©
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2010
3
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі – жас
ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған рухани
жетілген азамат ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық намыс пен
ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, ӛзін қоршаған дүниедегі,
табиғат пен адам ӛміріндегі, тұрмыс пен салт-дәстүрдегі адамгершілік пен
парасаттылықты түсініп, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
Бұл мәселелер жӛнінде Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында, «мәдени-этностық білім беру» «Мәдени мұра»
тұжырымдамаларында айқын кӛрсетілген. Бiздiң қоғам ӛмiрiнде рухани-
адамгершiлiк бастамалардың ролi барған сайын артып, iзгiлiк, имандылық,
мейiрiмдiлiк сияқты рухани-адамгершiлiк құндылықтардың ықпал аясы
кеңейiп келедi.
Жаңа мыңжылдық табалдырығын аттай отырып, қазақ елі нарықтық
экономика жағдайында ғылыми-техникалық жаңалықтарды меңгеру мен
ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше кӛңіл бӛлуде. Осыған
орай жаңарған қоғамның жастарына ұлттық-патриоттық рухта тәрбие
берудің сапалық деңгейін кӛтеріп, рухани-адамгершілік түсініктері мен
ұғымдарын тәрбиелеуді білім беру мекемелері міндет етіп қойып отыр.
Қоғамды жаңғырту және демократияландыру үрдісінде, еліміздің
егемендікке ие болуы жағдайында, біздің қоғамымыздың тарихы, оның
кӛптеген әлеуметтік институттарының қызметі қайта ой елегінен ӛткізіліп
жатқан кезде халықтың рухани ӛмірінің ӛз кезінде ұмытылған немесе
тыйым салынған құбылыстары қайтып оралуда, ӛткеннің мәдени-тарихи
мұрасын
қайта
ӛркендету
қазіргі
заманның
аса
кӛкейкесті
проблемаларының біріне айналып отыр. Оның компоненттерінің бірі
ӛзінің аса бай прогресшіл дәстүрлері және ӛскелең ұрпақты тәрбиелеу
тәжірибесі бар этникалық педагогика болып табылады.
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың ӛзіне тән ерекшелігі бар
дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Қазақтың халық педагогикасы
(ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлері) педагогика ғылымының бір қайнар
кӛзі ретінде ғасырлар бойы дүниетанымдық және тәрбие құралы болып
қалыптасты да, ұлттық мәдени мұраға айналды. Ұлттық мәдениет пен
халықтың білімді дамытуда педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) ойлардың
жазбаша түрде нұсқа болып қалуы – ұлттық тәлім-тәрбие ісіндегі негізгі
бір алтын ӛзекті арқау болып саналады.
Этнопедагогика ғылымы әр халықтың оқу, білім, тәлім-тәрбие т.б.
мәдени болмысындағы ұлттық ерекшеліктерді кӛрсетеді. Әрбір ұлттың
мәдениеті тек ана тілінде, тӛл әдебиеті мен ұлттық білім негізінде
дамитыны белгілі. Мемлекеттік мәртебеге ие болған ұлт тілімізде
этнопедагогика ғылымын пән ретінде сол мемлекеттік тілде жүргізудің,
сананы (халықтың санасын) ұлттандырудың мәні зор.
Халықтың
әлеуметтік-мәдени
және
рухани
құндылықтары,
дәстүрлері адамның азамат болып қалыптасуында, оның адамгершілік
4
және еңбек қасиеттерін қалыптастыруда, тұтас алғанда жеке адамды
әлеуметтендіруде әрдайым маңызды роль атқарған. Сондықтан осы
феномендердің тарихи ролін объективті бағалау, түрлі тәрбие
институттарының қалыптастырушы ықпалын зерделеу бүгінгі таңда
соншалықты қажет. Ӛткеннің педагогикалық мәдениетін білу, оны ой
елегінен ӛткізу және ұқсату қазіргі жағдайларда балалар мен жастарды
тәрбиелеудің күрделі проблемаларын ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі.
Бала тәрбиесiне, жалпы адам тәрбиесiне терең мән берiп, оның сәттi
қағидалары мен ережелерiн жасағандардың бiрi – қазақ халқы. Қазақ халқы
рухани зор байлықтың мұрагерi. Оның тәрбие тәсiлдерi мен тәжiрибелерi
ӛте кӛп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерiнiң тәлiмдiк-
тәрбиелiк маңызын ұрпағымыздың санасына сiңiру – қазiргi қоғам
мiндеттерiнiң бiрi болып саналады. Этнопедагогиканы зерттемей және
пайдаланбай жеке адамды толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі
кезде қоғам алға қойып отырған тәрбие міндеттерін шешуде
этнопедагогика дәстүрлері мен тәжірибесін педагогика ғылымының
әдістемелік-теориялық қағидаларымен біріктіру кӛкейкесті мәселеге
айналып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім, Мәдениет және Денсаулық сақтау
министрлігі ұлттық мәдениетіміздің негізі болып табылатын қазақ
этнопедагогикасын пән ретінде жоғары мектептерде оқыту жӛнінде (1993
жыл, 1998 жыл.) мемлекеттік жарлықтар жариялады. Осы мақсатта
Егеменді ел мәдениетінің ұлттық белгісін айқындайтын этнопедагогика
пәні енгiзiлiп отыр. Егемен қазақ халқының ұлттық тәрбие құралы – қазақ
этнопедагогикасы пәні ғылым ретінде қалыптасып, пән ретінде
мектептерде жоғары оқу орындарында оқытыла бастады. Ғасырлар бойы
дамып, қалыптасқан, ауыз әдебиетінен, халықтың салт-дәстүрлерінен,
ұлттық педагогикалық ойлардан құрылған бұл халықтық (ұлттық)
ғылымның ғылыми-әдістемелік мәні ӛте зор екені белгілі.
Халқымыз тән мен жан тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы жас ұрпақты
елiн, жерiн сүйетiн, қорғай бiлетiн, үлкенді сыйлайтын, еңбексүйгіш, түрлі
ұлыс ӛкілдерін құрметтейтін және олармен шын пейілді қарым-қатынас
жасайтын, халқының келешегi үшiн бойындағы бар ақыл-қайратын аямай
жұмсайтын намысқор, табиғатқа аялап қарайтын рухтағы саналы адам
тәрбиелеудi мақсат еткен.
Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – қоғамды қайта құру
кезеңiнде болашақ мұғалiмдерге этнопедагогика қағидалары мен балаға
қойылатын талап-тiлектерiн ғылыми-педагогикалық тұрғыда жан-жақты
жетiк бiлдiру, ұлттық тәлiм-тәрбие тағлымдарын студент бойына сiңiру,
қазақ этнопедагогикасы жӛніндегі білімдерін ұлғайтып, тереңдете түсу
кӛзделген. Сондықтан бұл оқу құралында халықтық тәрбиенiң түрлерi мен
оны жүзеге асырудың әдiс-тәсiлдерi қарастырылады. Кӛне заманнан бергі
кӛрнекті ойшылдардың және халық тағылымын зерттеуші ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, тәлім-тәрбиенің ұлттық сипаты, қазақ
этнопедагогикасының туып, қалыптасу тарихы жайында баяндалады.
|