Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет32/39
Дата05.01.2023
өлшемі3,56 Mb.
#165019
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Компьютерлік желі-умкд

router ospf {ID-процестік}
network {IP-адресі} {терістелген маска} area {ID-аймақтық},
мұнда: ID-процестік  – ID-процестің, 1-ден 65535-ке дейінгі диапазонындағы бүтін сан; ID-аймақтық – аймақтық ID, 0-ден 4294967295-ке дейінгі диапазонындағы бүтін сан.
Мысалы:
Router#configure terminal
Enter configuration commands, one per line. End with CTRL/Z.
Router(config)#router ospf 1
Router(config-router)#network 172.16.10.0 0.0.0.255 area 20
Router(config-router)#network 10.1.2.0 0.0.0.255 area 20
OSPF жұмысын және конфигурациясының дұрыстығын тексеру келесі командалармен жүзеге асырылады:
- show ip ospf – OSPF жұмысы туралы жалпы ақпаратты береді: SPF алгоритмінің орындалу саны және сәлемдесу дестелері қаншалықты жиі беретінін анықтайтын жаңаландыру таймерінің мәні.
- show ip ospf interface аймақтар мен интерфейстердің сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ таймер мәнін шығарады және сәлемдесудің дестесін тарату интервалын шығарады.
- show ip ospf border-routers автономды жүйенің және аймақтың шектік маршрутизаторына қатысты маршрутизация кестелеріндегі жазбаны қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, команда берілген маршрутизатордың аймақтың ішінде орналасқанын немесе әртүрлі аймақтарды қосатыны жайлы ақпаратты шығарады.
7.3 Жұмысты орындау тәртібі
Ескерту. Алдыңғы зертханалық жұмысты орындау нәтижесінде сізде тікелей байланыстағы көрші маршрутизаторлармен физикалық байланыс бар, бірақ желідегі басқа маршрутизаторлармен байланыс әлі орнатылмаған. Мұны ping командасының орындалу нәтижесінен көруге болады. Барлық желі жұмыс істеуі үшін маршрутизацияның хаттамаларын баптау керек.
7.3.1 RIP хаттамасын баптау
1 Маршрутизатордың конфигурациялау режиміне кіру.
2 RIP хаттамасын сәйкесінше маршрутизаторларда тапсырмаға сәйкес көтеру (тапсырма оқытушымен анықталады).
3 Іp route командасын қолдана отырып, шартты түрде таңдалған тұйық желі үшін статикалық маршрутизацияны құру.
4 Үнсіздік бойынша маршрутизациялау. Әрбір маршрутизаторда міндетті түрде үнсіздік бойынша маршрут туралы мәлімет болуы керек, бұл маршрут мына команда көмегімен ip route 0.0.0.0 0.0.0.0 {ip-адресс} көрсетіледі. ip-адресс – бұл шартты түрде таңдалған Интернетке шығу үшін қолданылатын маршрутизатор (1-суретте тағайындалған) портының ip-адресі.
5 RAM-нан NVRAM-ға конфигурацияны сақтаңыз.
6 Маршрутизаторлар арасындағы желі жұмысын тестілеу және зерттеу. Мысалы, ping командасын қолдана отырып.
7 Маршрутизация элементінің бапталуынан кейін сізде кез-келген маршрутизатордан желідегі кез келген маршрутизаторға ping өтуі тиіс.
8 Рassive және neighbor командаларын тағайындалуы бойынша қолданыңыз (әдістемелік нұсқауға жүгініңіз).
9 RIP хаттамасының жұмыс ерекшеліктерін 1-ші кестеде келтірілген командалар көмегімен анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет