ТҮЛКІ ДАУЫ
Ел көшіп келе жатса, көштің алдынан бір түлкі тұра қашады. Жаягбіткен жабьіла қуып, бәрі жете алмай қалып қояды. Астында жүйрік Керітөбел денені бар Қыпшақ Ізбасты бала түлкіге жетіп, еоғып альго, қанжығасйна байлап жатқанда, артынан көпшілік келеді.
Уа, бала, аң басы жуық! Соғып алған олжаң қайырлы болсын! Қанжығаңа неге байлап тұрсың? Бұрынғы ата-бабаның жолы бар, аты жеткен соғатын, жасы үлкен байланатын, ол жолды қайда тастайсьщ?—дейді.
Алғашқы тьфнақ алдым еді, олай десеңіздер, тө-решіге бармай түлкі бермеймін,— дейді Ізбасты. Сонда үлкендер тұрып:
— Көштің байсал тапқаны,
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны,
төрешіге барғаны,
Барсақ — барайық,—
дейді.
Самар ханға келіп үлкендер шағым еткен соң, хан Ізбастыны шақырып:
— Ойдан қашты бір түлкі,
тауға қарай дем алмай.
Жабыла қуды көп кісі,
Бәрі қалды ере алмай.
Сол түлкіні кім алар,
Жетіп соққан мен алмай.
Ағайыннан дұшпан жоқ,
Алдына салып айдап жүр,
Бір түлкіні көре алмай.
Ұялып ханым, жүрмеңіз,
Төресін түзу бере алмай!—
дейді. Сонда хан отырып:
—Аты озған алады,
Жасы үлкен байланады.
Осы бала бір күңдеріңе жарар,
Алдынан сөздерің де тарар,
Түлкі баланыкі,
Шуламай тарандар,—
депті.
Достарыңызбен бөлісу: |