ҚАЗЫНЫҢ ТӨРЕЛЕРГЕ ҚАЙТАРҒАН ЖАУАБЫ
Сырым батырдың баласы Қазы бір күні бір үйде отырған төрелердің үстіне кіріп келеді. Сонда төрде отырған төрелердің біреуі:
Шекесі жалтыр тазы би?—
дейді.
Сонда Қазы отырмастан:
Ат жақсысы боз болар,
Құс жақсысы қаз болар.
Жер жақсысы саз болар,
Ер жақсысы таз болар,
Тазға тауып тидім деп,
Кейбір тентек мәз болар.
Отқа күйген таңлақты.
Төрелер таз деп күлгенің
Аталарың Нұралыны
Атам Сырым шапканнан
Жүректеріңде жүрген наз болар,—-
деп жауап қайырады. Сөзден ұтылған төрелер сонда:
— Төрлет, Қазы, төрлет! - деп ығысып орталарынан орын берген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |