Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет40/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Хоркхаймер Макс, Адорно Теодор В. Диалектика Просвещения : Филос. 

фрагменты. «Медиум», -Москва: 1997. — 310 с.  

2.  Адорно  Теодор  В.  Избранное:  Социология  музыки.  «Университетская 

книга», -Москва: 1999. — 445 с.  

3.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -Алматы: 2009. 

268-269 беттер 

4.  Адорно  Теодор  В.  Проблемы  философии  морали:  Пер.  с  нем; 

«Республика», -Москва: 2000. — 238 с  

5.  Адорно  Теодор  В.  Эстетическая  теория:  Пер.  с  нем.  «Республика»,  -

Москва: 2001. — 526 с.  

6.  Теодор  Адорно  Исследование  авторитарной  личности.  «Серебряные 

нити», -Москва: 2001. — 416 с. 

7.  Адорно  Теодор  В.  Философия  новой  музыки:  пер.  с  нем.  «Логос»,  -

Москва: 2001. — 343 с  

8.  Теодор Адорно Негативная диалектика. «Научный мир», -М: 2003. 

        

398 


 

МАКС ШЕЛЕР 

 

(22 тамыз, 1874ж., Мюнхен –  19 мамыр, 

1928ж. Франкфурттағы-Майнде, 

Германия) 

 

        —  неміс  философы  және  социологы, 



философиялық  антропологияның  негізін 

қалаушылардың бірі. 

          Макс 

Шелер 


Мюнхенде 

және 


Берлинде  –  медицина,  философия  және 

психологияны  зерттеді.  Бұдан  басқа 

Берлинде 

Шелер 


социологиямен 

айналысты,  ал  Йенде  этика  және  таным 

теориясы  саласында  неокантиандықты 

зерттеді.  Диссертацияны  1897  жылы 

Рудольф  Эйкеннен  қорғады.  1905  жылға 

дейін  Йен  университетінде  оқытушылық  қызметте  болды.  1919–1928 

жылдары  Кёльн  университетінің  профессоры,  1928  жылдан  –  Франкфурт 

университетінің профессоры. 



Философиялық шығармалары: 

      «Соғыс  данышпаны  және  неміс  соғысы»  (1915),  «Соғыс  және  құрылыс» 

(1916),  «Адам  бойындағы  мәңгілік  құндылықтар  туралы»  («О  вечном  в 

человеке»)  (1921),  «Білім  формалары  және  қоғам»  (1926),  «Сущность 

человека,  новый  опыт  философской  антропологии»  («Философиялық 

антропология»), «Положение человека в Космосе» (1927) және т.б. 

        Ол  феноменологияға  өзінің  жолымен  келген,  оған  этика,  құндылықтар 

жүйесі, феноменологиялық тәсілдермен дінді негіздеу кіретін. «академиялық 

психологиялық  одақ»  құрылып,  журнал  шығара  бастағанда,  оның  «О 

самообмане»,  «О  раскаянии»,  «О  любви  и  ненависти»  деп  аталатын 

мақалалары көп пікірталас тудырды. Арада біраз уақыт өткен соң, шелер енді 

көтеріліп келе жатқан философиялық жұлдыздың, яғни Эдмунд Гуссерльдің 

ең  жақын  үзеңгілес  серігі  ретінде  танылды.  Ол  үшін  де,  сол  жылдардың  ең 

басты оқиғасы – Хайдеггердің «Болмыс пен Уақыт» кітабының жарық көруі 

еді.  Автор  кітапты  өзінің  үзеңгілес  жолдасына  бірінші  кезекте  салып 

жібереді.  Ол  кезде  Шелер  өзінің  «Сущность  человека:  новый  опыт 

антропологии» деп аталатын іргелі еңбегін жазу үстінде болатын.  

        Шелердің  пікірінше,  ақыл  мен  жүректі  қарама-қарсы  қою  қолдан 

жасалған дүние. Мұндай қарама-қарсылықта ақыл ретінде қандайда бір заңға 

сай  келетін,  қатаң,  реттелген  нәрсе  алынады,  ал  жүрек  деп  жанның  ретсіз 

жағдайлары танылады. Бірақ Шелердің білуінше, «жүрек» ақылды да, соқыр 

да болуы мүмкін. Августин мен Паскальдің тәжірибиелерге сүйенген Шелер 

жүректің  математикасы  мен  қисыны  болатынына  сенімді.  Жүректің  де  өз 

қисыны,  уәжі  болады,  олар  дедуктивті  логиканың  ережелері  мен 

қорытындылары сияқты абсолютті әрі бұлжымайтын болады, өйткені жүрек- 


        

399 


 

хаостық  жағдайлардың  мекені  емес  және  оның  өзіндік  заңға  сәйкестігі  бар. 

Дегенмен де пайым  жүректің дәлелдерін, уәждері мен қалауларын көрмейді 

де,  естімейді  де.  Тұтас  дәуірлер  жүректің  логикасымен  санаспаған,  бірақ 

«ортағасырда  пайым  мәдениетінен  мүлде  тәуелсіз,  дербес  жүрек  мәдениеті 

ретіндегі  мәселе  мәлім  болған».  Мұндай  ұмыт  қалудың  себебі  сезімге, 

махаббат  пен  жек  көруге,  өмірдің  тереңіне  қатысты  жалпы  салақтық, 

сонымен қатар, өмірдің бетінде ғана қалқыған заттардың қамын жеу сияқты 

күлкілі әрекет орын алады. 

           Шелер  философиялық  антропология  тұрғысынан  XXI-ғасырда  да 

өзекті  саналатын  білім  беру  мәселесін  де  талқылайды.  Ол  –  өмірді,  мінез-

құлықты,  адамның  ойлау  жүйесін  анықтайтын  эфир  сияқты  нәрсе.  «Білім 

беру-  адамның  жиынтық  бейнесі,  нақышты  формасы».  Шелердің  пікірінше, 

білім беруде тұлғаның құндылықты бейнесі маңызды. Бұл – жағымды ықпал 

жасау  мүмкіндігі,  ал  адамгершіліктің  жалпыға  бірдей  заңдар  –әрқашан 

жағымсыз және бас тартатын нәрселері туралы айтады. 

            Шелер  тұлғаның  мінсіз  типтерінің  бірнеше  деңгейлерін  анықтайды, 

олар:  әулие,  данышпан,  қаһарман;  өркениеттің  рухын  анықтайтын  адам; 

рахаттанудың  суреткері.  Даналар  қатарына  ол  ұлы  философтарды  қосады 

және жеке тұлғаларға арнап, жеке эссе жазады. 



Философиялық көзқарастары: 

           Элитаның  тәрбиелеу,  билік  пен  рухтың  трагикалық  қарама-

қарсылығын  еңсеру  –  ерекше  міндет.  Элита  –  қаны  бірлердің  категориясы 

емес,  сондай-ақ  таптық  немесе  кәсібі  де  категория  емес.  Элита  халықтың 

құпия  қойнауында  –  «көшбасшы  тұлғалардың  айналасында  пайда  болған 

«шеңберлердің»  баяу  қосылу  жолымен»  өзі  пісіп-жетілуі  тиіс.  Шелердің 

ойынша, билік нақ осындай рухани элитаның қолында болу керек (бұл жерде 

ол Платонның философ-билеуші туралы ескі идеясын қайталайды). Таңдаулы 

жақсы-жайсандар  –  өзін-өзі  астамшылдықпен  жоғары  санайтындар,  өзіне 

ешқандай талап қоймайтындар, өмірден ойсыз ләззат алатындар емес, олар- 

рухани-адамгершілік  қағидаларын  басшылыққа  алатындар  және  шамасы 

жетпесе де өзіне қатаң талап қоятындар.  

            Сонымен,  Макс  Шелердің  философиялық  антропологиясы  –  адам 

туралы  біріңғай  идеяны  жасауға,  көптеген  ғасырдан  келе  жатқан  тартысты 

доғарып,  жаңа  идея  негізінде  адам  туралы  бүтін  іргелі  ғылымды  жасауды 

көздеген  талпыныс.  Бұл  өзекті  болмаса  да,  күні  бүгінге  дейін  шешілмеген 

мәселе. 

Философиялық афоризмдері: 

  Кез-келген  іс-қимылдың  астарынан  адамның  ішкі  жан  дүниесіндегі 

ахуалды аңғаруға болады. 

  Кез-келген  адамдық  даму,  іс  жүзінде,  барған  сайын  күшейіп  келе 

жатқан дәстүрді ығыстыруға негізделген. 

  Адамның өмірі жеке өзінің мұраттарынан да, жалпыға бірдей маңызды 

шарттардан  да  ауытқып  кетуі  мүмкін.  Өзімшілдік  жағдайын  да  біз 

бәріне,  яғни  өзімізге  де,  дүлейлік,  мақтаншақтық,  даңққұмарлық  пен 



        

400 


 

өркөкіректіктен тоқылған елестің ала жабуының астында адасқан күйде 

қараймыз. 

  Білімділікпен мақтану, білімнің өркөкіректігі а приори білімсіздік. 

  Жануарларды  зерттеумен  айналысып  көріңіз:  сонда  адам  болудың 

қаншалықты қиын екенін жақсы түсінесіз. 

  Европадағы  дағдарыс  –  әлі  тіпті  де  адамзат  ажалының,  ол  түгіл 

«Европаның күні өткендігінің» де белгісі бола алмайды. 

  Адамның  бойындағы  тұлғалық  қасиеті  –  тәңірлік  рухтың  таңғажайып 

оқшаулануы. 

  Нағыз  тұлға  ешқашанда  «жайлы»  немесе  «пайдалы»  болуы  мүмкін 

емес. 


  Заттарды мүмкіндігіне қарай құдай сүйгендей сүю  – адамның қабілеті 

жететін нәрсенің ең зоры. 

  Махаббат – әркімнің өзінің рухы мен ақыл-ойының анасы. 

  Махаббат  сүйген  сәтінде  өзінің  қол  астындағыдан,  өзінің  толық 

иелігіндегіден гөрі біршама әріректегі көз салады. 

  Метафизика – әлсіздерге, қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға арналған 

сақтандыру қоғамы емес. 

  Біздің жүрегіміз әуелден-ақ жек көруге емес, сүюге жаралған: жек көру 

– белгілі бір мағынада алғандығы жалған махаббатқа жауап қана. 

  Қаншама ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар. 

  Тек  адам  ғана  –  тұлға  болғандықтан  –  тіршілік  иесі  ретінде  өзінен  де 

биікке көтеріле алады. 

  Шын сүйе алмаған адам – шын жек көре де алмайды. 

  Ойшыл  қалың  көпшіліктің  құлшылық  ететін  әрі  образдық  және 

рәміздік  қауашақта  көруді  ұнататындарының  бүкіл  ақиқатын  сығып 

алады да, үкілеп ой әлеміне қосады. 

  Адам  –  тіршілік  тәсілінің  өзі  әлі  айқындала  қоймаған,  не  болғысы 

келетіні жөнінде де өнді шешім қабылдана қоймаған жан иесі. 

  Адам  білімнің  үш  түріне  қабілетті  келеді:  олар  –  билік  құруға  немесе 

табысқа  жетуге  қажетті  білім,  оқуға  керек  білім  және  құтқару  үшін 

пайдаланылатын білім. 

Әдебиет: 

 

1.  Розенбергс  Р.Л.  От  Риккерта  к  Шелеру  //История  методологии 

социального познания. Конец XIX—XX век. — Москва: 2001. — C. 173

                                 

 

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ, «Жазушы», -Алматы: 2009 

3.  Шелер М. Ресентимент в структуре моралей. «Наука», -Москва: 1999. 

4.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер)/ 

М.Шелер. «Өлке»,–Алматы: 2004.  

5.  Шелер  М.  Социология  знания  /Пер.  с  нем.  А.Н.Малинкина// 

Теоретическая  социология:  Антология:  В  2  ч.  /Пер.  с  англ.,  фр.,  нем., 

ит.;  сост.  и  общ.  ред.  С.П.Баньковской.  Кн.дом.  «Университет»,  -

Москва: 2002. — Ч. 1.  


        

401 


 

БЕРТРАН АРТУР УИЛЬЯМ РАССЕЛ 

 

(18 мамыр, 1872ж. Треллек, Монмутшир 



графтігі, Уэльс – 2 ақпан, 1970ж. 

Пенхриндейдрайт, Гвинед графтігі, 

Уэльс) 

 

         —  ағылшын  математигі,  логигі, 



социологы, 

философы 

әрі 

қоғам 


қайраткері.  Әдебиет  саласы  бойынша 

Нобель 


сыйлығымен 

марапатталған 

(1950).  Неореализм  және  аналитикалық 

философияның негізін қалаушы. 

         Ол  пифагоризмнің    платондық 

интерпретациядан 

 

юмизмге 


өту 

жөніндегі 

күрделі 

философиялық 

эволюцияны  басынан  кешірді,  «логикалық  атомизм»  тұжырымдамасын 

құрды  және    дескрипция  теориясын  қарастырды.  Рассел    математика  

логикадан аластатылуы мүмкін деп санаған. 

Философиялық шығармалары: 

     «Адам 

танымы,  оның  өрісі  және  шекаралары»,  «Философия 

проблемалары»,  «Ойлауды  талдау»,  «Мен  неге  христианшы  емеспін?», 

«Батыс философиясының тарихы» және т.б. 

        «Адам  танымы,  оның  өрісі  және  шекаралары»  Б.Расселдың  ең  басты 

философиялық  шығармасы  болып  табылады.  Мұнда  ол  өзінің  танымдық-

теориялық ілімін бір жүйеге келтіріп, оны көпшілікке түсінікті түрде баяндап 

беруге ұмтылған. 

Философиялық көзқарастары: 

       Оның 

философиялық 

ілімін 


жалпы 

алғанда 


неопозитивизмге 

жатқызамыз.  Таным  теориясында  ол  екі  принципті  -  эмпиризм  принципін 

және  философияның  мәні  логикада  деген  принципті  өзара  үйлестіруге 

тырысып,  ғылыми  білімді  негіздеуде  субьектінің  сезімдік  тәжірбиесіне 

сүйену қажеттігін баса айтқан. 

Қоғамдық-саяси көзқарастары: 

       Қоғамдық-саяси  қызметінде  Б.Рассел  бейбітшілік  үшін,  ядролық  қаруды 

тоқтату 


үшін 

белсенді 

түрде 

күрескен, 



Пагуош 

қозғалысының 

инициаторларының  бірі  болған,  халықаралық  саяси  мәселелерді  шешуде 

күштеу принципінен бас тартуға шақырған. 



Философиялық афоризмдері: 

  Тіршілікте тарықпаудың жолын таба алмаған ой еркін бола алмайды. 

  Қазіргі  заманғы  саясаткерлердің  тірлігіне  қарап,  олардың  түсінігінше 

насихат өнері жарнама өнерімен  тікелей байланысты ма деп ой түюге 

болады. 

  Бос уақытты дұрыс пайдалана білу – өркениеттіліктің ең басты белгісі. 

 


        

402 


 

Әдебиет: 

 

1.  Рассел Б. Проблемы философии. «Наука»,— Новосибирск: 2001. 

2.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.-Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», -А: 2002. 411-бет 

3.  Рассел  Б. Брак  и  мораль/  Пер.  Ю. В. Дубровина. «Крафт»,  -Москва: 

2004. 

4.  Крысова  Ю.А.Становление  либеральных  идей  в  философии  Бертрана 

Рассела // Компаративное видение истории философии. — СПб: 2008 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

        

403 


 

ЛЮДВИГ ЙОЗЕФ ИОГАНН 

ВИТГЕНШТЕЙН 

 

(26 сәуір, 1889ж, Вена – 29 сәуір,  

1951ж, Кембридж) 

 

           —  австриялық-ағылшын  философы, 



логик, 

математик, 

аналитикалық  

философияның  негізін  қалаушылардың  бірі 

және  XX  -  ғасырдағы  атақты  ойшылдардың 

бірегейі.  

          1989  жылы  Венада  еврей  отбасында 

дүниеге  келген.  14  жасына  дейін  тек  үй 

тәрбиесін  ғана  көрген.  1908-1911  жылдары 

Манчестер 

университетінің 

техника 


факультетінде оқиды. 1912 жылы Кембридж 

университетіне  түседі.  Философияға мойын  бұруы  осы кез.  Бір жылдан соң 

мүлдем  оңаша  тірлікті  таңдайды.  Норвегияда  өз  қолымен  тұрғызылған 

шошалаға (хижинаға) орнығып алады да, емін-еркін тек жазумен айналысуға 

көшеді.  Бұл  жағдай  жылдан  астам  уақыт  сақталады.  Бірінші  дүниежүзілік 

соғыс басталғанда Австро-Венгрия армиясы қатарына шақырылып, майданға 

араласады.  Соғыстан  кейін  өзінің  әкесінен  мұраға  қалған  бүкіл  дүние-

байлығын  түгелдей  қайырымдылыққа  жұмсауымен  көзге  түседі.  1920-1926 

жылдары  Төменгі  Австрияның  шалғай  деревняларында  бала  оқытумен 

айналысқан.  1928  жылы  Кембридж  университетінде  сабақ  бере  бастайды. 

Кейін тағы да елден оқшауланып, Ирландияның бір фермасына көшіп кетеді. 

Екі жылдан соң бойында жаман дерті бар екендігі анықталып, көп ұзамай бұл 

дүниедегі ғұмыр сапары аяқталады. 

           Витгенштейннің  ұяты  оның  өмірлік  бейнесін,  тағдырының  сұлбасын 

анықтайды,  ал  бұл  философияның  да  бейнесін  анықтайды  деген  сөз.  Ол 

Кембриджде  математиканың  философиясынан  Рассельдің  дәрісін  тыңдай 

жүріп,  шығармашылық  математикадан  бастады.  Үлкен  ойшылдың 

ықпалында  болды,  бірақ  өзінің  жеке  біртуар  идеяларын  туғыза  отырып, 

алғашқы  философиялық  еңбегін  жазады.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  оның 

жұмысын  тоқтата  алмады.  Витгенштейн  соғыста  жүрсе  де,  қолжазбалары 

онымен  бірге  болды.  Витгенштейн  итальяндықтардың  тұтқынына  түссе  де, 

қолжазбаларынан айырылмайды. 

            Соғыстан  кейін  Витгенштейн  философияға  деген  қызығушылығын 

қойып,  оқытушылық  жұмыспен  айналысады.  Алдымен  Венада,  кейін 

Австрия  деревняларында.  Бірақ  бұл  қызмет  те  оны  қанағаттандырмады.  Ол 

монастырде  бағбан  болды,  өз  әпкесіне  үй  салып  береді,  мүсін  өнерімен 

айналысты. 

               Оның  жаны  философтың  жаны  болып  қалады.  Тек  себеп  керек 

болды.  Ондай  себеп  белгілі  математиктің  математиканың  философиялық 

негіздеріне арнап оқыған дәрісі болады. Дәрістен кейінгі кешті кафеде бірге 



        

404 


 

өткізген  философтың  достарының  бірі  былай  деп  еске  алады:  «бұл  кеш 

Витгенштейннің  терең  философиялық  қызығушылығы  мен  қызметіне 

оралуының  белгісіндей  болды».  Витгенштейн  Кембриджде  математиканың 

философиясынан  диссертация  қорғайды,  сөйтіп  қалған  барлық  өмірін 

Англияда  өткізеді  –  алдымен  Тринити  колледжінде  математика 

философиясынан  дәріс  оқиды,  кейін  Кембриджде  Дж.Мурдың  орнына 

философия кафедрасының меңгерушісі болады. Бірақ паң Англияның өзінде 

де  ол  қатаң  тәртіп  пен  дәстүрге  бағынбайды.  1936  жылы  ол  бірнеше  ай 

Норвегия  тауында  бір  лашықта,  кейін  мұхиттың  жағасындағы  балықшылар 

кентінде  тұрады.  Университет  профессорының  байыпты  өмірі  болмыстың 

басқа  бір  аумағына,  табиғатқа,  қарапайым  халыққа  жақын  жерде  өтіп 

жатады. 

             Екінші  дүниежүзілік  соғысы  уақытында  тыныш  дәріс  оқуын 

жалғастыра  беруге  Витгенштейннің  ұяты  жібермеді.  Белгілі  ғалым, 

профессор,  жасы  келсе  де,  ол  Лондон  госпиталінде  санитар  жұмысына 

тұрады, кейін Ньюкаслде медицина лобораториясында жұмыс істейді. 

             ...  Алпыс  жасқа  келгенде,  жазылмайтын  дертке  шалдығып,  өмірінің 

соңы  жақындағанын  сезген  Витгенштейн,  Кембридждегі  дәрістерін 

қалдырып,  өзінің  философиялық  ізденістерін  жалғастырады,  оның  нәтижесі 

аяқталмай қалған «Дәйектілік туралы» деп аталатын еңбегі еді. Соңғы жазу 

«1951 жыл, 27 сәуір» деп жазылған  – сонда дүниеден өтуіне бір күн қалған 

болатын.  

Философиялық шығармалары: 

    «Логикалық-философиялық  трактат»  (1921),  «Философиялық  зерттеулер» 

(1953),  «Математика  негіздеріне  қатысты  ескертпелер»  (1956),  «Көгілдір 

және  қоңыр  кітап»  (1958),    «1914-1916ж.ж.  жазба  кітапшалар»  (1961)  және 

т.б. 

              Витгенштейннің  шығармашылығы  екі  кезеңге  бөлінеді.  Бірінші 



кезеңде  ол  «Логикалық-гносеологиялық  трактат»  деген  еңбегімен 

аналитикалық  философия  идеясының  негізін  қалайды.  «трактаттың»  басты 

идеясы-  табиғи  сөйлеу  тілінің  кемшіліктері  мен  әлсіздігінен  ада,  адами 

құмарлықтармен-  махаббатпен,  жек  көрумен,  қызғанышпен,  азап  шегумен 

ерекшеленетін  тілдің  мүмкіндіктерін  негіздеу  және  дәлелдеу.  «Мінсіз  тіл,- 

деп  жазды  Витгенштейн,  –  өмір  жағдайларымен  ешқандай  қатынастарға 

түспейтін логикалық құрылымдарды жаңғыртуы керек». 

            Өмірінің 

екінші 

кезеңінде 



Витгенштейн 

өзінің 


бастапқы 

бағдарламасын  сынайды.  Ол  адам  қарым-қатынасындағы  тірі  тіл  ғылымға 

қызмет  ететін  барлық  логикалық  құрылымдардан  әлдеқайда  бай  деген  ойға 

келеді. Адам тек қана танып, ойлап қана қоймай, сонымен бірге сезеді, азап 

шегеді  және  қуанады.  Бұл  екінші  теорияны  ол  «тілдік  ойын  теориясы»  деп 

атайды. 


            Витгенштейннің  батыс  философиясында тұтастай екі бірдей төңкеріс 

жасағанын баршасы мойындаған.  

             Витгенштейн үшін аса маңызды мәселе тілдік белгілер мәніне талдау 

жасау  болып  табылады.  Әрбір  сөз  немесе  сөйлемді  оқшаулағанда  олардың 



        

405 


 

жасырын мәні болады, ал белгілі бір контекстке орналастырғанда олар нақты 

мәнге  ие  болады.  Мән  контекстке  бағынышты.  Мұндай  жағдайда 

сөйлемдердің  де  контекстке  бағынышты  көп  түрлі  мәні  болады.  Демек, 

философтың міндеті тіл қолданудың нақты контекстін іздеуде, кәдуілгі тілге 

талдау жасауда. 



Философиялық көзқарастары: 

            Витгенштейн  «Философиялық  зерттеулер»  деген  еңбегінде  тілдік 

ойын  ретіндегі  тіл  идеясын  дайындайды.  Философтың  пікірінше,  тілді 

қолдану  мен  тілдің  өзі  белгілі  бір  тұтастықты  құрайтын  әр  түрлі  нақты 

лингвистикалық  контексттерді  талдау  қажет.  Әрбір  зерттелетін  құбылыс 

тілдік  ойынның  белгілі  бір  ұғымдарымен  сипатталады.  Ұғымдардың  өзі 

тілдік ойын контекстінде ерекше немесе бірнеше тілдік мәнге ие болады. Әр 

түрлі  тілдердің  лингвистикалық  көрінісі  ерекше  немесе  бірнеше  тілдік 

ойындар  үшін  жалпы  болуы  мүмкін.  Соңғы  жағдайда  оларды  отбасылық 

ұқсастық  ретінде  белгілеуге  болады.  Осылайша,  Л.Витгенштейн  тілдік 

ойындар сипатын үйелмендік ұқсастықтар көмегімен түсіндіре алады.  

                 Табиғи  тіл  қисындық  құрылымға  келтірілмеу  тиіс.  Ол  әлдеқайда 

бай,  мазмұнды  және  өзара  тең  емес  әрекеттің,  қарым-қатынастың, 

байланыстың  алуан  түрлі  формаларымен,  яғни  өмір  формаларымен 

байланысты  «тілдік  ойындардың»  сансыз  көптігін  біріктіреді.  Логиканың 

кристаллдай таза болуы мүмкін емес дейді Витгенштейн. 

               Витгенштейннің философиясы күш біріктірудің жаһандық мәселесін 

және  ортақ  рухани  білім  берудің  мәселесін  шешіп  жатқан  адамзат  үшін 

ешқашан  дәл  бүгінгідей  өзекті  болған  емес.  Витгенштейн  тілдердің  әртүрлі 

болуын  мойындаған,  сонымен  бірге  олардың  өзара  әрекетін  де  құптаған. 

Өйткені тілдік қатынаста ғана адамдар өзара түсіністікке қол жеткізе алады. 

Философиялық афоризмдері: 

  Философиялық делініп жүрген сөздер мен мәселелердің дені жай ғана 

жалған емес, мүлдем мәнсіз. 

  Нақтылық  жетпегенде  мүмкіндікті  пайдаланамыз.  Жоққа  шығару 

мүлдем сөйлемнің мағынасын өзгертіп жібереді. 

  Мүмкін болатын  жағдайдың бәрінде өз  орны бар  затты  өзіне-өзі  қожа 

деп есептеуге болады. 

  Талғам таңдандыра алғанымен, бойыңды билеп кете алмайды. 

  Байлық билікке де қол жеткізетіндігіне қарамастан, билік пен байлық –

бір нәрсе емес. 

  Сенуіміз – бойға сіңіруімізге байланысты. 

  Сөйлемде  мағына  емес,  түр  ғана  сақталады:  мағынаны  деректер  ғана 

жеткізе алады. 

  Істің бәрі қалауыңа байланысты.  

  Көріп  отырғанымыздың  бәрі  мүлдем  басқаша  да  болуы  әбден  мүмкін 

еді ғой. 

  Қартайған  кезде  де,  жас  уақыттағыдай,  проблема  деген  жалынан 

сипатпайды:  оларды  шешу  түгел,  қолға  тұтып  қалудың  өзі  барып 

тұрған машақат. 


        

406 


 

  Данышпандық – дарынның жасайтын ерлігі. 

  Болашақ  оқиғаларды  бүгінгі  оқиғаларға  қарап  бағамдау  мүмкін  емес. 

Наным дегеніміз – осындай себеп-салдарлы байланысқа сену. 

  Философиялық  сайыстарда  жұрттың  бәрінен  жай  жүгіретіндер  озады. 

Болмаса мәреге ең соңғы боп жеткен ұтып шығады. 

  Жақсылық пен жамандық субьект арқылы ғана енеді. 

  Ең алғашқы шабыт орта тұстағы көп шабыттан гөрі қымбаттырақ. 

  Егер адам баласы ешқашан ешқандай ақымақтық жасамайтын болса  –

ақылды да ештеңе дүниеге келе қоймас еді. 

  Жануар да атын атап шақырсаң, қайырылады. Кісілер сияқты. 

  Өмір – байсалды, өнер – жеңілтек келеді. 

  Егер  істің  түйінін  шеше  алмайтын  болсаң,  ең  дұрысы  –  қолыңнан 

келмейтінін білу, ал ең лайықты әрекет – соны мойындай алу. 

  Ойлануға ұмтылу – бір нәрсе де, ойлау дарынының иесі болу – екінші 

нәрсе. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет