Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет199/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Клиникалық бейнесі. Қант сусамырының негізгі белгісі науқастың аузы құрғап, шөлдеуі. Науқас сұйықты көп ішуге мәжбүр болады. Бірақ қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Суды көп ішкендіктен кіші дәреті жиілейді, мөлшері көбейеді (полиурия). Тамаққа тәбеті артып, жиі тамақтанады (полифагия). Науқас әлсірегенін сезеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, дене терісі қышиды, теріге іріңді жаралар жиі шығады. Терісі құрғап, қабыршақтанғаны байқалады. Бет терісі қызарады. Қасынған жерлерде із қалады. Ұзақ ауырғандардың терісінің шелді қабаты семеді, аяқтарындағы жаралардың жазылуы қиындайды. Зат алмасу дәрісі өзгергендіктен бүкіл жүйелер зақымданады. Қан тамырларының зақымдануынан ірі қан тамырларында атеросклероз дамып, ұсақ тамырларында қан ағысы бәсеңдейді, тіндерге оттегі мен басқа қоректік заттар аз жеткізіледі. Жүректің бұлшық еті зақымдалып, оның жұмысы әлсірейді. Қан айналысы бұзылғандықтан науқастың аяғы жансызданады, онда трофикалық жаралар пайда болады. Тыныс жолдарының шырышты қабықтары құрғап, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Қант сусамырына өкпе туберкулезі жиі қосарланады. Ас қорыту жүйесіне келер болсақ, науқастың ауыз қуысымен тілдің шырышты қабығы құрғап, тістері түсіп қалады. Май алмасу дәрісі бұзылып, бауыр зақымданып, циррозға ұшырауы мүмкін. Асқазан мен ішектің шырышты қабаттарындағы бездер семіп, сөл бөлу және асты сіңіру дәрістері нашарлайды. Қант сусамырында бүйректің зақымдануы нақты түрде білінеді. Бүйректің қан тамырлары зақымдалғандықтан зәрмен ақуыздар көп шығады (протеинурия). Сырқат асқына келе бүйректің ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, улы заттарды бөліп шығару қызметі нашарлайды. Қан қысымы жоғарылайды. Көз тамырларының зақымданғынынан көз көру қабілеті төмендейді (диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы). Қант сусамырындағы жүйке жүйесінің зақымдануына ерекше көңіл бөлу керек. Науқастың басы ауырып, ұмытшақтанып, ұйқысы бұзылады. Науқастардың аяқ – қолы ауырып, саусақтарының жаны кетіп, күші азаяды. Осының салдарынан жылу сезімі бұзылып, ыстықты қолданғанда күйік зардабына ұшырауы мүмкін. Бұл түрі диабеттік нейропатия деп аталады. Ал диабеттік ангиопатияда ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, қан айналымы бұзылып, науқастың аяғында трофикалық бұзылыстар байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет