Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қозғалыстың негізгі түрлері мыналар



бет42/82
Дата05.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#156697
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым ж не жо ары білім министрлігі

Қозғалыстың негізгі түрлері мыналар:
Механикалық қозғалыс кез келген нәрсенің, жанды организмдердің өзге бір объектімен салыстырғанда орын ауыстыруымен сипатталады.
Химиялық қозғалыс заттардың әсерлесуі нәтижесінде түрін немесе формасын өзгертуінен көрініс береді. Мысалы екі элемент реакцияласу нәтижесінде бір элементке айналуы мүмкін немесе керісінше.
Биологиялық қозғалыс өсімдіктер мен жануарлардың тұқымдану, өсіп, ересек особқа айналуы, қартаюы үдерістерінен тұрады.
Әлеуметтік қозғалыс – қозғалыс атаулының шыңы, мәндісі. Әлеуметтік қозғалыстың мысалдарына жекелеген адамдардың, адамдар тобының, түрлі саяси-әлеуметтік ұйымдардың әрекеттері жатады. Ол әрекеттер жиналыс, митинг, шеру, забастовка, пикет, бүлік, көтеріліс, төңкеріс, революция формаларында көрініс беруі мүмкін. Адамзат өз тарихында әлеуметтік қозғалыстардың толып жатқан түрлері мен формаларын бастан кешірді.
Материя кеңістікте таралады. Кеңістіктің шегі туралы бірмәнді байлам жоқ. Қазіргі ғылымға галактикалардың өте көп екені, олармен арадағы қашықтықтың миллиондаған жарық жылдарымен өлшенетіні ғана белгілі.
Материя уақыт шеңберінде өмір сүреді. Заманауи ғылым кәдуелгі алманың үлкендігіндей ғана абсолютты тығыз материяның алғашқы жарылысы бұдан 11-12 миллиард жыл бүрын болған деп жорамалдайды. Содан бері материя кеңейіп, жайылып келе жатыр. Тығыздық мейілінше азайып, таралу шегіне жаткенде материяның қайтадан жиналу, сығылу үдерісі басталады. Бұл үдеріс тағы да аталғандай уақытқа созылады. Содан кейін, осы цикль тағы қайталанады.
Әлеуметтік болмыс. Философиялық антропологияда адам – өзінің жаратылысынан қоғамдық мәнділік. Сондықтан оның өмірінің мәні тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін деп санайды.
Болмыс ұғымын қоғамға және онда жүріп жатқан үдерістерге қатысты қолданғанда оның мазмұны ашыла түседі. Қоғамдық болмыс ұғымы адамдардың өзара қауышуы мен қызметінің тарихи формаларының олардың санасына қатысты объективтілігін білдіреді. Қоғамдық болмысты адамдардың материалдық игілік өндірісіндегі табиғатқа материалдық қатынасы және өндіріс үдерісінде адамдар жасайтын қатынастар деп түсінуге де болады.
Адам тек қоғамда ғана – адам. Қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемінде өмір сүреді. Қызметтің әлеуметтік-тарихи қалыптасқан формаларын игеру жеке адамның қалыптасуының басты шарты және тетігі болып табылады. Адам сәби кезінен бастап ересектермен араласады, олардан үйренеді және оларға ұқсауға тырысады. Соның арқасында дамып келе жатқан адам еңбек құралдарын пайдалады, ақылмен әрекет етеді, түрлі рәміздерді аңғарады, өздердің, ұғымдардың мағынасын түсінеді – әлеуметтік қалыптардың жиынтығын меңгереді. Адами сипаттарды игере отырып, сәби мәдениетпен қауышады.
Жеке адам мен қоғамның бірлігі адамның әлемдегі болмысы мен оның өмірінің мәніне үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Оның үстіне адамзат өз тарихына мән беруге тиіс. Мәселе адамзатқа жоғарыдан берілген тапсырманы (құдай ма, табиғат па – бұл маңызды емес) орындауда емес, оның адамзаттың өз міндеттерін анықтап, олардың іске асырылу мүмкіндігін қарастырып, оларды орындау үшін бірігуінде.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Болмыс және оның негізгі түрлері.
2.Болмыс категориясы, оның мән-мағынасы, ерекшелік сипаты.
3.Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы.
4.Дуализм және монизм. Субстанция түсінігінің методологиялық маңызы.
5.Материя категориясы, оның тарихи жетілуі.
Әдебиеттер:
1.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015.
2. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы А., 2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-tangdauly-25-kitaby
3.Мырзалы С. Философия. - Алматы: Бастау, 2014. - 448 с.
4.Мак Г.Д. Классикалық араб философиясы: антология: Нұр-Сұлтан. 2020.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет