29
талшықтары сақина тәрізді бағытта орналасқан және n.oculomotorius құрамындағы
парасимпатикалық талшықтардан нервтенеді. Ал қарашықты үлкейтетін бұлшықет
талшықтары радиалды бағытта орналасады, ол симпатикалық талшықтармен қамтамасыз
етіледі. Сезімтал талшықтар үшкіл нервтің құрамынан келеді. Нұрлы қабықтан веналық
қан көз веналарына, одан әрі қуысты синусқа барып құйылады. Нұрлы қабық өте күрделі
құрылым. Оның тереңгі қабаттарының шығу тегі мидың аралық бөлімінен туындайды.
Нұрлы қабық өте бай қантамырлар торымен, нерв талшықтарымен, бұлшықеттік
элементтермен, хромотофорлық жасушалармен қамтамасыз етілген. Хроматофорлық
жасушалардың болуынан көздің түсі байланысты болады. Нұрлы қабық тек жарыққа
реакция беретін экран ғана емес, сонымен қатар организм ішіндегі ауру тудыратын
ауытқуларды сезетін индикатор ретінде де қарастырылады. Атап айтқанда, пигменттік
жасушалар (рецепторлық - хроматофорлар) жарық әсерінен қорғау, антимикробтық және
рак ауруына қарсылық әсер т.б. функциялар атқарады. Дәрігер – иридодиагност нұрлы
қабықтың бір қатар белгілеріне қарап, атап айтқанда: нұрлы қабықтың құрылыстық
типтеріне, жарыққа және түстерге реакциясына, рельефіне, әралуан шұңқыршалары мен
дақтарына т.б. байланысты организмнің жаратылыстық ерекшеліктеріне, ішкі зат алмасу
жағдайларына, қартаю үдерістеріне, организмнің ауруға қарсы тұру мүмкіншіліктеріне
баға бере алады.
Бұдан көп жылдар бұрын иридологтардың халықаралық ассоцияциясы құрылған.
Кейбір ауруларды нұрлы қабық арқылы диагноздау дәлдігі 97,2% жетеді. Төменде
көрсетілген түрлі-түсті сызбада нұрлы қабыққа түсетін ішкі ағзалардың проекциясы
берілген (№ сурет).
3) Ең тереңгіде орналасқан – торлы қабықта (retina) жарыққа сезімтал көру
жасушалары шоғырланған, олардың шеткі ұштары таяқша және құтыша пішіндес болып
келеді. Көздің ішкі ядросы құрамына кіретіндер: көз бұршағы (екі жағы дөңес линза
пішіндес), шыны тәрізді дене және ылғалды сұйықтық. Бұлардың бәрі мөлдір және
жарықсындырғыш қасиетті. Арнаулы сезімталдық нерв көру нерві (n.opticus) болып
табылады, ол торлы қабықта жататын мультиполярлық нейрондардың аксондарынан
құралған. Өз кезегінде аталған нейрондар, торлы қабықтағы биполярлық нейрондармен
байланысса, соңғылары жоғарыда айтылған таяқша және құтыша тәрізді жарықсезгіш
жасушалармен байланыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: