MinValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер - 0% және 100% ).
Мысалы, бейнетаспаны ойнау Animate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.
График және диаграмма
Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі қасиеттері болады.
Additional парағының Chart компоненті
Тәжiрибеде Chart компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері Editing Chart редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart терезесiн екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Edit Chart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі Series параметрінде Add батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.
Берілгендердің шығар көзі Series=> Data Source парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда No data деп көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |