Студентке берілетін тапсырма: Иықтың сынығында мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 14
Шарты: Бір апта бұрын құрылысшы жұмыс кезінде өкшенің ашық жарақатын алған. Жарақат алған кезде жарасын өндеп, таңып қойған, одан кейін еш жерге көрінбеген.
Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуына 37,5°С, шайнау және мимикалық бұлшық еттерінің тырысуына.
Жергілікті: Өкше аймағында жара 2,0x 1,0 см. шеттері тегіс емес, өлі еттенген.
Студентке арналған тапсырма: Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 15
Орны: Саяжайда
Шарты: 48 жастағы ер адам оң алақанына ағаш жаңқасы кіріп кеткеніне, ауырсынуға шағымданады.Жедел жәрдем шақырылды.
Жергілікті статус: Оң алақанындакөлемі 0,4х0,2 см. тері жарақаты бар, пальпацияда жарақат астында бөгде зат сезіледі, айналасындағы тері өзгеріссіз.
Студентке арналған тапсырма:
Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 16
Орны: Спортзалда
Шарты:23 жастағы жігіт оң жақ тобығының ісіп кетуіне, ауыратынына шағымданады. Айтуынша 30-40 минут бұрын жарыс кезінде оң аяғын қайырып алған. Жедел жәрдем шақырылды.
Жергілікті статус: Оң аяғының тобық буыны ісінген, пальпацияда ауырсынады, буын қозғалысы шектелген.
Студентке берілетін тапсырма: Тобық буының созылуында мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 17
Оқиға орны: Жұмыс орны
Шарты: 25 жастағы ер адам құлау нәтижесінде оң иығының жарақатын алды, содан кейін ауырсыну, жарақат алған жерде қимылының шектелуі, салқын тер, басы айналу, басы ауыруы, құлағының шуылдауы, тахикардия, әлсіздік байқалды. Жедел жәрдем шақырылды.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын, сұрақтарға жауап береді. Салқын термен жабылған, әлсіз, бозарған. АД-90/50 мм.сын.бағ. PS-96 рет минутына.
Достарыңызбен бөлісу: |