Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі



бет28/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Ауруханалар-төсек тартып жатқан сырқаттарға арналған емдеу-профилактикалық мекеме.Ауруханалар салу жұмысы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтер бойынша іске асырылады. Қазіргі ауруханалар-қажетті емдеу-диагностикалық аппараттармен, құралдармен, жабдықталған медициналық мекеме. Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдері: қабылдау, әкімшілік-шаруашылық , емдеу бөлімдері.Емдеу бөлімдеріне диагностикалық және емдеу кабинеттері, операциялық, процедуралық, жараны таңу, арнайы бөлімдер жатады. Емдеу бөлімінің құрамына сондай-ақ жүріп тұратын сырқаттардың дем алуына арналған орындар, буфеттер мен асхана және көмекші бөлмелер (санитарлық торап, асхана, әжетхана, кір жуатын жер) енеді.Ауруханадағы орта медициналық қызыметкердің көпшілігін мейіркештерден алады.

Олардың міндеттеріне:

1.емдеу-диагностикалық жұмыс –дәрігерлік аралау кезінде қатысу, дененің температурасын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттын жалпы күйін және организмнің физиологиялық қызымет атқаруын, қажет болғанда жедел дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету, дәрі таратуы және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдар алу, түрлі манипуляциялар жасау мен дәрі құю;

2.Сырқат күтімі – киіндіріп -шешіндіру, іш киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне профилактика жүргізу, ауыр науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.

3.Дайындық жұмысы –медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау ;

4.Құжаттармен жұмыс-дәрігерлік белгілелеулер қағазын жүргізу, лабораториялық аспаптармен зерттеуге және консультацияға жолдама беру, дәрігерлік аралап шығуға дейін аурудың тарихын дайындау(қосымша қағазды зерттеу нәтижесін желімдеу), ауруханадан шығарарда құжаттар көшірмесін, анықтама мен ауруханалық қағазды (больничный лист) толтырады.

Аурухананың әрбір бөлімшесінде мейіркештер бар, олар емдеу және диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар атқарады: венаға дәрі құю, қан мен қанның алмастырушысын құю, жота жұлыннан пункция алуға, биохимиялық анализге қан алуға аспаптар дайындау.Бірқатар жағдайда процедуралық кабинеттедіңмейіркештеріне сондай-ақ ұлтабарлық зондтау, зерттеу үшін қарын сөлін алу, дәрі құюды жасау жүктеледі. Процедуралық мейіркештердің еңбегін жетілдіруде әрбір процедуралық кабинеттерді дәрімен тазаланған материалдармен және аспаптармен орталықтандырылған жабдықтаудың ерекше маңызы бар.Орталықтандырылған зарарсыздау қызыметін құру күнделікті процедуралық мейіркештердің жұмыс уақытының 15% үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл 2 сағаттық кезекшілікпен пара пар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет