Педагогикалық мамандану – педагогикалық мамандықтың аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі. Ол нақты еңбек пәнімен және маманнның нақты функциясымен анықталады.
Педагогикалық квалификация – маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
Глоссарий
3
Жеке адамның өмірлік позициясы-бағытталғандықтың негізгі компоненті. Ол жеке адамның іс-әрекетінің мотиві болған сенімдерін, принциптерін, құндылық бағытталғандығын анықтайды.
Жеке адамның шығармашылық қабілеттері- бұл мәселерді дербес көруі. Талдаушылық ойлау: білім, іскерлік, дағдыны және ақыл-ой әрекеті тәсілін жаңа жағдайға көшіре білу; бұрын меңгерген іс-әрекеттің тәсілдердің жаңаға комбинациялау, синтездей білу іскерлігі.
Жеке адамның ерекшеліктері-түйсіктердің, қабылдаудың, еске сақтаудың, қиялының өзіндігі, қызығушылығының, ынтасының, қабілетінің, темпераментінің, мінезінің ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |