ҚАЙҒЫСЫЗ ХАН СЕМІЗ
(І-нұсқа)
Сырым жаңа атқа міңген жастау кезінде Нұралы ханды көргелі ханның ордасына барады, «кімсің» деген ханға «Сырыммын» деп жауап береді. Сонда хан:
Сонда Сырым:
Иә, мен арықпын. Себебі, патша мен сен сияқты хандар қазақты қонысынан айырып, құмға кірді, жақсы судың бойын орыстарға әперді. Қазақтың қонысын қалай қайтарып аламын деп бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанып арып болдым. Бұрынғының айтқаны бар емес пе:
— «Өлеңді жерде өгіз семіз,
Өлімді жерде молда семіз,
Қаралысында қатын семіз,
Қайғысызында хан семіз» деп.
Сен қайғысыз жансың,
Мен жаралы аңмын,
Мен арық болмай кім арық болады?—
депті Сырым батыр.
Достарыңызбен бөлісу: |