Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Қалқанша без (glandula thyroidea)



Pdf көрінісі
бет80/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Қалқанша без (glandula thyroidea) 
Қалқанша без бір-бірімен мойнақ арқылы байланысқан екі бүйірлік бөліктерден 
құралған және кеңірдекпен, қалқанша шеміршекпен, жұтқыншақпен, өңешпен, сондай-ақ 
жалпы ұйқы артерияларымен оның ортаңғы үштік бөлімінде жанасады(24-сурет). Бездің 
мойнағы оның екі бөлігін байланыстырып тұрады және кеңірдектің алдыңғы бетін оның 
екінші (немесе үшінші) шеміршегі мен үшінші (немесе төртінші) шеміршегі аралығында 
жауып тұрады. 
Бұл тұста бездің мойнаға кеңірдекпен дәнекер тін арқылы тығыз бітісіп жатады 
және бұл жерде мойнақ пен кеңірдекке ортақ қантамырлары орналасқан. Кейбір 
жағдайларда бездің мойнағынан немесе бездің сол жақ бөлігінен өсіп шыққан конус 
тәрізді, ұзындығы 1-2 см болатын өсіндіні (пирамидалық бөлік) байқауға болады. Бұл 
пирамидалық өсінді қалқанша шеміршектің бүйірлік табақшасында орналасады. 
Бездің ішкі заты (паренхимасы) сырты куб тәрізді және призма тәрізді эпителийден 
тұратын фолликулдардан құралған. Фолликулдардың іші коллоид затымен толған, оның 
құрамында дийодтароксин гормоны болады. Фолликулдар бездің бөлшектеріне біріккен, 
ал бөлшектер дәнекер тіндік талшықтармен қоршалған, соңғыларының құрамында 
қантамырлары, нервтер және лимфа тамырлары бар. бездің сыртқы жағы «өзіндік» 
немесе «шынайы» қапшықпен тысталған (capsula thyroidea), бұл қапшық бездің 
паренхимасымен беткей жағында бітісіп жатады да, тереңге бөлшектер арасына кіретін 
өсінді қабаттар береді. Бездің осы қапшығын сыдырып алу өте қиын, себебі 
қантамырлары зақымданады. Қапшықтың ең жоғарғы сыртында шамалы шелмай қабаты 
бар, онда анағұрлым ірілеу қантамыр тармақтары кездеседі. Аталған шелмай қабаты 
сыртқы жағында тығыздалып, төртінші фасцияның висцералды жапырақшасын құрайды. 
Бұл фасцияны басқаша «жалған» қалқанша жанындағы фасция деп атайды. Осы фасция 
бойымен хирургтар безді қоршаған тіндерден қан кетірмей оңай ажыратуға мүмкіндік 
алады. Сонымен бірге, бұл фасция безді кеңірдекке, сақина және қалқанша тәрізді 
шеміршектерге берік етіп бекіндіреді, осы себептен қалқанша без жұтынған кезде 
көмеймен бірге қозғалады. Қалқанша без маңындағы шелмайда бездің бөліктерінің артқы 
беттерінде қалқанша маңы бездері (glandula parathyroidea) орналасады, бұлар әдетте екі 
жақты 4 без болып келеді: екі жоғарғы және екі төменгі. 


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет