Тексерудің физикалық тәсілдері.
Қарау.Анемияның ауыр түрлерінде, лейкоздың терминальды сатысында қан аздықтың салдарынан кома дамиды. Анемияда тері және кілегей қабықтардың түсінің ақшыл (бозғылт, қуқыл) тартқанын байқауға болады. Анемияның кейбір түрінде (гемолитикалық анемия, В12-дефицитті анемия) терінің түсі ақшылсары болып өзгереді. Оның себебі анемияның бұл түрлерінде болатын гемолизге байланысты. Гемолиз нәтижесінде қанда көбейген билирубин теріге сарғыш рең береді. Қанда эритроциттің саны көбейгенде, айналымдағы қан мөлшері көбейгенде беттің,мойынның, қолдың терісінің түсі қызыл шырайлы болып келеді. Геморагиялық диатезде тері астына, кілегей қабықтарға қан құйылғанын көруге болады. Қан құйылудың белгілері әр түрлі болады.Ол кейде ұсақ нүкте тәріздес болады, кейде қан құйылған жердің көлемі үлкен болады. Тері астына көп мөлшерде қан құйылуды қан сүйелі деп атайды.Тері астына құйылған қанның түсі біртіндеп шиелі қызыл түстен жасыл сары түске айналады. Ол құйылған қан ішіндегі пигменттердің алмасуына (билирубин,биливирдин) байланысты.Тері құрғақ болады,ол түлей бастайды. Шаш көп түсетін болады. Ол көбіне қиылып түседі. Аддисон-Бирмер анемиясында қабынуға байланысты тіл қызыл түсті болады (сондықтан оны “кардинал” тілі деп атайды),оның бүртіктері тегістеліп кетеді
Сондықтан тілдің үсті жалтырап,лактелген сияқты болып көрінеді. Кейде тілде тілік болады. Көрсетілген өзгерістер бар тіл Хантер тілі деп аталады. Жедел лейкозда және агранулоцитозда некрозды жаралы ангина және стоматит жиі кездеседі. Олардың себебі лейкоциттердегі сан және сапа өзгерісіне байланысты дамитын организмнің қорғаныс функциясының нашарлауы. Қараған кезде байқауға болатын белгілерге мойында,бұғана астында,қолтықта және шашта өскен бездер мен сол жақ қабырға астының шығыңқы болуы (спленомегалия) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |