Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымында үш кезең айқындылады. 1–ші кезеңі. Көптеген ауруларда созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінің алғашқы кезінде әлбетте жұмыс атқарғанда (жүру, сатымен шығу) тез шаршау, ентігу, тамыр соғуының жиіленуі байқалынады. Науқасты жалпы қарағанда саусақтарының көгеруі, ал үш бес отырғызып тұрғызғанда тыныс алуымен тамыр соғуы жиілейді. Өкпе шекарасы өзгеріссіз, везикулды тыныс қатқыл реңді болады. Бауыр мен көк бауыр өзгерістері байқалынбайды. Бұл кезде науқастарда шағым болмайды. Денеге күш түскенде сол қарыншада диастолдық қан қысымы жоғарылайды.
ІІ–ші А кезеңі. Клиникалық белгілері көпшілік жағдайда қан айналымының өзгерісіне байланысты болады. Науқастар негізінен күш түскенде ентігуге, жүрек қағуына шағымданады, құрғақ жөтел болады. Тері жамылғысы бозарады, бет ұшының қызаруы, шырышты қабықтардың көгеруі, аяқ қолдарының саусақтары мұздайды. Ісік болмайды, бауыр мен көк бауыр ұлғаймайды.
ІІ–ші Б кезеңі. Көптеген науқастарда денеге аздап күш түскеннің өзінде де ентігу, жүрегінің қағуы, оң қабырға астында ауырсыну, ісіну, әлсіздік байқалынады. Науқасты қарағанда төсектегі “ортопное” қалыпы, саусақтарының көгеруі, жаппай ісіну белгілері анықталынады. Ісік алғашқы да аяғынан басталып, кейіннен бел тұсына жайылып, барлық тері асты шел майында пайда болады. Өкпеде құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі, крепитация білінеді. Бауырдың ұлғаюы білінеді. Науқаста арықтау, шаршау, аяқтарының ісінуі, асцит, шамалы қыймылдағанда ентігу сияқты шағымдар болады. ІІІ–ші кезеңі. Науқастың қалі нашар, көпшілігінде әртүрлі деңгейдегі ісіну байқалады. Кейбір науқастарда ісіну бүкіл денесінде білінеді (анасарка). Сыртқы тыныстық дәрісінің бұзылуы байқалады. Науқастардың тамыр соғуының тапшылығымен жиіленген жыбырлы аритмия анықталады. Зәр көлемінің және оның салмағының азаюы білінеді. Бауыр ұлғайып, сканограммада фиброз өзгерісінің қалыптасуы ошақты бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |