Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


және созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромдары. Себептері. Симптомдары,олардың механизмдері. Диогностикалық маңызы



бет144/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

және созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромдары. Себептері. Симптомдары,олардың механизмдері. Диогностикалық маңызы.
Бүйрек ағзаның іс әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Бүйректер – сопақша келген қос ағза, бел аймағының артқы бетінде омыртқаның оң және сол жағында орналасқан. Оң жақ бүйректің үстінде бауыр орналасқан, сол жақ бүйректің ұйқы безі орналасқан. Бүйректің ұзыңдығы 10 –12 см, салмағы – 150 – 170г. Бүйрек жұқа дәнекер тінді қабықпен және көп қабат май тінімен қабатталған. Бүйрек сыртқы (қыртыс) және ішкі милы қабаттардан тұрады. Бүректің жоғарғы жағында ішкі сөлденіс безіне жататын бүйрек үсті безі орналасқан. Бүйректің іші біртекті құрылыста келген нефрондардан тұрады. Нефрон құрылысына келетін болсақ, оған капилляр шумағы бар қапшығы кіреді. Қыртыс қабатта бөлінген бүйрек артерияларынан құрылған бүйрек денешіктері мен шумақтары бар. Әрбір шумақ арнайы қапшық пен қоршалған. Әр қапшық өзінше сүзгіш: мұнда жиналған ағзаға керек емес заттар бүйрек денешіктері тостағаншалардан қапшықтардан шығатын арнаға келіп түседі. Бүйректің қыртыс және милы қабаттарында бірінші және екінші арналардан құралады. Арналар бүйрек астаушаларына зәрді әкеледі, онда несеп ағар арқылы шығатын зәр жиналады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіттерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын – олигурия, зәрдің көп бөлінуі – полиурия деп атайды. Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары әртүрлі, бірақ негізінде жергілікті (пиелонефрит, туберкулез, бүйрек тас ауруы) және жалпы (нефрит, нефроз) аурулар болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет