Ф-ОБ-001/210 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті білім алушыларын өндірістік тәжірибеден өткізу туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ № _____ Түркістан қаласы «___»__________ 2021 жыл Бір жағынан Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін Университет президенті Ж.А.Темірбекова бұдан былай «Университет» және екінші жағынан Қазақстан Республикасы “Дантист тіс емханасы”Д.Р.Юнусалиев «Тараптар» деп аталып төмендегідей өзара келісім-шартқа отырды:
1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Университет оқу үрдісі барысында алған білімдерін бекіттіру, тәжірибелік дағдылар мен озық тәжірибені игерту мақсатына бағытталған өндірістік тәжірибелерден өтуге білім алушыны ары қарай Келісім-шарт негізі бойынша жібереді, ал мекеме қабылдайды.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1. Университеттің міндеттері: 2.1.1. Тәжірибенің басталуынан екі ай бұрын тәжірибеден өту бағдарламасы мен күнтізбелік кестесін мекемеге беруге;
2.1.2. Оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбе бойынша тәжірибенің басталу мерзіміне сәйкес білім алушыны мекемеге жіберуге;
2.1.3. Университет тарапынан әдістемелік көмек көрсетуге;
2.1.4. Тікелей мекемеде тәжірибенің өтуін бақылау жасауға міндетті.
2.2. Университет құқығы бар: 2.2.1. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес 5В130200- Стоматология мамандығы бойынша оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде өндірістік тәжірибеден өту үшін білім алушыны мекемеге жіберуге; 2.2.2. Мемлекеттік білім стандарты тәжірибе бағдарламасына және талаптарына сәйкес тәжірибеден өткізуге жетекшілік жасауға;
2.2.3. Тәжірибе мерзімі біткенге дейін білім алушының жұмыс сапасы мен қатысуы туралы ақпаратты алуға құқылы.
2.3. Мекеменің міндеттері: 2.3.1. Білім алушыны осы келісім-шарт тәртібі бойынша қабылдауға;
2.3.2. Білім алушыны тәжірибеден өту кезеңінде жетекшілік жасау үшін тиісті біліктілігі мен еңбек өтілі бар мамандармен қамтамасыз етуге;
2.3.3. Білім алушыға коммерциялық құпия болып табылмайтын әдебиеттер және басқа да құжаттар мен құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік беруге;
2.3.4. Білім алушыларды қауіпсіз және еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық талаптарына сай жағдаймен қамтамасыз етуге;
2.3.5. Білім алушының тәжірибеден өту кезінде еңбек уақытын есепке алуды қамтамасыз етуге;
2.3.6. Тәжірибеден өту кезеңінде білім алушыны жұмыс орнымен, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге;
2.3.7. Іс-тәжірибеден өту үшін қауіпсіз жағдай жасау, қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нұсқаулық өткізуге;
2.3.8. Білім алушының мамандығына қатысты емес, сонымен бірге бағдарламада қарастырылмаған жұмыстарды орындауына жол бермеуге;
2.3.9. Іс-тәжірибе аяқталған соң, әрбір тәжірибеден өтуші білім алушының орындаған жұмысына мерзімі көрсетіліп, дайындаған есебі бағаланып мінездеме беруге міндетті.
2.3.10 Мекеме студент практика мерзімі басталған уақыттан негізсіз үш күн кешіккен жағдайда растайтын құжаттарды ұсынуға жазбаша түрде университетке хабар беруге;
2.3.11 Мекеме студент практика мерзімі көрсетілген уақытта техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін, ішкі тәртіпті бұзса жазбаша түрде университетке хабар беруге;