Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет8/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
жансая -креатив

Алтыншы қарасөз

Қазақтың: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалы төңірегінде философиялық мəнде ой өрбіткен.

[5,4б]

Ақын мақалдың екінші жартысындағы «тірлік» деген ұғымды терең талдайды. Ол жай ғана қорқып, үркіп сүрген өмірдің ісін тірлік деп санамайды: «...Ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла да



алмайсың». Міне, тура осындай жолдар арқылы ол креативті тұлғаның бойында табылу керек адалдық жөнінде сөз қозғайды. Адал еңбек, адал термен келген іс әрқашан да тәтті, әрі жұғымды келеді. Дұрыс жасалған іс арқылы креативті тұлға қоғамға қажетті,пайдасы мол жұмыстармен қоғамды көркейтеді. Әрі көкірегің ояу, көзің ашық болағанның арқасында келесі бір адамға көмектесіп, жігерлі ұрпақ боласың. Еріншектікті ұмытып, ер атанып, қылған ісіңмен өзіңді де, өзгені де жақсы жаққа апарасың. Яғни, креативті тұлға алдымен адал өмір сүруі керек.

Алтыншы сөздегі ойын Абай жетінші сөзінде де қайталап: «Көкіректе сəуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?» Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» — деп жетілдіре түседі. Бұл — надандықтан сақтандырып, көкірекке білім, ғылым нұрын түсіруге шақыру.Адамды адами қасиеттен ажырататын тап осы надандық. Тіпті, Н.Назарбаевтың өзі де білімді ұрпақ-болашаққа бағдар болатын, жетістігіміздің себепшісі боларын айтқан. Креативті жастар –білімге ұмытылады,ал еліміздің болашағы осындай жастардың қолында. Мәңгілік Ел құруда да креативті жастар, біз көмектесеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет