Проекциялары ( тыңдау нүктелері)
1–қолқа қақпақшасының проекциясы;
2- өкпе артериясы қақпақшасының проекциясы;
3 - сол жақ митралдық қақпақшаның ,
4 - оң жақ митралдық қақпақшаның проекциялары.
Фонокардиография
Фонокардиография (жүрек үнін жазу) — жүрек қызметінің дыбысты көрінісін жазу тәсілі. Бұл жүрек аускультациясының толықтырушысы болып табылады және құлақпен төмен немесе мүлде естілмейтін дыбыстарды тіркеуге болады. Мысалы, lll-ІУдыбыстар, I және II дыбыстардың бәсең компоненттерін, төмен жиілікті шуылдарды. Фонокардиография кезіңде жүректің дыбыстық тербелістері фонокардиограф аппаратының көмегімен қисық фонокардиограмма түрінде тіркеледі (ФКГ). Ол микрофон, күшейткіш, жиілік фильтры жүйесі және тіркеуші құрылымнан тұрады. Микрофон жиілік фильтріне берілетін дыбыс тербелістерін қабылдап, мұны электрлік белгіге айналдырып, күшейтіп отырады. Олар дыбыстардың әр түрлі тербелуін жеке тіркейді: төмен, орташа және жоғары жиілікте. Ал қалған тербелістер тіркегіш құрылымға беріліп, оны қисық түрде жазып отырады. Жазу сиямен қағазға түсіріледі немесе фотоқағазға жарық сәулемен жазылады. ФКГ тыныштық күйде адамды жатқызып, тыныс шығару фазасында, демді шығармай кідіру кезінде тіркеледі. Микрофонды кеуде клеткасына аускультация кезінде жүрек қақпақшаларының естілетін жеріне және дыбыс анық естілетін қосымша нүктелерге қояды. ФКГ-нің анализін және қорытыңды диагаозын тек аускультацияны ескере отырып қояды. ФКГ-мен қатар ЭКГ-да жазылып отырады. Қалыпты ФКГ тербелістерден тұрады, жүректің I және II дыбысын бейнелейтін систолалық және диастолалық шуылға сәйкес келетін арасында түзу сызық орналасады. Диастола кезінде бірнеше толқындар пайда болады, ол III жөне IV жүрек дыбыстарын бейнелейді. I дыбыс жиілігі 70—150 Гц, Q синхронды жазылған ЭКГ-дағы сермеден кейін пайда болатын бірнеше тербелістерден тұрады. I дыбыстың басталу тербелістері - төменгі амплитудалы, жүрекшенің систоласымен байланысты, негізгі орталық бөлігі жоғары амплитудалы 2—3 тербелістерін көрсетеді. Олар S- тісшелеріне сәйкес келіп атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуынан пайда болады. I дыбыстың негізгі бөлігінің ізімен миокард вибрациясы мен қан тамырлар компонентімен берілетін неғұрлым төмен амплитудалы қосымша тербелістер тіркеледі. ФКГ-да тербелістер амплитудасы тек жүрек жұмысына байланысты емес, сонымен қатар дыбысты өткізу жағдайына да байланысты (мысалға семіздікте, эмфиземада дыбыс амплитудасы кішірейеді). Бірінші дыбыстың амплитудасы жүректің ұшында ең биіктікте болады, ол 1,5-2 есе екінші дыбыстан биік; жүректің түбінде бірінші дыбыс аса биік емес. Жүрек ұшында I дыбысты сипаттағанда, мынаған назар аударады: оның орталық бөлігі ЭКГ-да синхронды жазылған Q-сермелерден қаншалықты қалып, қояды. Қалыпты жағдайда бұл аралығы (Q-Iдыбыс) 0,04-0,06 сек.-тан аспайды. Ол қарыншалардың қозуының басталуы жәнс қос жармалы қақпақшаның жабылу уақытына сәйкес келеді. Сол жақ жүрекшеде қысым жоғарылағанда (қос жармалы қақпақшаның тесігінің тарылуы) қос жармалы қақпақша кеш жабылады, сондықтан Q-1 дыбыс аралғы ұзарады.
Екінші дыбыс синхронды ЭКГ-ның Т-сермесінің аяқталуында пайда болатын тербеліске сәйкес келеді. Оның тербелісінің жиілігі 70— 150 Гц. Бұл дыбыс екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі жоғарылау, қолқа қақпақшасының жабылуынан пайда болатын тербеліс, ал келесі бөлігі төмен амплитудалы, өкпе бағанасының қақпақшасының жабылуынан пайда болады. II дыбыстың амплитудасы жүректің түбінде I дыбысқа қарағанда биіктеу келеді.
ФКГ-да I және II дыбыстан басқа 2-3 төменгі жиілікті, төмен амплитудалы III дыбыс тіркеледі, ол II дыбыстан 0,12-0,18 сек. кейін. синхронды ЭКГ-да Р-сермесінің алдында орналасады. Өте сирек IV дыбыс Р-сермесінен кейін, 1-2 төмен жиілікті, аз амплитудалы тербелістер түріңде тіркеледі.
Жүрек-қан тамырлар жүйесінде, көбінесе жүрек ақауларында осы ауруларды диагностикалау үшін ФКГ-нің маңызы зор. Ол аускультация арқылы алынған мәліметтерді толықтыруға және дәл анықтауға көмектеседі. Көбінесе тахикардияда, аритмияда жүрек циклының қай фазасында пайда болатындығын анықтауға болады.
ФКГ жүрек дыбыстарының өзгеруін де тіркейді, олардың қосарланып шығуын, жарықшақтануын дәл береді, қосымша дыбыстарды, физиологиялық lll және IV дыбыстарды қос жармалы қақпақшаның ашылуы және шоқырақ ырғағында тындау кезінде естілген, өзгерген дыбыстарды көрсетеді. Мысалға, I дыбыс амплитудасы сол жақ көк тамырдың тарылуында жүрек ұшында жоғарылайды, ал қос жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде ол төмеңдейді. Қан қысымының көтерілуі кезінде II дыбыс амплитудасы қолқа үстінде өкпе бағанасына қарағанда, жоғары болып тіркеледі.
Қос жармалы қақпақшасының тесігінің тарылуының диагностикасында Q S - әріптермен жиі белгіленетін қос жармалы қақпақшаның ашылу дыбысының маңызы зор. III дыбыстан айырмашылығы, ол II дыбыстан кейін 0,04—0,12 сек. өткен соң жоғары жиілікті каналдарда тіркеледі. II дыбыс -QS аралығы, Q-l дыбыс аралығы сияқты сол жүрекшедегі қан қысымының жоғарылауына байланысты болады. Қан қысымы қаншалықты жоғарыласа, соншалықты диастола фазасында қос жармалы қақпақша ертерек ашылады, осыған сәйкес II дыбыс - QS аралығы қsсқарады.
ФКГ жүрек шуларының сипаттамасын ажырата білуге де көп көмегін тигізеді. ФКГ арқылы шулардын пайда болу уақытын, айқын шығатын орнын, ұзақтылығын, жиілігін, оның қасиетін айқындайды. Олар шуылдарды жоғары және төменгі жиілікті каналдарда, шуылдың басымды қарқындылығы кезінде тіркеледі. Систолалық шуыл тербелісінің жиілігі 50-600 Гц, диастолалық 120-800 Гц. ФКГ-да шуыл систолалық және диастолалық үзіліс уақытында пайда болатын әр түрлі амплитудалы тербелу топтарымен көрсетіледі. Систолалық шуыл систола фазасын түгел немесе бір бөлігін алып, I жөне II дыбыстың ортасында немесе бірге тіркелуі мүмкін. Систолалық шуылдың осцилляциясының пішіні — ұршық, ромб және лента тәріздес болады. Осындай түрлері жүрек ақауларын анықтауда үлкен көмегін тигізеді. Мысалы, систолалық шуылдың ромб немесе ұршық тәрізді түрі II дыбыспен қосылмаса, бұл қолқа сағасының тарылуы болғаны.
Диастолалық шуылды сипаттау үшін, алдымен ол диастоланың қай кезінде пайда болды, яғни ол протодиастолалық, мезодиастолалық және пресистолалық бола ма - соны белгілейді, Содан кейін барып шуылдың қарқындылығын, өзгеруін (әлсірегенін және күшейетінін) және оның жиіліктік қасиетін анықтайды. Диастолалық шуыддың қолқа қызметінің жетіспеушілігінде жоғары жиілікті каналда жақсы тіркеліп, ал қос жармалы тесіктің тарылуында керісінше төменгі жиілікте болатыны белгілі. Шуылдардың әр түрлі жиіліктегі қасиеті, олардың жүрек циклының белгілі фазасында әр түрлі уақытта пайда болуы жүрек қақпақшаларындағы бірнеше ақауды да тіркеуге көмектеседі.
Электрокардиографиялық зерттеу әдісі. Тіркеу техникасы мен әдісі. Миокардтың ЭКГ-дағы практикалық анализі .Карыншалар мен жүрекшелер гипертрофиясының ЭКГ-белгілері. Жүректі рентгенологиялық және ультрадыбыспен тексеру әдістері туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |