74
Жауырын – кеңірдектік үшбұрыш – медиалды жағынан тереңде жатқан кеңірдектің
үстімен жүргізілетін ортаңғы сызықпен, латералды төменгі жақтан-төс-бұғана-емізіктік
бұлшықеттің алдыңғы шетімен, латералды жоғарғы жағынан жауырын-тіластылық
бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен шектелген.
Жоғарырақ аталған латералды (яғни, сыртқы) үшбұрыш өз кезегінде төменнен
жоғары қарай қиғаш өтетін жауырын-тіластылық бұлшықеттің төменгі қарыншасымен
тағы жұп (оң жақ және сол жақ) екі кішірек үшбұрышқа бөлінеді. Жоғарғысы (үлкендеуі)
– жауырын – трапециялық үшбұрыш (trigonum omotrapezoideum), төменгісі (кішісі) –
жауырын – бұғаналық үшбұрыш (trigonum omoclaviculare) деп аталады.
Төс – бұғана – емізіктік аймақ – осы бұлшықеттің алып жатқан шекарасына сәйкес
келеді. Осы бұлшықеттің астында терең бұлшықеттік құрылымдар орналасқан:
сатыалдылық аралық, саты-омыртқалық үшбұрыш, және сатыаралық кеңістіктің
бастамасы. Аталған жерлерде медиалды (негізгі) қантамыр – нервтік шоғырдың
бастапқы бөлігі (жалпы ұйқы артериясы, ішкі мойындырық венасы, кезбе нерв), сонымен
қатар, латералды (сыртқы) қантамыр-нервтік шоғыр-бұғана асты артериясы, иықтық нерв
өрімі, бұғана асты венасы, көкеттік нерв және басқа анатомиялық элементтер
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: