19
қыздың ӛнегелі тәрбиесі, баламен ата-ананың қарым-қатынасына
байланысты мәселелер жан-жақты сӛз болған.
Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш – түркі
тілдерінің сӛздігі, халықтың сӛз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті
Махмұт Қашғаридың «Диуани лұға-ат-түрік» атты еңбегі болды. Бұл
сӛздікте этнопедагогикалық және моральдық-психологиялық мазмұндағы
қызықты топшылаулар аз емес.
Осы ӛңірден шыққан екінші бір ойшыл – Ахмет Жүйнекидің (XII ғ.)
«Хибатул хикайқ» («Ақиқат сыйы») атты шығармасында ілім-білімді игеру
ісінің халық үшін пайдасы, оның кӛзқарасының бұқарашылық сипаты,
гуманистік ой-пікірлері айқын сипатталады. Ол сол замандағы адамдардың
бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық қасиеттерін атап қана
қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін де ұсынды.
Мысалы, «Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа», «Бастық
болсаң, жайсаң бол», «Кәріге де, жасқа да құрмет кӛрсет», «Айтар лебізінді
алдымен ойланып ал» т.б. ұлағатты ӛсиетнамаларын айтады.
Қазақстан мен Орта Азия жеріне XIII ғасырдың басында Шыңғыс
ханның жаулап алушылары басып кірді. Кӛп ұзамай, бұл аймақ
моңғолдардың ұлан-асыр империясының құрамына енді. Орыс
жылнамаларында мұны Алтын Орда дәуірі деп атайды. Шыңғыс хан
шапқыншылығына ұшыраған қазақ даласы алаулаған ӛрт құшағында
қалды. Кӛне мәдениет кӛздері – Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалаларын
жалын жалмады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның мәдени жағынан
дамуын бірнеше ғасырға кешеуілдетті, оның дербес мемлекет болып,
егемендік алу ӛрісін барынша шектеді. Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы
Ресей қол астына қарағанға дейін (1731 ж.) қазақ жері кескілескен
шайқастардың, қанды майданның үлкен арнасына айналды. Жат жерлік
басқыншылар ондаған қалалар мен елді мекендерді жермен-жексен етті.
Осы ӛлкеде тұратын халықтардың экономикасы да, рухани ӛмірі де қатты
күйзеліске ұшырады. Әл-Фараби дүниеге келген Отырар қаласы, ондағы
атақты кітапхана, медресе, керуен сарайлары т.б. мәдениет ошақтары
жойылып кетті.
Атақты астроном Ұлықбектің әлемде теңдесі жоқ обсерваториясы –
ортағасырлық үлкен ғылыми жетістік болып саналды.
Алтын Орда мемлекетінің кезеңдерінде пайда болған «Бабырнама»
(«Бабыр дастаны»), ал Хорезмидің «Мухаббатнама», Саиф Сарайдың
«Қырық бір батыр жыры», «Гүлстан бит турки», Құтыптың «Хұсрау
Шырын» сияқты туындылары сӛзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік
ықпалын тигізді. Бұл кезеңдердегі тәлім-тәрбие кӛріністері негізінен
әскери-жауынгерлік бағытта ӛрбіді. Ел қорғау мәселелері ұлы ойшылдар
мен ақындар шығармаларының ӛзегі болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең
алдымен қайратты, епті және намысқой, ӛнерлі болып ӛсулерін талап етіп
отырған.
Достарыңызбен бөлісу: