарылады.
Негізгі
қызмет
бойынша
бұйрықтар
кәсіпорынның
бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады:
кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі,
индексі (номері), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма
туралы т.б.), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол,
бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы белгілер.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: