Анықталмаған интеграл. Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл және оның қасиеттері.
Анықталмаған интегралдың негізгі формулаларының кестесі. Анықталмаған
интегралда айнымалыны алмастыру және бөліктеп интегралдау әдістері.
Рационал бөлшектерді жай бөлшектерге жіктеу. Рационал функцияларды
интегралдау. Тригонометриялық функцияларды интегралдау.
Анықталған интеграл Анықталған интегралды интегралдық қосындылар тізбегінің шегі ретінде
анықтау. Анықталған интегралдың қасиеттері. Анықталмаған интеграл мен
анықталған интегралдың арасындағы байланыс. Ньютон-Лейбниц формуласы.
Анықталған интегралды айнымалыны алмастыру және бөліктеп интегралдау
әдістері арқылы есептеу. Анықталған интегралды жуықтап есептеу әдістері:
тіктөртбұрыштар формулалары, трапециялар және Симпсон әдісі. Анықталған
интегралдың қолданулары: жазық фигуралардың аудандарын есептеу,
қисықтың доғасының ұзындығын есептеу, дененің көлемі мен айналу
беттерінің аудандарын есептеу.