70
а)
тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен
салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.
Оқу белгілі
уақытта сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал
тәрбие
жұмысы уақытты сынып жетекшісі оқушылардың бос уақытын есепке
алып, ӛзі белгілейді.
б)
тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпы жасалған, ал
оқу
процесінде әр пәннің жеке-жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие
жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді.
в)
тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап,
сынып
жетекшісі тақырыптарды ӛзі таңдап, тәрбие материалдарын ӛзі сұрыптап
алып, инсценировка, жоспар жасайды.
Бұл біріншіден, сынып
жетекшісінің кӛп уақытын алса, екіншіден, күрделі, жан-жақты кӛп еңбекті
талап етеді.
Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар сынып жетекшісінен сан-
салалы білім мен іскерлікті,
шеберлік, дағдыны, педагогикалық іскерлікті
тәжірибені қажет етеді. Осы орайда сынып жетекшісі тәрбиені кешенді
жүргізуге
тырысады, ал тәрбиені кешенді жүргізу тәрбиеге бір жақты
келуден, жүйесіздіктен құтқарады.
Достарыңызбен бөлісу: