Сықыр (крепитация) ол экссудаты бар альвеола ішінде пайда болады. Альвеолалар ішінде экссудат болса, олардың қабырғалары дем шығарған фазада бір-біріне жабысады да, ал дем алу фазасының ең терең кезінде ажырасады.
Бұл дыбыс құлақ үстінен шаштарды бір-біріне үйкелегенде естілетін дыбысқа сәйкес келеді. Сықырды ұзақ уақыт төсекте шалқасынан жатқан қарт адамдардан, нашар халдегі жүрегі ауырған немесе жқпалы инфекциялық аурулардың өкпесінің төменгі бөліктерінен есіту мүмкін. Бұл жағдайларда сықыр тек бірінші терең дем алғанда естіліп кейін жойылады, яғни тұрақты емес. Басқа жағдайларда крепитация өкпенің өзінің зақымдануына байланысты бола-ды. Сықыр өкпе қабынуында, әсіресе крупозды пневмонияда, өкпе туберкулезінде, өкпе инфаркты және компрессиялық ателектазы кезіңде естілуі мүмкін. Сырылды ұсақ көпіршікті сырылдардан ажырату үшін мына жағдайды есте сақтау керек. Сықыр тек дем алу фазасында, әсіресе терең дем алғанда естіледі, ал ұсақ көпіршікті сырылдар әдетте дем алудың екі фазасында да естіледі. Сонымен қатар, сықыр жәй ғана жөтелгенде айқын анықталады, ал ұсақ көпіршікті сырылдар жөтелгеннен кейін естілмейді.
Өкпе қабының үйкеліс шуылы. Қалыпты жағдайда өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларының беті тегіс болғандықтан дем алған кезде бір-бірінің үстімен дыбыссыз жылжиды. Құрғақ плеврит кезінде плевра бетінде фибрин жиналады да плевра беті кедір-бүдір болады. Дем алған кезінде өкпе қабы бетінде үйкеліс шуылы пайда болады, аязды күні қардың үстінде жүргенде естілетін сықыр сияқты, немесе бір нәрсені тырнағанда естілетін дыбысқа ұқсас болады. Плевра үйкеліс шуылы дем алу үдерісінің екі фазасында да: дем алу жөне дем шығару кезінде де естіледі. Бәрінен де жақсы өкпе қабының үйкеліс шуылы өкпенің дем алудағы қимылдарының нағыз айқын жерінде, қолтық асты, артқы, ортаңғы, ал-дыңғы сызықтары бойымен естіледі. Кей кезде бұл шуыл өте қатты болғандықтан пальпация кезінде қолмен сезілуі мүмкін. Өкпе қабы үйкеліс шуылын ылғалды сырылдардан ажырату үшін науқасты жөтелдіру керек. Бұл жағдайда плевра үйкеліс шуылы өзгермейді, ал ылғалды сырылдар жойылуы мүмкін. Оларды бір-бірінен ажырату үшін тағы бір тәсіл жасауға болады. Дем шығарғаннан кейін, ауыз бен мұрынын жапқызып, құрсақты жиырып бұлтитады, бұл кезде кеуде пердесі төмен түседі. Осы кезде париеталды және висцералды плевра жапырақтары бір-бірінің үстімен жылжиды, егерде құрғақ плеврит болса оның зақымданған беттері кедір-бүдір болса, өкпе қабының үйкеліс шуылы пайда болады. Бұл кезде бронх арқылы ауа жүрмегендіктен, яғни альвеолаларға ауа кірмегендіктен, ьлғалды сырылдар мен сықырлар естілмейді. Өкпе қабының үйкеліс шуылын сықырдан ажыратуға мына белгілер көмектеседі: 1) өкпе қабының үйкеліс шуылы дем алу фазасының екеуінде де естіледі, сықыр тек дем алу фазасында және оның ең терең кезіңде; 2) кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді, ал сықыр өзгермейді; 3) өкпе қабының үйкеліс шуылы фонендоскопқа сықырдан жақындау естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |