|
Оқыту әдістері мен жоспарланған оқу іс-әрекеті, оқытуды басқару
|
бет | 2/9 | Дата | 20.11.2023 | өлшемі | 194,5 Kb. | | #192398 |
| Байланысты: Силлабус Пед.зерттеу 20234. Оқыту әдістері мен жоспарланған оқу іс-әрекеті, оқытуды басқару:
Дәрістер:
шолу лекция,
лекция-диалог,
лекция-пікірталас
Семинар сабақтары:
теориялық семинар,
проблемалық семинар,
семинар-конференция,
диспут,
дөңгелек үстел, т.б.
Оқытудағы жетекшілік:
оқытушы-қатысушы,
фасилитатор,
жетекші,
кеңесші және т.б.
Ынтымақтастық және белсенді оқыту әдістерін қолдану:
топтық оқыту әдістері,
тірек,
геймификация,
фасилитация және т.б.
1. Тақырыптар мен тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыстар:
«Үшінші мыңжылдық мектебіндегі мұғалімнің зерттеуші бейнесі» - эссе жазу.
«Қазіргі педагогиканың пәндік салаларын жүйелеу» - кесте құрастырыңыз.
Біртұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөліктерін ескере отырып, сыныптан
тыс жұмыстардың 3-4 сценарийіне (интернет-ресурс) талдау жүргізіп, өз жобаңызды жасау.
«Lesson Study» жүзеге асыру технологиясының ерекшеліктерін ашу.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың әдістері мен тәсілдерін оқып,
мазмұнды сипаттама беру.
2. Презентациялар мен нақты мәселелерді талқылау арқылы дәрістер:
«Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби дамуындағы педагогикалық зерттеулердің рөлі мен маңызы»,
«Педагогиканың адам тәрбиесі туралы ғылым ретіндегі зерттеулері»,
«Педагогикалық зерттеу негіздері»,
«Әдістемелік зерттеулердің негіздері»,
3. Топтық жұмыс – тақырыптар бойынша жаттығу:
«Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және
тәрбиесін зерттеу»,
«Оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде білім беру мазмұнын зерттеу»,
«Оқушылардың жобалық-зерттеу әрекеті: негізгі тәсілдер мен формалар
ұйымдастыру» т.б.
4. Проблемалық оқытуды пайдалана отырып, кері байланысты қамтамасыз ету:
Педагогикалық процесті интеграциялық және дамушы жүйе ретінде зерттеу
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологияларын зерттеу
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін белсендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|