Ќазаќстан Республикасы Ѓылым жєне Білім министрлігі


Сөйлеу және сөйлеу емес әдістерін ойластырғанда



бет8/9
Дата04.06.2020
өлшемі97,5 Kb.
#72339
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-353

Сөйлеу және сөйлеу емес әдістерін ойластырғанда

жаттықтырушы келесі принциптерді есте ұстауға міндетті.


  1. Экономдық принципі (тек өте керек дегенді қысқа да нұсқ қолдану керек);

  2. Артықтық принципі (бір шу, әртүрлі кедергілер кезінде бәрін нақты, толық түсіндірі айту керек. Бұл принцип бірдей хабарламалардың вариативтілігінде және де қосымша хабарламаларды қайталағанда жүзеге асады).

Бағдарланған қарым-қатынас жекеаралық қатынастың мінездемесінде ең бір маңызды параметрлердің бірі болып есептеледі.

Бағдарланған қарым-қатынас келесі жүйе бойынша классификациялауға болады:



  1. Әлеуметтік-бағдарлаушы қарым-қатынас (әріптестерге, топқа бүкіл назар аудару);

  2. Жеке-бағдарлаушы қарым-қатынас (әріптестерге, топ мүшесіне әрбіріне жеке назар аудару);

  3. Бағдарлаушы сөзді астарлап айту (нақты әріптеске немесе бір топ спортшыларға айтылған сөз шын мәнінде басқа бір спортшыға немесе әріптеске арналған ескерту). Мысалы, бүкіл топқа немесе бір спортшыға (топ мүшесіне) әсер ету үшін жаттықтырушы топ басшысына ескертпе жасауы мүмкін.

Жаттықтырушы топ ішіндегі қарым-қатынас спортшылардың бір қызметте болғандықтан, оларды ұйымдастыру үшін, жекеаралық ұтыстардың бір-біріне түсінушіліктерін шешу үшін қарым-қатынас түсінігінің мазмұнын ескерген жөн.

Спорттық қызметте арнайы жасалған қарым-қатынас анализінің схемалары бар. Олар:



  1. Спортшылардың бір мәселені шешкенде келесі анализ жазбасы бар толық жазба.

  2. Әріптестер арнайы мазмұны бар үндеуді келесі ақпараттарымен талқыға салып қаншалықта бір-бірімен ауысатыны туралы арнайы формадағы ақпарат жазбасы.

Қазіргі таңда спорт дамуында қарым-қатынас арнайы жазба формасындағы ең дамығаны болып спортшылардың спорт қызметін орындауындағы қарым-қатынас профилдерінің зерттеуі болып есептеледі.

Спортшылардың қарым-қатынасын құрылған қарым-қатынас профилі категорияларға бөледі: бағдарлаушы, ынталандырушы, бағалаушы-экспрессивтік (жағымды, оң) және бағалаушы-экспрессивтік (жағымсыз, теріс).

Бағдарлаушы категорияға спортшылардың өз әріптестерімен қимылдарын және өз қимылдарын келісу, өзгерту, нақтылау тән.

Ынталандырушы категорияға спортшылардың өз әріптестерін болып жатқанға көңіл аударуға, жағдайды бақылауға ояту секілді үндеу тән.

Мысалыға, воллейболда, доп ойында емес кезінде ойын жағдайында үзілістер болады. Осының арқасында ішкі ынталандыру секілді хабарламалар қолданылады.

Бағалаушы-экспрессивтік категория спортшылардың өз және әріптестерінің қимылдарына қарау секілді мінездеме тән. Негізінде ойын біткен кезде бағалаушы қатынас пайда болады. (жеңіс немесе жеңіліс т.б.)



Спорт қарым-қатынасын зерттейтін бас мамандар, спорттағы әртүрлі қарым-қатынас профилдерінің әр түрінің өз ерекшеліктері бар деген, қорытынды жасады. Бұл негізді мұғалімдердің мектепте оқу барысында қолданылатын әртүрлі спорт ойындарының (кестені қараңыз) қарым-қатынас профилдерін көрсеткен дұрыс (баскетбол, воллейбол және гандбол).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет