Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары:
· Әрекет пен шаралардың жүйелілігі,оқушыларды өз бетімен әрекет етуге бағыттау, тұлғалық жақтарын дамыту;
· Жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;
· Қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.
Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы
1-қадам Сыныптың ерекшелігін анықтау,тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін айқындау.
2-қадам Тәрбие бойынша сәтсіз өткен шаралар мен әрекеттерге талдау жасау, кемшіліктерді анықтау. Онсыз алдағы міндеттерді белгілеу мүмкін емес.
3-қадам Сыныппен алдағы күтілетін келеңсіздіктерді, мәселелерді анықтау. Ол мәселелерді сипаттау міндетті емес, бірақ көре білу асқан шеберлік
4-қадам Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін негіздеу Сыныптағы тәрбие міндеттерін айқындағаннан кейін, оны жүзеге асыру әрекетін, түрін жоспарлаймыз. Тәрбиелеу іс-әрекетінің әдісі мен тәсілін дұрыс таңдау және оны оқушыға қызықты етіп өткізу, тәрбиенің тиімділігі мен басты мақсатқа қол жеткізуге жетелейді.
5-қадам Оқушының жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын есепке алу,талдау
6-қадам Ата-аналармен жұмыс түрін бекіту
7-қадам Тәрбие жұмысы мақсат міндеттерінің жүзеге асуын бағалаудың көрсеткіштерін анықтау.
Тәрбие жұмысының тиімділігі қойылған мақсат, міндеттердің және қол жеткізген нәтиженің арақатынасын салыстыру өлшемі арқылы анықталады. Ал тиімділікті зерттеу алдағы жұмысқа түзетулер мен жаңалықтар енгізу үшін жасалады.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, . Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жаңұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс әралуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
загрузка...
1. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қаоастыру.
Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие процесіндегісынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі.
Сынып жетекшісі сыныпты тұнғыш рет қабылдай отырып, оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуді жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында олардың таным процестерін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшеліктерін, белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық климаттың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды.
Сыныпты жаңадан қабылдап қалғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысқаннан кейін, өзінен бұрынғы жетекші немесе бастауыш сынып мұғаліммен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.
Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының қандай нәрсеге қызыға қарайтының, қандай нәрсеге икемі барлығын зерттеп біледі.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, жанұядағы туыстармен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.
Ендегі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылы бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып, талдап отырады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінекн ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басың қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбіршілігі, белсенділігі, жауапкершілігі т.б.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйеді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезені. Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар – ұжымның ұйтқысы.
Сыныпта қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.
Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеунің маңызы. Ерекше өзін-өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – мектептегі тәрбие үдерісінің нәтижелі шарттарының бірі.сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері. Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы – оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларынын қалыптасуы – өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.
Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекетті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – окушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді тандау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар:
1) тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);
2) шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
3) шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
4) ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
5) жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;
6) мерекеге дайындық;
7) сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
8 ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;
9) тәрбиелік шараларды өткізу;
10) оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бірігіп өткізілген шараларға талдау жасау;
11) оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әңгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық әңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. Мұғалімдер В.А. Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оның оқушымен әнгімесіне зор мән берген пікіріне қосылады. Ал, бір жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттің осы бір саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.
Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына «Өзін өзі рухани дамыту» курсын енгізу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесін біршама шешуге мүмкіндік береді, бірақ ол сынып жетекшісінің жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды. Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет Үкіметіндегі секідді, 1934 ж. енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.
Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.
Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бүл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда).
Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:
а) Баланың денсаулығына қамқорлық.
ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық.
б) Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.
1. Сынып жетекшісінің қызметіне жатады. (Н.Е. Щуркова):
- Мектептегі сынып өміріне қамқорлық;
- әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай сыныпқа орналастыру;
- сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;
- мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалык ережесін қамтамасыз ету;
- оқушы үсті-басын ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту;
- сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;
- әрбір мұғалім мен баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;
- әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;
- оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;
- оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
2. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:
- балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;
- баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті’
- баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адаманың өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;
- балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.
3. Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз
- оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.
4. Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-әрекеттің түрі т.б. бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың әрекеті театрға бару аркылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйесінің моделін жасауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |