Йод жетіспеушілігін алдын алу
Бүгінгі күнде йод жетіспеушілігін алдын алудың екі түрі бар:
құрамында йоды бар азық-түлік көмегімен йод жетіспеушілігін жою;
құрамында йоды бар дәрі-дәрмектерді тағайындау.
Әрине, ең жақсы алдын алу жолы- йодталған азық-түлік қолдану. Көбнесе кең таралған әдіс – йодталған ас тұзын қолдану болып табылады.Йодталған тұзды қолдану ыңғайлы және арзан. Неге десек:
Тұзды йодтау үшін калий йодидін қолданады, және калий йодатын қолданады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында калий йодаты ғана қолданылады. Құрамында калий йодиті бар тұздың сақтау мерзімі - 4-6 ай, калий йодаты бар тұздың сақтау мерзімі - 1 жылға дейін. Адамның ағзасын йодпен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 150 мкг йоды, жас өспірімдерге – 120 мкг, балаларға – 90 мкг керек. Йодталған тұз қосымша ешқандай түс, дәм, иіс
бермейді
2001 жылы Азия елдеріне біртұтас құжат қабылданды:
йод жетіспеушілігінің ең маңызды алдын алуы – йодталған тұзды қолдану;
бұл бағдарламаның нәтижесін көтеру мақсатымен жергілікті Үкіметтің структурасымен, Үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми қоғамдармен бірлестік қызметін атқару.
Йод жетіспеушілігін алдын алу бағдарламасының негіздері:
тұзды нәтижелі йодтау;
реттеудің әрекеттері;
оқыту бағдарламасын дамыту;
тұздың сапасын және оның адам ағзасына биологиялық әсерін бақылау.
Сөйтіп, тағаммен керекті заттар жеткілікті түспеген жағдайларда адам денсаулығын сақтау үшін құрамында микроэлементтер бар (йод) азық-түлікті қолдану физиологиялық және нәтижелік болып табылады. Йод теңіз балықтарының етінде, теңіз өсімдіктерінде және басқа теңізден алынатын тағамдарда көп мөлшерде болады. Йодталған барлық азық-түліктер өзінің қорабында фирмалық белгі-логотип пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |