Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері



бет38/95
Дата01.06.2020
өлшемі282,89 Kb.
#71925
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
Байланысты:
силлабус

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.

А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың


тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
Бұл топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.
Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет. Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама татаптар ақыл-кенес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі. Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады.
Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады. Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс. Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.

Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.

Тәрбие тәсілі, амалы (прием) - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.

Тәрбие құралдары - іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Оқушы тұлғасы қалыптасуының бас-қарылуын қамтамасыз ету - тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика көрсетіп отыр. Тәрбие құралдары - бұл тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді көрсету бұлар тәсілдер болады.

Әдістердің жіктелуі (классификация) - бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық көріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің өзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес.

Қазіргі кезде классификацияның негізіне бағытталғандық - интегративті сипаттама алынуда. Ол өзіне тәрбиелеу әдісінің мақсаттық, мазмұндық және процессуалдық жақтарын бірлікте енгізеді. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:


  • Тұлғаның санасын (ұғымы, түсінігін, пікірін, нанымын, баға беру) қалыптастыру әдістері (баяндау, түсіндіру, дәріс, иландыру, пікірталас, өнеге, баяндама, әңгіме).

  • Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез) қалыптастыру әдістері /жаттығу, үйрету, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттар/.

  • Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру (стимулдау) әдістері (жарыс, мадақтау, жазалау).

Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.

Тәрбиелеу әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайлар: тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, мазмұны; тәрбиеленушілердің жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; тәрбиелеудің жағдайы; педагогикалық шеберлігінің деңгейі; тәрбиелеу уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.

Көзқарастарды, ұғымдарды, сенімдерді қалыптастыру үшін тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері деп жалпы атпен аталатын әдістер қолданылады.

Этика тақырыбындағы баяндау - бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру.

Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды-сөзді әсер әдісі.

Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Түсіндіру адамдардың қатынасын және мінез-құлқын дұрыс бағалауды оқушыда қалыптастыруға көмектесуі керек.

Сендіру (внушение) тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.

Иландыру (увещевание) өтінішті түсіндірумен және сендірумен қатар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі мұғалімнің беделіне көп байланысты. Иландыру өз мақсатына жету үшін жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, абыройына сұраныс жасаған дұрыс.



Әңгіме (беседа) тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты - оқушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Әңгіменің нәтижелігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:



  • Әңгіменің проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.

  • Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

  • Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.

  • Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

  • Әңгіме кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

  • Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиелеушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

Пікірталас - бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді.Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Өнеге - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Өнегенің психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.

Айта кету керек, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Тәрбиеші өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін өнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі.

Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сөзі емес, сонымен бірге істеген ісі, қылығы сипаттайды. Тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаят, тапсырма.

Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап - кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті (жағымды) және негативті (жағымсыз, мысалы қорқыту).

Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнелеуі, ал талап - нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту, немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, толғанады.


Мадақтауды қолдану талаптары:


- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;
- мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;
- ұжымның пікірін ескеру;
- мадақтау әділ болуы қажет.
Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру -оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай
қиын болып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың
үй жұмысын жүйелі орындауын, ынта-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығьш көрсеткіш ретінде алған орынды. Жарыстардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.
Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал
әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін әр түрлі қарама-қайшы пікірлер бар.
Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдас-тары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу,
белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады. Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна байланысты болу керек. Мұғалімнің қолданған жазасы дәйекті болып, ешбір ыза-кексіз немесе қудалаусыз қолданылуы қажет. Ұжым атынан ұсынылған жазалаудың ықпалы артық болады. Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В.А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
- қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
- тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
- оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
- тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет