Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



бет4/4
Дата27.10.2023
өлшемі53,8 Kb.
#188502
1   2   3   4
Байланысты:
этно баяндама

ІІІ Қорытынды
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: ―Бiлiм‖ 2004 ж.
2. Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы, 1995 ж.
3. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. ―Этнопедагогика‖ - Астана.
4. Қазақстан тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
5. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-бөлім, 5-6 тараулар.
6. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
7. Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет