28-сурет. Қалқанша безінің операциясы Қалқанша бездің субтоталды резекциясын жасау операциясын О.В.Николаев
ұсынған және ол қазіргі кезге дейін кең қолданылады. Бұл операциядан кейін қалқанша
бездің аз ғана бөлігі (3-6г) қалдырылады және операция субфасциалды жасалады, әрі
қалқанша артериялары байланбайды.
Науқас шалқасынан жатқызылады, жауырындары астына білік қойылып, басы
шамалы шайқатылады. Хирург аурудың оң жағынан тұрады.
Ауырсындырмау негізінен жергілікті анестезия жолымен жүргізіледі, сонымен қатар
наркоз немесе құрамалы ауырсындырмау әдісі қолданылады (бұлшықет іші, венаіші
инъекция мен жергілікті анестезия).