Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет167/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Ауру тарихы. Сұрастырған кезде аурудың қашан және қалай басталғанын, қалай дамығанын білу керек.

Аурудың пайда болу себептерін (науқас адамның өз ойы бойынша) анықтағанның да маңызы зор. Сонымен қатар,қандай тексерулер өткізілгенін және олардың нәтижесі қандай болғанын да анықтау қажет. Қандай ем қолданғаны және оның тиімділігін білудің де диагностикалық маңызы көп.



Өмір тарихы. Өмір тарихын талдаған кезде қанның кейбір ауруларының (гемолитикалық анемия,гемофилия) тұқым қуалау жолымен дамитынын естен шығармау керек. Ол үшін науқас адамның тума-туысқандарының ішінде қан аздықпен не қансырағыштықпен ауыратындардың бар - жоғын анықтау керек. Қанның кейбір аурулары кәсіби сырқат ретінде дамиды,кейбірі организмнің түрлі улармен уланғанына байланысты,не радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болады. Сондықтан науқас адамның қорғасын, бензол, сынап, мышьяк, фосфор, хром т.б. қоспаларымен улану және радиоактивті заттармен зақымдану мүмкіншілігі барын мұқият сұрап,анықтау керек. Қанның көптеген аурулары организмнің басқа ағзаларының не жүйелерінің ауруларына байланысты да дамиды. Бүркемелі қан ағуы болатын ауруларда (асқазан-ішек жолының жаралары мен ісіктері,өкпе туберкулезі, эзофагит, бронхоэктазия ауруы т.б), қарынның кілегей қабығының зақымдануында, қарынды операция жолымен алып тастағанда қан аздық пайда болады. Қан аздықтың ауыр түрі бүйрек ауруларында да (бүйрек шамасыздығының салдарынан)болады. Бауырдың созылмалы аурулары геморрагиялық синдромның пайда болуына себеп болады. Гемолитикалық не апластикалық анемиялар және геморрагиялық синдром кейбір дәріні (сульфалниламидтер, амидопирин, левомицетин, цитостатиктер т.б)дәрігердің бақылауынсыз, көп мөлшерде қабылдағаннан да пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет