Ақпаратты –білім ортасын құрудың мақсаты мен міндеттері
Білім беру жүйесіндегі жаңа принциптердің бірі білім жүйесін құруды формализациялау және білім берудегі жаңа технологияларды басқару.
Әлемде бірыңғай ашық білім беру орталығын құрудың объективті және күрделі процестерін құру қарастырылуда. Сонымен қатар, ашық түрдегі арнайы білім беру құрылымдары құрылуда. Білім алушыға қай жерде орналасқанына тәуелсіз, оның білімі, кәсіби мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне толық сай болатын білім беру траекториясын тұрғызуға, яғни қазіргі заманның талабына сай кәсіби білімді алуға және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін түрлі білім беру қызметтерін ұсынатын білім беру орталары әлеуметтік институттар бола алады. Яғни бұл орта халықтың қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыратын бағдарламалар сабақтастығы мен байланысын қамтамасыз ететін білім қызметтерінің ақпаратты-педагогикалық орталықтарының бар болуына болжам жасап отырады.
Оқу орталарында ақпаратты-білім ортасын құрудағы негізгі мақсат - интернет ортасында ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты-білім ресурстары, оқу орындарында білім алу, мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.
Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған Интернет-портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде портал – бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты-білім және әмбебап инструментальды ортасының құралдары [41].
Портал өз формалары мен ұйымдастыру-құқықтық формасын, яғни өз Интернет-өкілдерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.
Ақпараттық-білім ортасын құру процесінде келесі негізгі міндеттер шешілген болу керек:
порталдың функционалды-мазмұндық құрылымы, яғни оны құрудағы механизмі мен технологиясы, оны кеңейту мен өзектілігін өңдеу;
спецификация және нормативті құжаттармен, ұлттық және халықаралық стандарттармен бірігуін қамтамасыз ететін ақпараттық оқыту жүйесінде түрлі ақпараттарды ұсынатын форматтарды жасау;
интегралданған ортақ жүйелі ақпаратты порталда бейнелейтін үлестірілген Портал элементі ретінде «Виртуальды университет»-ң бағдарламалық-дидактикалық жинақ архитектурасын өңдеу;
қолданушылардың белгілі мақсатқа арналған топтары мен олардың ерекшелігін бейнелейтін, барлық деңгейге сай білім алуға мүмкіндік беретін, Виртуальды университеттің функционалды-мазмұндық құрылымын өңдеу;
оқу процесін жүргізу құжаттамасымен бірге, білім беру процесінің барлық этаптарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сервистік қызмет типтік жинақтарымен кез келген оқу орнын қамтамасыз ету;
әрбір оқу орындағы виртуальды өкілдіктегі ақпарат құпиялылығы;
жұмысы немесе орналасқан жеріне тәуелсіз педагогикалық, ғылым кадрларымен тәжірибе алмасу және кәсіби қатынаста болуға мүмкіндік жасау;
административті, маркетингтік және басқа да оқу процесін сапалы өткізуді қамтамасыз ететін барлық оқу орындарының тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
басқа оқу орындарымен және техникалық қызмет орталарымен, білім қызметтерін тұтынушылардың ара-қатынасын реттейтін, типтік құжаттар жүйесі арқылы ақпараттық оқыту жүйесіне кіретін, білім мекемелерінің қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, сонымен бірге экономикалық механизм, жүйелік келісімдер мен кепілдемелерді, нормативті-құқықтық құжатты жасау;
ақпаратты-білім ортасында тәжірибемен алмасу және авторлық құқықты қорғау, желілік оқу процесінде әдістеме бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге кеңес және қосымша кәсіби ақпарат алу мен эксплуатациялық ортада административті және техникалық бағыттағы мамандар қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпаратты-білім ортасының администрациялау ядросын құру [48].
Достарыңызбен бөлісу: |